Нельсон Мандела: "Ұмыта алмаймын, бірақ кешіруге шамам жетеді."
ОАР-ның бұрынғы президенті, 94 жаста, ЙоханнесбургМен жайлы бір адам: «Туғанында ол Ролихлахла-«қалтылдаған ағаш» деген есімді иеленді, кейін Нельсон Манделаға айналып, әлемді солқылдатты» депті. Менен құдай-адам жасамақ болатын әрекеттерді ұнатпаймын. Мені де «өз әлсіздіктері бар Мандела» ретінде білгендерін қалаймын.
Менің елімде, алдымен түрмеге отырады, сосын президент болады.
Мен жете ұққан бір нәрсе: Ерлік — қорқыныштың шетте қалып қоюы емес, сол қорқынышты жеңу. Ерлік жасаушы-ештеңеден қорықпайтын адам емес, сол қорқынышымен күресе білетін жан.


Кандиру («тіс тазалағыш», «кәдуілгі ванделлия») — тоя қоректенгенде ұзындығы 15 см-ге дейін жететін балық-паразит. Әдетте сіріңкенің көлеміндей ғана болып келеді. Амазонка суларында мекендейді. Пиранья екеш, пираньяның да жыртқыштығы кандирудың жанында асылып қалады. Мөлдір, түссіз, сынаптай сырғымалы, тіліктей ұзынша келген бұл титтей неме айналасындағы басқа балықтың желбезегі арқылы өткен су ағымын сезіп, оттексіз судағы аммиак иісіне елітіп, жөңкіген бойда, желбезек арқылы балықтың ішіне енеді. Мейлінше тереңірек қуысқа кіре түсетін ол, орналасып алып, айналасын тістелейді. Тістелеген жерінен аққан қанға тойып алып, жемтігін тастап шығады. Кандирудың қорегіне айналған ұсақ балықтар сол мезетте өліп кетсе, үлкендері көбіне тірі қалады.
Адам үшін қатері сол, қуығына ие бола алмаған бейбақ суға шаптырып, не шомылған орнында жіберіп тұрса, судағы аммиактың иісін, не өзге температура мен құрамға ие сұйықтықты сезген кандиру зәр бойымен жылжып, еркек болса бұтағына, әйел адам болса сәйкесінше қайнарына енеді. Уретраға жайғасқаннан кейін, қанға тойып, не шығып кете алмай, не қалып қойғысы келмей — аласұрып, жан-жағын тістелеп, ақырында қонжиған орнында өледі. Жан шыдатпас, азапты ауырулар сонда болады. Сәті түссе, анусқа да кіреді. Тік ішектегі жағдай да уретрадағы оқиғаға ұқсас аяқталады.
Құрылысы 2008 жылы басталған «Tokyo Skytree» телемұнарасының ашылу салтанаты кеше, яғни 22 мамыр күні, болды. Биіктігі 634 метр мұнара тек телерадиотолқындарды таратып ғана қоймай, жұртшылықтың көңіл көтеруіне де жағдай жасайды. Мұнараның ішінде 300-ге тарта дүкендер, мейрамханалар, аквариум, планетарий және театр бар. Кіру билетінің құны ересек адам үшін орта есеппен 2000 йен-ге тең, 