Жарияланымдар

Блог құрылтай бітіп қалды ма?

Білмеймін. Жұрт жазып жатыр, жазып жатыр. Ал мен компты ашып, ішіндегі Blogcamp деген папканы көрген сайын млмл (© altygradus) боламын.



Жұрт қатарлы неге маған бұл құрылтай әдемі болып көрінбейтініне таңмын. Келгендердің барлығы шынымен де көзге абажадай болып көрінген кемшіліктерді байқамағаны ма деймін. Әлде шынымен де жұрт айтқандай бәрі тамаша өтті ме… Общым, мен әлі түсінген жоқпын.
Әрі қарай

No Comments! Dean Cox көзімен

Құрылтайға Стокгольмнен келген кәсіби фотожурналист, медиа тренер Дин Кокс мультимедиа өнімдерін әзірлеу бойынша арнайы шеберлік сыныптарын өткізді. Құрылтай барысында түсірген Диннің суреттерін назарларыңызға ұсынып отырмын.

Ербол Серікбай (yerbol89) өз презентациясының тақырыбын бағдарламаға жазып жатыр @Dean Cox

Әрі қарай

Егер де сіз Блог құрылтайға келе жатсаңыз...

Төмендегі мәліметтер пайдалы болар деп ойлаймын.

Қай жерде өтеді?
Блог құрылтай KIMEP-тің New Building деген ғимаратында өтеді. Сенбі күні сағат 9.30-да тіркеу әрі ең үздік блогтарға дауыс беріледі. Сондықтан сенбі күні таңертең сағат 9.30-да KIMEP-те болғаныңыз жөн.
Әрі қарай

Керек, керек...


1. Сағын Германиядан келді. Алматыда жүр. Павлодардан Өмірбек пен Айжан қазір пойыз ішінде болуы керек. Бірін бірі танымайды :) Ертең таңертең Қостанайдан екі блогшы және Париж бен Стокгольмнан блогшылар келеді. Күтіп алуымыз керек.
Әрі қарай