Фатмагүлдің кінәсі не? 41 бөлімі



Вуралдың өлімінен кейін абақтыға жабылған Керим Ылгаз өмірдің небір тауқыметін бастан кешуде. Фатмагүл екеуінің өзара ынтызарлығының бұл аса күрделі кезеңі.

Керимнің басына түскен нәубеттерді естіп, шалғайдан сюрприз бір іздеушісі келеді… Ал Яшарандар Мелтемнің әкесі үшін бір қырсық ойластыруда. Әркім өз басымен әлек.

Мерием апа кафелеріне үйсіз-күйсіз студент баланың еңбек етіп, нан табуына, сол жерді мекен етуге оңай рұқсат береді. Өз құшағына кімді қысып жатқаны әзірге белгісіз.

Ал сол кезде, Мұстафаның басына қара бұлттар үйіріле бастайды…


Әрі қарай

Қажығұмар Шәбденұлы. Қылмыс романы. Кірісу.

"Қылмыс" романының бастапқы беттерін оқи отырыңыздар! Ұнаса жекеге хабарласыңыздар

КІРІСУ

1968 жылдың басы.

Темір қақпақ пен шәугімдей шойын құлып шарқ-шұрқ ете түсті. Қап-қараңғы терең ұрада жатқан мен елеңдеп басымды көтеріп алдым. Жүрегім де әлдене бір шойын-темірге соғылып, шақылдап кеткендей болды. Тұла бойымды түршіктірген қатер мен күдіктің мұздай суық желі сумаң қақты.
Заңды түрмеде жатқан адамдар мұндай тосын құбылысқа кезіккенде елеңдесе де, жүрегіне мұз ине шаншылғандай болмай, үмітпен елеңдеп, жылы самал тигендей бір сезімге келетін. Босатып жіберер ме, иә, далада жұмыс істетер ме екен дегендей жақсылық күтетін. Ал, менде ондай үміт сезімі мүлде жоқ еді.
Әрі қарай