Астанада «Күлтегін» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті

Авторлар анимация арқылы жас көрерменнің Қазақстанның тарихына қызығушылығын арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Астанада арнайы түзету мектептерінің оқушылары мен аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленетін балалардың қатысуымен «Күлтегін» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімі өткізілді.


Акцияны «Аяла» қайырымдылық қорының көмегімен «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырды. Көрсетілім басталғанға дейін туынды авторлары балаларға естелік сыйлықтар мен дәмді тағамдарды таратты.


«Біздің суретте ерлік пен батылдық, ата-бабаларымыздың ауызбіршілігі көрініс тапқан. Күлтегін – бүтін бір дәуірдің тарихи тұлғасы. Біздің басты мақсатымыз – сол уақыттың мәдениетін көрсету, анимация арқылы жас көрерменнің тарихымызға деген қызығушылығын арттыру», – дейді анимациялық режиссер Адай Әбілдинов.


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы дайындаған тарихи анимациялық мультфильмде көптеген көшпелі этникалық топтарды бір тудың астында біріктіріп, ұлы көшпелі империяның дәстүрлерін жалғастырған түркі қағанатының әйгілі қолбасшысы Күлтегіннің балалық шағы суреттеледі.


Анимациялық фильм 22 қарашада отандық прокатқа шыққан болатын. Қазақ тіліндегі фильмнің ұзақтығы – 60 минут.

Кіржиген көзқарастың жадырауы: Жайдарман, финал

Бар жанарды жаулаған жайдарман ашық!
Жоғары лигада соңғы рет осылай дегелі 1 ай өтіпті. Жайдарманның ақтық сайысы өткелі дегенім, әлбетте. Конгресс-холлдың балконы да лық толған сол күні кей жанкүйерлердің отырысынан тұрысы көп болған шығар.
Естелік ескіре бастағандай, еміс-еміс есімдегін жуырда болған эфир қайта жаңғыртты. Енді? Шоламыз ба, қайтеміз?
Ок. Сонымен, бұл күні ойнаған ұжымдар мынадай атаулармен топтасқан жастар еді:
1. Аягөз құрамасы, Аягөз қаласы, Шығыс Қазақстан облысы;
2. Сырдария құрамасы, Жетісай қаласы, Мақтарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы;
3. Сағыз құрамасы, Сағыз ауылы, Қызылқоға ауданы, Атырау облысы;
4. Жаснар, Алматы қаласы;
5. Күлтегін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бірінші жартылай финал

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бірінші жартылай финал
Жоғары лига. Үлкен үзіліс. Соңғы 1/4 финалдық ойыннан кейінгі мерзімді айтам. Оның аралығында маусымға тиесілі жазғы фестиваль болғаны аян. Ол жерде жартылай финалға берілетін қосымша жолдаманы екі команда әділ түрде ұтып алған болатын: Павлодар жастар құрамасы және Сырдария құрамасы, ОҚО.
Залдан қарағаннан кейін эфирден де қараудың реті туды.
Тарих маусымы жалғасуда. Жюриде бірнеше өзгеріс. Төрт сайыс, бес команда, бес қазы.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бірінші 1/4 ойын

Сәлем, Астана! Және "Қазақстан" арнасының көрермендері!
Осылай, командалар сияқты бастайын ба?

Біраз болыпты.
Ленин бабам туған күні Жайдарманның жайдары сайыстары жалғасқан кез еді.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екiншi 1/8 финалдық ойын

Эфир уақыты өтті, бәрің қарадыңдар ма?
Екінші ойын, қысқасы. Тарих маусымында — тарихта қалуды мақсат тұтқан командалардың (бәрі емес сияқты, былай) кезекті бестігі ойнады. Жюриде бірлі-жарым өзгеріс бар. Негізі, бұл — дұрыс үрдіс. Тың көзқарас, жалпы алғанда, барлық жерде керек.
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екiншi 1/8 финалдық ойын
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман. Маусымашар. 2 күн

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман. Маусымашар. 2 күн
Жайдарман тақырыбына арналған бүгінгі екінші жазба маусымашардың екінші күнін (тікелей байланысты қарасайшы, а) қамтиды. Қатардағы көрермен ретінде, өзімнің алған сезімдерімді ортаға салуды жалғастырамын.
Залдан әзіл есту телеэфирден қарағандағыдан өтімділеу болып келеді екен. Өзінің бір аурасы бар, монтажсыз – шынайы, ішкі атмосфера. Көрермен де ризашыл, ілтипаттылау екенін ескеру керек, залдың біраз бөлігін жайдарманшылар (һәм олардың жанкүйерлері, достары) алып отырды. Өз ләззатымен ышқына күлген еркектерге қосылып, еріксіз жымияды екенсің. Екінші жағынан, бұл күнге жинақталған командалардың ішінде тәжірибелілеулері көптеу болған шығар.

Бұл күнгі гала-концерттің кей әзілдері есіме түспеуі мүмкін, дей тұрғанмен, ел алдына шығу құрметіне/жауапкершілігіне ие болған командаларды атамай кеткен де (қайбір риза дейсің бірақ, мұндай себеппен аталғандарына) болмас. Негізі, бұл күні көп командалардың есте қаларлық бір ерекшеліктері болды, саналы түрде өздері соған ұмтылған да шығар.
Әрі қарай

Баян таудың басында...

Есағама, Есен братқа, Есен Елеукенге рақымет айтқым келеді:
— Тау басында бір батыр,
Жайбарақат жатқан ба?!
Түстік жерден қас жауы,
Көздеп тұрып атқанда ,- деген өлеңді мен тым бала кезімде оқығам. Бұл Абылай бастаған қазақ жасағының жас жауынгері Жасыбай батырдың өліміне қарата айтылған жыр. "… Содан кейін батыр жерленген тау да Жасыбай тауы аталды, тау етегіндегі көл де Жасыбай көлі аталды" деген жолдар есімде-тін. Сол өлке табан тіреймін, бара қалам деген ой болмапты басымда. Ғайыптан хабар келді, Есағама хабарластым, «жүр» деді, мың болғыр. Сөйтіп, Баянауылды да көрдік.
Әрі қарай