Қазақ елі ондаған ғасыр бойы ислам дінін қабылдау арқылы осы өркениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Демек исламды қабылдау ерекшелігі бар, өзіндік тарихи, танымдық, дәстүрлі мұсылмандық түсінігі қалыптасқан елміз. Қазақ елі исламдық ғылым мен өркениетке өзіндік үлес қосты. Демек тарихта діни ғұламалары бар, діни тәжірибелері нақтыланған, дінді ұғыну, түсіну және түсіндіруде рухани базасы бар елміз. Бірақ кешегі ориенталистік тенденциялар қазақты исламның өгей баласы ретінде танытып келді. Бұған кезінде тәуелсіз елдің басшысы ретінде елбасымыз «Дініміз ислам, кітабымыз Құран, тегіміз түрік» деген анықтамасы арқылы жауап берді. Шындығында қазақ елі тарихи және кеңістіктік тұрғыдан да Батыс пен Шығыстың, яғни ислам мен христиан әлемін жалғастырушы көпір қызметін атқарып келеді. Бұл да Қазақстанға геополитикалық жауапкершілік жүктеп отыр.
Интернетті ақтарып отырып мына бір деректі фильмге жолығып қалдым. Менің санамда «Кеңес Одағының кезінде дін өкілдері қудаланды, дін апиынға теңелді, молдалар қатаң бақылауда болды...» деген секілді-сықылды пікір қалыптасқан етін. Ал мына өздеріңізге ұсынып отырған фильм сол бір менің "қатқан ойларыма" сілкініс жасаған тәрізді. Сөйтсек, Өзбекстанда кәдімгідей дін ұстанып, жер-жерден оқушылар келіп, Орта Азия және Қазақстан мүфиі де өз қызметін атқарыпты. Тіпті шет мұсылман елдеріне оқытуға бала жіберілген де екен. «Ол аз» десеңіз, фильмнің бір жерінде «Дін мемлекеттен болғанымен, біздер адамдардың наным-сеніміне қол сұқпай, олардың ғибадат жасауына кедергі жасамаймыз» деп қояд… Қалғанын өздеріңіз тамашалаңыздар:
Бүгін, тамыздың 26-сынан 27-сіне қараған түн — Қадір түні. Бұл күні Құран Кәрім түскен. Қасиетті кітаптағы "Қадір" сүресінде бұл күн туралы былай дейді:
«Әлбетте, Біз Құранды Қадыр түнінде түсірдік. Қадыр түні не екенін білесіз бе? Қадыр түні мың айдан жақсырақ. Ол түнде періштелер мен Жебрейл ғ.с Раббыларыңның рұқсатымен барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік түні таң атқанға дейін жалғасады».