Жарияланымдар

Бұл қай Керекші? #9

Бұл эстафетаның таяғын жұма күні Korkem маған ұстатты. Интернетке тек жұмыс күндері ғана қол жеткізетін мен: уақыттан ұтылдым. Кешіккеніме кеңпейілділік танытып, «ерунда, ештеңе етпейді» деп қойып,, келесі жасырылған керекшіні тауып көріңдер. Дұрыс жауабын осы жазба жарияланған уақыттан бір тәулік өткен соң барып, айтамын. Жауап ретінде тек бір ғана қолданушының аты көрсетілуі — міндет

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Танысу-сұрақ: Әдепкі күн тәртібі қандай?
Ж: Таңертең тірі оянғаныма шүкіршілік айтып, бұйырған несібемді теріп жеп, жатарда Алланың хақ екенін тағы да мойындап жату;

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Ыңғай-сұрақ: Сұрақ, не жауап! Қайсысы маңызды? Неге?
Ж: Екеуі бір-бірімен тығыз сияқты меніңше. Менде көп сұрақтар бар, бірақ көбісінің жауабы мардымсыз. Мардымсыз жауап алған сайын өзім топас сұрақтар қоятынымды мойындаумен келемін;
Әрі қарай

Жаңа жылды тойлауға және сыйлықтар сатып алуға қанша қаржы жұмсайсыз?

Жаңа жылды тойлау-тойламау, шырша қою-қоймау төңірегіндегі өте қызба, алай-дүлей жазбалар желтоқсан айында жазылады. «Жаңа жылды тойламайм» дейтін жандар:өзінің сол әрекетін абсолютті дұрыс деп, мақтан тұтып, Жаңа жылды мереке ретінде қарсы алатын адамдарды жек көріп, зілді сөздерін соларға арнап, шабаланады. Мұндайларды Жаңа жылды тойламайтындығы үшін емес, өз әрекетін өзгеге орындатқысы келгені үшін айналып өтемін. Шамасы жетіп, мүмкіндігі болып жатса әрекеті қарама-қарсыларды физикалық тұрғыдан мәжбүрлеуге ықыласты деп ойлаймын. Сауалнамаға жауап берейікЧ...
Әрі қарай

Gravіdіtas

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
Фотограф Леннарт Нильсон ұрықтың пайда болуынан тууылуына дейінгі эволюциялық дамуын таспаға жазып алу үшін өз өмірінің 10 жылын сарп еткен.
1965 жылы LIFE журналы адам эмбрионының 16 беттен тұратын фотосуреттерін жариялады. Фотосуреттер сол мезетте Stern, Paris Match, The Sunday Times сынды салмақты басылымдарға және басқа да журналдарға шығып үлгерді. Мұның барлығы да фотограф Леннарт Нильсонның атын шығарып, танымал етті.
Адам денесінің сұлулығын жасушалық деңгейде паш етуді көздеген, және сол мақсатына жеткен Нильсонның микроскоп пен фотоаппаратқа деген құмарлығы бала кезінен басталған болатын.
Ол адам ұрығының фотосуреттерін 1957 жылдың өзінде-ақ түсіруге мүмкіндік алды. Бірақ, ондағы фотосуреттер жалпақ жұрттың назарына ұсынуға жарамайтын еді. Сапасыз.
Айқын әрі әсерлі түсірілімдер жасауда цистоскопты пайдалануға тура келді. Цистоскоп — қуықты ішінен қарауға мүмкіндік беретін медициналық құрылғы. Жатырға кірудің жолын таппай жүрген Нильсон цистоскоптың басына камера мен жарық өткізгішті бекітіп, сәбидің жатыр ішіндегі дамуын бақылауға қол жеткізді. Тек бақылап қана қоймай, мыңдаған суреттер түсірді.
Осылайша, Леннарт Нильсонның шебер қолдары: адамның пайда болуы деген құпия әлемнің сырын ашып, жұртшылыққа көрсетті. Таңдайын қақтырды.

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
Аналықжасушамен жүздесу үшін жатыр түтігі бойымен асыға жылжып бара жатқан сперматозоид.
Әрі қарай

Режиссерлік жарнаманың тұяқ серпуі

Ал сол кезде...: Режиссерлік жарнаманың тұяқ серпуі
Режиссерлік жарнамалардың үні өшіп, демі бітетін уақыт таяп келеді.
Қазір кез-келген бренд өз өнімдерінің жасалу, таныстырылу сәтін тікелей трансляция арқылы таратуға кірісіп кетті. Олар осылайша тұтынушы мен компания арасындағы байланыс нығайып, адамдар өнімнің дайындалудан сатылымға шығуға дейінгі процессін өз көздерімен көргеннен кейін, брендке деген сенім қалыптасады дейді.


Сол себепті де, бүгінгі маркетингтік коммуникациялардың жаһандық нарығында Seeing is believing атты тренд пайда болды. «Көрмейінше, сенбейм», не «Көремін, сосын сенемін» сықылды түсініктермен аударылатын бұл тіркестің пунктуацияға негізделген баламасы «көру-сену» дегенге саяды. Осыбір қарапайым қағида — тұтынушы мен бренд арасындағы өзара қарым-қатынастың заманауи тұрпатын сипаттайды.
Әрі қарай

Қайрат Нұртас: "Әрдайым осында махаббатпен айналысқым келеді де тұрады"

Оcылай екен...: Қайрат Нұртас: Әрдайым осында махаббатпен айналысқым келеді де тұрады

ҚАЙРАТ НҰРТАС


Әнші 24 жаста, Алматы

Алматы түні, Арман, Ауырмайды жүрек, Бара алмадым, Эх, қарындас, Жалғыз сен, Өмір өмір, Өкініш, Қызыл гүлім-ай, Сұранамын, Мейлі атты әндерінің сарынымен жазылып алынған.

Күндерім — мұңға толы. Әйтсе де, әйтеуір бір барлығы да өтеді, мен де бұл күндерді ұмытамын.

Менің бір арманым бар. Сол арман мені жолдан адастырды. Енді оған жете алмайтынымды білемін.
Әрі қарай

77777_000_abk дегенді банға, жазғандарын зынданға жіберуге лайық па?

Былай ғо, сұрыптау мен сұрыпталу деген түсінік әуелден бар, және болғаны, бола бергені дұрыс.
Сонымен, осы керекте 08 маусым 2013, 22:11-де тіркеліп, бүгінге дейін 8 тақырып пен 0 пікір жазған 77777_000_abk атты қолданушының жазбаларын зынданға, өзін банға жібереміз бе? Ақыры, жазбаларына пікір жазуға рұқсат бермейд, өзі де пікір қалдырып, ой бөліспейд екен, не дейсіз, оуу халайық, ішіп кетеміз бе, Жаңа жазбалар дегенге адамға ұқсап кіремін, ол жерде 77777_000_abk дегеннің төрт пресс-релиз жазбасы тұрады.
Админ, «Ауу» деп жіберсе…
Әрі қарай

"Келін" фильмі Ауғанстанда түсірілген немесе Вахан дәлізіндегі түнгі сыбыр

Ал сол кезде...: Келін фильмі Ауғанстанда түсірілген немесе Вахан дәлізіндегі түнгі сыбыр
Ауғанстанда адам аяғы оңайлықпен жете бермес Вахан дәлізі деген жер бар. Мұнда ешкімге бас имеген 1100 қырғыз мекен етеді. Ортағасырлық өмір сүру қалпын сақтаған олар табиғи шаруашылықпен айналысады. Сыртқы әлемнен байланысудың жалғыз ғана жолы, ол — апиын сатуға шығатын кез.
Вахан дәлізі — Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан провинциясына қарасты Вахан ауданы аумағында ұзыннан — ұзақ созылып жатқан жіңішке алқап. Ұзындығы 295 шақырымға, ені 15-тен 27 шақырымға дейін жетеді. Памир, Вахан және Пяндж өзендерінің алаптарына кіреді. Таулы аймақ. Табиғаты қатал.
Вахан дәлізінің өзі екі державаның тартысы нәтижесінде пайда болған. XIX ғасырдың соңында Британия мен Ресей империясы арасында Орталық Азиядағы ықпал үшін болған талас — "үлкен ойын" деп аталды. Екі империя 1873 және 1895 жылдары өзара келісімдер жасады. Сол бойынша осыбір географиялық мекен — патшалық Ресейдің қарауындағы Орта Азия мен британиялық Үндістанның бір-біріне соқтығыса кетуін болдырмайтын дәнекер аралық ретінде таңдалынып алынды.
Әрі қарай