ALESSIA MEMMOLA: «АСТАНАНЫҢ КЕЛБЕТІ МЕН ОЙЛАҒАННАН ДА ӘДЕМІ ЕКЕН»

Қазақстанда туристерді қызықтыра алатын орындар жетіп артылады. Тамаша табиғаттан бөлек қала өміріне қызығатындарды Астана мен мәдениет орталығы Алматы да талай қызыққа кенелте алады. Қазақстан елдегі туризм саласын дамыту мақсатында миллиардтаған доллар ақша құйып жатыр. Бірақ жұрт жаппай Қазақстанға ағылу үшін ақшадан басқа да көптеген дүниелер қажет. Қош. Өткен аптада Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасының кіре берісінде жөн сұрап жүрген итальян қызымен танысып қалдым. Есімі Алеся екен, түйдей құрдас болып шықтық. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» деген. Елімізге қыдырып келген қонақпен тіл қатысып, хал сұрастық.
Блог - Aya: ALESSIA MEMMOLA: «АСТАНАНЫҢ КЕЛБЕТІ МЕН ОЙЛАҒАННАН ДА ӘДЕМІ ЕКЕН»
Әрі қарай

Күзге ғашық қыз едім

Сурет салсам тізе мұң
Айтшы неге түзедің?
Қайғысы ұшқан қасында
Күзге ғашық қыз едім.

Жанарыма ай құлап,
Отырады жәй жылап…
Құлазиды дейсің бе?
Мұң сүйсінтіп, қайғы ұнап

Күрең күннің көбі ұнап,
Қурап қалған шөбі ұнап,
Жылап өтер ме екенмін,
Жапырағымды төгіп ап.

Күзге тартқан жасым да,
Күз қойнында басым да,
Найзағай боп тіл қатам,
Нардай болған ғасырға.

Құстың көріп тізбегін
Қанатымды іздедім
Мені ұшырар – жапырақтар,
Мені әкетер – күздерім.
Жұлдыз Бейсек
Әрі қарай

Жүрекке әжім түспейді...

Блог - ademi_alem: Жүрекке әжім түспейді...Күз мезгілін жақсы көрем. Бірақ сан алуан түске боялған жапырақтар қалықтай келіп қара жердің бетіне қонған сәтін көргенде бойымды көңілсіздік билеп, көзіме жас келеді. Күздің тағы бір таңы атты…

Жылы көрпемді басыма бүркеп алып, тәтті ұйқымды қимай жатырмын. Осы кезде әлдекім бетімді бүркеп жатқан көрпені ашып, суық алақанымен маңдайымнан сипағандай болды. Орнымнан тұрып, жан-жағыма жалтақтай қарап едім, қасымда отырған ешкімді көрмедім. Сөйтсем, соққан жел жартылай ашық тұрған терезені айқара ашып тастапты. Көрпемді ашып, маңдайымнан сипаған салқын самал екен…
Әрі қарай

Тілек

Биылғы қыс жаныма мұң сыйлаған
Мен енді терең деммен күрсіне алам
Әжем кетті Фәниден Бақи жаққа
Кеудеме шуақ құйып, нұр сыйлаған

Көктемде қуантпады жылдағыдай
Айымның сол жағымнан туғаныма-ай
Мамыражай мамырда атам кетті
Болар деп кім ойлаған тура былай?!

Демеймін әлі шикі бозөкпемін
Келмейді бірақ жылап безектегім
Жаныма бір жылылық сыйлаңдаршы
Жаз бен күз күтіп тұрған кезектерін
Әрі қарай

Күзгі көңіл-күй

Күздің қоңыр салқыны мен ызғары
Тоңазытып соққан желі ызғарлы.
Жаздан қалған жадыраған көңілді
Құлазытты таңғы қырау, мұздары.

Қою бұлты торлап алып қас-қағым,
Жаңбыры да көз жасындай аспанның.
«Бар ма екен — деп қарап тұрам ойланып,-
Күзден артық табиғатта асқан мұң?!»

Өткен шақтың кей тұстарын сағынып,
Бақ ішінде отырмын мен жабығып.
Сыбдырлаған жапырақтың мұңлы әні,
Жүрегімді жұбатардай жалынып.

Жасыл желек қурап жатыр, жер түлеп,
Жылы жаққа құстар ұшты тентіреп.
Арманымды ала ұшқан құстарға,
Отыр екем сәтті сапар мен тілеп.

Күн сәулесі әлсіз түсіп жүзіме,
Жетпегендей жол ортадан үзіле.
Өтіп жатыр күзгі бақпен сырласып,
Біраз жайттар ой електен сүзіле.

Өткен күзбен осы күздің арасы,
Қас-қағымда көрген түстей қарашы.
Сынаптайын сырғып өткен уақытқа,
Бағынышты екен адам баласы…

Марат Нигметжанов
Әрі қарай

Қош енді, қош бол, күрең күз!..

Күздің соңғы күндері өтуде… Күз деген аты болмаса, тыста қыстың нышаны байқалады. Алғашқы қардың жауғанына да біраз уақыт өтіп кетіпті. Үш-төрт күн бұрын Тарбағатай, Зайсан аудандарында болып, кеше түнде Өскеменге әрең жеттік: боран, көк тайғақ.

Әрі қарай

КерекИнфода күзгі өзгеріс

Қарашаның 1-інен бастап сайтымыздың келбеті және функционалы өзгеріп жатыр. Мазмұнында да жаңа өзгерістер болады деп сенгім келеді. Толықтыру және өзгерістер ашық режимде жүріп жатыр. жаңалықтарды осы пост ішінде жазып отыратын боламын. Бұл сайт барлығымыздың сайтымыз болғандықтан ұсыныс, сын, пікірлерімізді жаза отырайық. Қолдан келгенше көмек те көрсетейік. Кейбір функцияларды сатып алуымыз керек. Олар туралы пікірлерде жазып отырамын. Демеуші боламын дегендер жекеге хабарласса болады.
Upd: Іздеу жүйесі жаңартылды. Демеушілік жасаған: ruben (02/11/12 — 17:29)
Upd: Рейтинг жүйесі қарапайымдалды. Күш жоқ, тек рейтинг болады. Қолданушыларға пікірдегі плюс үшін 0.1, тақырыптағы плюс үшін 1 қосылады. Қауымдастықтар беті ішінде жазылған пост саны бойынша реттеледі. (02/11/12 — 23:59)
Әрі қарай

Күзгі тілек

Күз сығалап тереземнен, басқысы келеді еңсені
Күзгі көңіл-күй жайлап та алған кеңсені
Ал, көшеде… адамдар жүр түнерген
Шөгіп кеткендей ғимараттар да еңселі

Нөсерлетпекші, балаққа жағып батпағын
Өткен жаздай, өмір деген де қас-қағым
Үйкесем түсер балақтағы балшықтар
Қайтсем кетер арыма түскен дақтарым?!

Құссыз сұр аспан, қарғалар ғана бұтақта
Жаз болмағандай, сұрғылттық басым бұ жақта
Уа, Жаратқан! Бар әлемнің тірегі!
Мына біздей Пенделеріңді жылатпа!

Тілегімді қабыл ет, намаз оқымаушы едім бірақта…
Әрі қарай

"Каспий" тобы - Жаз не деді?!

Ұйқыдан көңілсіз тұратын таңдар болады ғой… Күн жексенбі болса да, көл көсір қуаныштан гөрі еңсе езген мұң бар… Балконға шықсам, аспанын бұлт бүркеген, Күнсіз Астана қарайды маған, бозарып… Сұрықсыз сырттан сырғақсып, ішке асықтым… Түнде телефонға да хат келмеген екен.
Әрі қарай