керекші кездесуге кеңіз - 2, келе жатқан қонақ АКА :)

Прива,
Алматыға Қызылордадан керекші мүшесі АКА келе жатыр кездесуге келем деушілерге есік ашық өндір кездесіп жүрген жеріміз: Сити кафесі Арбаттағы(жібек жолы/Абылайхан көшелері).
20 қаңтар күні, кешкі 19.00де.

Әрі қарай

Алматыда пензес қар жауды

Кеше 20-21 сағат шамасында басталған қар таңертең 10-11 сағатта әрең деп тоқтады. Қалыңдығы тізеге жақындап қалатын шығар. Ертең тағы жауам дегендей сыңай танытты. Әжетханаға кетіп бара жатып телефонған түсіргенім:

Әрі қарай

Тарақанмен төбелес

Кеше түнде ауылдан Алматыға келдім. Екі аптаға созылған демалысым аяқталып, әдеттегідей «Атырау-Алматы» бағытындағы поездға міндім. Бұл поезд «Ақжайық» деп те аталады. 2007 жылдан бері қолданыста жүрген "қытайский" поездар бұрын жақсы сияқты еді, қазір шаршап қалыпты. Жолсерік мен отырған екі жарым күнде вагонды бір де бір рет тазалаған жоқ. Дәретханаға кірудің өзі қорқынышты. Бірақ, мұның бәрі тарақканмен салыстырғанда түк те емес. Ес білгелі поезға отырдым, алайда поездан тарақан көрмеген көзімде кінә жоқ. Вагонда тарақан қаптап жүр!!! Түнге қарай тамақ ішетін столдың маңын торуылдаған тарақандардан қорқып,ұйықтамай, тамақ ішпей, қақшиып келген жайым бар. Жолсерікке айтсам, Атырауда вахтада істейтін жігіттердің сөмкесінен түскен деп ақталады. Сонда да, тазалау керек қой… Жүрегім айныды…
Әрі қарай

Қолөнер

Сәлем бердік, жамағат!  Сіздермен бөлісер қолөнер бұйымдарын қабыл алыңыздар.
Квиллинг — қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жасайтын қолөнер жұмысы. Қағаздан жасалатын осынау әдемі бұйымдарды сынақтан мен де өткізбек болдым. Сонымен…
Әрі қарай

"Блогқұрылтай – 2011" ұйымдастырылу схемасы



ЕСКЕРТУ: Төмендегі жазбаны толық оқу үшін шамамен 5-10 минут уақытыңыз кетуі мүмкін.

Алдағы богшылар құрылтайының жақсы өтуіне үлес қосқысы келетіндер баршылық. Бұны блогқұрылтайға қатысты жазбаларға қалдырылған пікірлерден байқап отырмын. Осы орайда «Блогқұрылтай – 2011» шарасы қалай ұйымдастырылғаны туралы кейбір ойларыммен бөліскім келіп отыр. Жазба сонымен қатар осы тектес жобаларды жүзеге асырғысы келетіндер үшін де пайдалы болады деп ойлаймын.


Әрі қарай

агенттің дәуірі??? :)))

уикендте Мөлділ екеуміз қала аралып шыққан едік  қайтарда отырған автобусымызда(25 абай бойымен жүретін автобус) осылай ішін әрлеп* тастапты, өзіде сыйқы қашқан кейбір қала көліктерін бұлай етуге не түрткі болды екен?, агент арқылы өзін жарнамалау? кім жасады? кондуктор жастар? жолаушылар жазсса оларды қалай көрмей қаған былғап тұрғанын?
сурттен байқап отқаныңыздай бірнеше жерге жазған тура сол адресіт, орындық арттары, терезе жақтау, шыға беріс

АКУдің нигі Алматта жүр  «Р» деген кім?
Әрі қарай

Арнайы АКУ үшін :)

Сенбі күнгі(7 қаңтар) кездесу жоспарлағанымыздай өз уақытында болды. Тек, көп керек мүшелері келе алмайтындарын тек сол кезде айтқаны, Гуфаны алғаш болып біздер көрдік кажись. Өте тартымды, сұлу қыз екен Отырыс ұнады.
Әрі қарай

"Таратып жібергені рас па?!"

Ауылға келгенде ағайын-туысты аралап шығатын әдетім бар. Бүгін де вокзал жақтағы апамның үйіне барып қайттым. Ас дайын болғанша ананы-мынаны шұқып, газет журналды ақтарып отырғанмын. Қаптаған «Жұлдыздар отбасының» арасынан "Қыз құпиясы" деген журналды көріп қалдым. Бұрын мектепте оқып жүргенде осы газетті қыздар "қырылып" оқитын. Ішінен тұзы татитын түк таппай отқанымда бір мақаланың тақырыбы қызықтырды. «Таратып жібергені рас па?!» Тақырыбы дәл осылай. Нені қалай таратты екен деп оқып шықтым. Жалпы мазмұны былай. Семейдің Үржар ауданында тұратын бір қыз өзінің әдемі, қасы көзі қиылған, фигурасы жынды құрбысының оқу бітіріп келсе де, ауылда жұмыссыз жүргеніне алаңдайды. Сөйтіп, оған Алматыға барып, Саин көшесіндегі қыздардың қатарына қосылуға кеңес береді. Алғашында бұл пікіріне құрбысы қарсы болады, бірақ кейін ол да осы жұмысты өзіне ыңғайлы санайды. Өйткені, онда «товарный вид» мықты екен. Мақаласымақта осылай жазылған. Сөйтіп, Алматыға кетейін десе, алып шаһардағы атышулы көшелер жабылып қалыпты деген «суыт» хабарды естиді қыздар. Әдемі құрбысына жұмыс іздеп отырған әлгі "қысық көз, пұшық мұрын қыз" (мақалада өзін осылай сипаттаған)қайтерін білмей, "Қыз құпиясына" хат жазыпты. «Саин көшесінің жабылып қалғаны рас па, ондағы қыздар енді нанын қайдан табады» деген жолдарға жыным қайнады. Жалпы, бұл журналдың анау айтарлықтай абыройы жоқ. Бірақ, мектеп оқушыларының арасында беделі жоғары екен. Оған сіңлім жинап қойған журналдың ондаған данасы көрген соң, көзім жетті. оның үстіне 7-8 кластағы құрбы қыздары бұл журналды қолдан қолға түсірмей оқиды. Ал, "Қыз құпиясы" болса Саин мен Сейфуллинге "қызметкерлер" іздеп жатыр…
Әрі қарай

керекші кездесуге кеңіз ;)

Жаңа жылдарыңмен қыздар/балдар!

Алматыға Гуфа келіп қапты. Осы сайттың белсенді мүшесі 19852407-GULFAIRUS нигімен жүрген Аруымыз қазір Алматта. Алматылық керекшілермен кездескісі келеді. Келем деушілерге есік ашық, сенбі күні, кешкі 19:00де Ситиде
естігендеріңіз, естімегендерге айта жүріңіздер

кездескенше
Әрі қарай