Грек Үкіметі медаль салығынан қашып, Олимпиадада орын алмаған спортшыларына өкпелі


Грекияда кезекті жанжал. Бұл жолы спорт жанжалы. Грек Үкіметі Лондон Олимпиадасында медаль алмаған спортшыларына өкпелі. Лондоннан грек спортшылары тек 2 қола медальмен оралған еді. Олар дзюдодан Илиас Илиадис және ескекші қыздар жұбы. Бүгін Премьер-министр қабылдауында болған спортшыларға мақтау қағаздары берілді және Олимпиадада тапқан табыстарынан салық алынды.

Естеріңізге сала кетейік, әлемнің біраз елдері спортшыларына сыйақылар тағайындап, мұны күллі әлемге жар салып жариялаған кезде Грекия керісінше Олимпиадада жүлдегер атанған спортшылардан Халықаралық Олимпиада Комитеті және Федерациялардан алатын сыйақы табыстарынан 75 пайыз салық алатындарын жариялаған еді.
Әрі қарай

Олимпиада әдемі басталып, әдемі аяқталды


Алтынмен басталған Олимпиада соңғы күнде де алтынмен аяқталды. Алтынды да, күмісті де, қоланы да алды қазақ жігіттері соңғы күнде.

Барша қазақ халқын осы керемет жеңістермен құттықтаймыз.
Әрі қарай

Қола да Гүзель!



Еркін күрестен 72 кг салмақта Гузель Манюрова жүлдегер атанды. Қола медаль үшін сайыста қытай қызы Джиао Вангты 3-1 есебімен жеңген Гузель Қазақстан қоржынына 3-ші қола медальды салды.
Әрі қарай

Қола алған қолаңшаш

"Қолаң деген шаш кемінде тізеден төмен түсіп, тобыққа оратылып тұру керек" демеңіздер. Мен Лондон олимпиадасында 75кг салмақ дәрежесінде әйелдер арасындағы бокстан сынға түскен Марина Вольнова жайлы айтып отырмын. Осының алдындағы кездесуінде алтыннан дәмелі ұлыбританиялық Саванна Маршалды сабалап жүріп жеңген соң жерлесімізден біз де алтын күттік. Дегенмен, Марина (Бақ кз-тіктер жазғандай Наталья емес) қоржынымызға екінші қоланы салды. Ал, құтты болсын! «Еркексің Терешкова!» деген сөзді осындайда айтса керекті.


Сурет www.bnews.kz сайтынан алынды.
Әрі қарай

Қоржын қоламен толысты


Грек-рим күресінен 84 кг-ға дейінгі салмақта отандасымыз Даниал Гаджиев олимпиаданың қола медалін тағынып, қоржынымыздағы алты алтынның қатары қола медальмен толықты. Еліміз өз алдына, Даниал үшін бір қуансам, Марат Тұрлыханов үшін тағы қуандым. Керемет ұнайды өзіме…

Алты алтынның алтауында да жар салып, сүйіншілеткен Керегім бүгін үнсіз, Асауға не тұсау болды екен деп отырмын күтіп… Сосын "Қой, бұл отырыс жарамас!",- деп, сүйіншіні өзім сұрамаққа бел будым. Алтынға дәнігіп алғанымыз соншалық, анау-мынауды місе тұтпайтын болғанбыз ба, қалай өзі?! Әрине, әзілім ғой…

Ал құтты болсын! Жеңіс жалғасын тапсын!
Әрі қарай

Олимпиада жүлдегерлері қанша сыйақы алады?

Әр ел өз жеңімпаздарына түрлі сыйақы тағайындапты. Ең көбі Грузияда, Олимпиада чемпионы атанған грузин спортшылары доллар миллионері атағына да ие болады. Бір алтын медалист миллионерлері бар әзірше. Әзірбайжандықтар чемпиондарына 510 мың доллар береміз деп отыр. Біздің ел 250, 150, 100 мың доллардан сыйақы береді. Қытай тек алтын медальға ғана сыйақы береді, ал Ұлыбритания ешқандай сыйақы тағайындамаған. АҚШ бірнеше жылдан бері тек 25 мың доллар береді Олимпиада чемпионына.



Кесте sports.ru блогтарынан алынды.
Әрі қарай