Уайтхиллдық Уайтмәунтейнде

Oral B қаласы (көктем) / Орал қаласы (life)
Уайтхиллдық Хэтроуда (қыс)
Уайтхиллдық Уайтхиллда (қыс) / Жаздың соңғы түні

Енді міне, Ақтау.

Иса пайғамбардың кезекті 2015 жылдығына берілген 4 күндік демалыста Каспийдің толқынын көрем деп шештім. Естеріңізде болса, дәл 1 жыл бұрын Атырауда болғам. Қолдан келгенше, қалтам көтергенше демекші, жыл сайын Қазақстанның өзім үшін жаңа облыс орталықтарында болуды мақсат еткенім рас. Ал негізгі мақсат — Қазақстанды визуалды құшақтау, ойша игеру. Үнемі гастрольде жүретін өнер иелері не кәсіпкерлер секілді немесе командировкада жүретін өзге де мамандық иесі болмасам да, бұл мәселені уақытынан бұрын шешем дегенім шығар бәлкім. Қазақияның кез келген қаласын атай қалғанда, басты көшелері мен орталықтарын еске түсіріп ойша қорытып жібергеннің пайдасы болмаса, кедергісі қанша?!) Оның үстіне жаңа таныстықтар.
Әрі қарай

Ақтауға астаналық көзқарас

“Басы қатты болса, аяғы тәтті болады” дейді. Алдымен, кем тұстарын жаза кетейін. Ақтауда айтарлықтай 3 мәселе:

Су

Көше тазалығы

Аталар

Астанада да суды сатып алып ішетінбіз, бірақ, бізде әр жерде литры 5-10 тг аппараттар, одан қалса WaterLife, Хрусталь секілді суды тазартып сататын компаниялар бар. Мұнда жақын маңнан таппадық, 5л 240 тг алуға тура келеді. Бұл – ауыз су. Жуынатын су таңмен ауыз шайғанда бір түрлі дәм келеді. Жалпы, келгелі бірнеше рет душқа түсіп алдық. Ақсайдың суынан жақсы екен, болады)
Жалғасын оқу

Ақтау қаласындағы № 10-ыншы ДОМБЫРА PARTY.

Ақтауда атаулы № 10-ыншы Домбыра Party және open air форматындағы мини-ауызашар өтті.Бұл күннің ерекшелігі-теңізден соққан самал жел патиге қатысшыларды біршама мұздатып та алды. Осыған қарамастан патидің думаны түн ортасы 12-ге дейін жалғасты. Тағы бір ерекшесі- патишілер өздерімен бірге тамақтарын, термосқа құйылған шайын да ала келіпті. Сонымен мұнда ауыз ашар да, ән-күй де болды. Соңын ала атақты өнер жанкүйері, жыршы-термеші Қамбар Оразовтың келе қалғанын қайтерсің?

Домбыра Party: Ақтау қаласындағы № 10-ыншы ДОМБЫРА PARTY.Пәтидің тұрақты қатысушы өнерпазы Жексембаев Нұрсұлтан
Әрі қарай

Каспий жағасындағы алғашқы party, Домбыра party 23.05.2013ж

«Домбыра Party» деген бір өзі керемет бастама сияқты ғой! Анау Алматының жастары әр бейсенбі сайын кешкі жетіде Арбат деген жерде жиналып, домбыра тартады екен. Біздің Ақтауда теңіз жағасында осылай жасауға мүмкіндік бар ма?!
деп Маңғыстау фейсбукшыларының тобына Уайс Ерсайынұлы ағамыз екі үш күн бұрын тақырып қозғаған еді. Содан осы бейсенбі өткізейік деп келісіп, бәріміз ұйымшылдықпен Ақтау қаласында, Каспий теңізінің жағасында кешкі саған сегізде алғашқы Домбыра party-імізіді өткізіп жібердік.
Мүмкін басқа домбыра патиларға қатыспағандығымнан шығар, бірақ бұл домбыра пати меніңше керемет өткен сияқты. Енді әр бейсенбі, сағат 20:00-де, теңіз жағасында, Астана ойын сауық кешеніне қарсы аялдам жанында жиналатын болып келістік.
Суреттері міні.


Әрі қарай

Кешкілік серуен... 12 мамыр 2013 жыл

Сәлем саған, қарт Каспий!

Сәлем саған, қарт Каспий!

Сән беріп кең далама, қазағыма
Айналдың сен Маңғыстау ғажабына.
Сәлем саған, қарт Каспий толқындаған
Қараймын да тоймаймын ажарыңа.

Киелі Маңғыстаудан орын тепкен,
Көк теңіз, саған сонша құштар екем.
Бұлқынған толқыныңды терең құшып,
Құмарымнан шығам ба қанша жүзсем!

Бір ғажайып сиқыр бар сенде бәлкім,
Келуге жаны құштар саған әркім.
Толқыныңмен достасып жел мен тас та
Алтын күн де төгер саған таң шапағын.

Жағаңда батамын мен ойға терең
Ғажапсың-ау, Каспийім, шыныменен
Қыстыгүнгі ажарың болған аққу
Үн қосып сырласқандай меніменен.

Жырымды жазылған пәк көңілімнен
Арнаймын ақ жүректен өзіңе мен.
Маңғаз дала төрінен орын тепкен
Каспийімді шынымен де сүйемін мен.

Сан ғажапты сыйғызып алабыңа
Көрген адам таңдай қақты саған мына.
Көркінен көз тұнатын әсем теңіз
Жайнай берші сән қосып ажарыңа!

Камшат ЖҰБАТХАНОВА
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы


Суреттердің барлығы бірдей жүктелмегендіктен, назарларыңызға осылар ғана…

Пысы: Суреттер Samsung Galaxy SII түсіріліп, Snapseed қосымшасымен өңделген.
Әрі қарай

Науша Наурыз Маңғыстауда!

Науша Наурыз Маңғыстауда!

Шадыман шаттығын жетелеп тағы бір Көктем келді Маңғыстауға. Алла нәсіп етіп, тағы бір Амал айымен, тағы бір Көктеммен, алыс жақындағы ағайынмен тағы бір қауышуға жазды. Жұмыр Жерден Жыл айналғанда, жан біткенді жадыратып, көкірек біткенге самал құйып, көңіл біткенді көк дөненге мінгізіп, табиғатқа әр, тіршілікке нәр беретін Науша Наурыз жетті Маңғыстауға.

Сөз арасында айта кеткен орынды, Маңғыстау халқы Наурыз мерекесін тойлауды 14 — наурыздан бастап кетеді. «Амал күні», «Көрісу күні» аталып кеткн бұл мереке Қазақстанның батыс аймақтарында ерекше мәнге ие. Григориан күнтізбесіндегі әр айдың 14 жұлдызы араб күнтізбесі бойынша айдың басталуы. Наурыз айының 14 і күні Хамал, Амал айы келеді, бұл бұрынғы қазақтар үшін Көктемнің басы, Көктем келген күн! Қысқы қыспақтан аман есен шыққанына, тәубә деген жұрт, жаңа түскен келіндей боп босағадан сызыла аттаған Гүл Көктеммен бірін бірі құттықтасады. Табиғаттың өзі жасарып, жаңарып жатырғанда саналы Адам есімімізге ауыр болар деген оймен, Ескі жылдағы өкпе, реніш, ашудың бәрін жиып қойып, солл күні арқа-жарқа амандасады, құшақтасып көріседі, қол алысып, есендік біліседі. Осы мерекелік аура 22 наурызға ұласады. 14-наурыз тек батыстық мереке ретінде сипатталса, 22-наурыз ел болып тойлайтын аса ұлық мейрам!


Әрі қарай