Жарияланымдар

СССР және Ислам

Интернетті ақтарып отырып мына бір деректі фильмге жолығып қалдым. Менің санамда «Кеңес Одағының кезінде дін өкілдері қудаланды, дін апиынға теңелді, молдалар қатаң бақылауда болды...» деген секілді-сықылды пікір қалыптасқан етін. Ал мына өздеріңізге ұсынып отырған фильм сол бір менің "қатқан ойларыма" сілкініс жасаған тәрізді. Сөйтсек, Өзбекстанда кәдімгідей дін ұстанып, жер-жерден оқушылар келіп, Орта Азия және Қазақстан мүфиі де өз қызметін атқарыпты. Тіпті шет мұсылман елдеріне оқытуға бала жіберілген де екен. «Ол аз» десеңіз, фильмнің бір жерінде «Дін мемлекеттен болғанымен, біздер адамдардың наным-сеніміне қол сұқпай, олардың ғибадат жасауына кедергі жасамаймыз» деп қояд… Қалғанын өздеріңіз тамашалаңыздар:

Әрі қарай

Атыраулықтарға! Оқушыларға қайырымдылық көрсетейік!

Баршаңызға, сәлем!

«ААА» деп аталатын астаналық еріктілер тобы Қасиетті Рамазан айтының және алғашқы оқу жылының басында өте бір тамаша бастау жасап жатыр.

Шараның мақсаты: жағдайы төмен не мұқтаж отбасыларға қайырымдылық қолын созу және жаңа оқу жылына оқушыларды мектепке даярлау.

Мен не істей аламын? Сіз, осы аталған ұйымның мүшелері ұйымдастырған шараға бір кісідей атсалыса аласыз. Ол үшін мектепке, мектеп оқушысына қажетті оқу-құралдарын немесе өмірлік қажетті дүниелерді заттай апарсаңыз болады.

Шараның өтетін орны және мезгілі: Атырау (Ардагер) сауда орталығы, Бүгін барсақ, «Атырау» сауда орталығына қарсы орналасқан "Өнерпаз" тұрмыстық үйіне ауысып кетіпті. 28-29 тамыз, таңертеңгеңгі 11.00-ден кешкі 19.00-ге дейін.

Анықтама телефондары: 20-39-32, 8 701 925 26 14

Шараға өз үлесін қосқысы келетіндерге: aaa.atyrau@gmail.com
Әрі қарай

Қадір түні және Марс

Бүгін, тамыздың 26-сынан 27-сіне қараған түн — Қадір түні. Бұл күні Құран Кәрім түскен. Қасиетті кітаптағы "Қадір" сүресінде бұл күн туралы былай дейді:

«Әлбетте, Біз Құранды Қадыр түнінде түсірдік. Қадыр түні не екенін білесіз бе? Қадыр түні мың айдан жақсырақ. Ол түнде періштелер мен Жебрейл ғ.с Раббыларыңның рұқсатымен барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік түні таң атқанға дейін жалғасады».
Әрі қарай

Стив орынтағынан кетті


Бүгінгі күннің мен үшін басты жаңалығы ол — Эпплдің (Apple) бастығы Стив Джобстың (Steve Jobs) орнын тапсыруы болды. «MacWorld» журналының мәліметіне қарағанда (ағылш), кеше, тамыздың 24-і күні ол Apple қызметкерлеріне арнап өзінің жолдамасын жариялаған.
Әрі қарай

@anatili мен @Aliya_ocean азаттығымызды ұмыттырды

Өздеріңізге белгілі, twitter есімді микроблог ортасында @anatili аккаунты қазақ тілін өркендету мақсатында аптаның әр сәрсенбісін "Қазақи күн" деп жариялады. Әуел баста бірі жақтады, бірі даттады дегендей… Әрине, онсыз да тілім-тілім тіліңді жандандыра алмай жүргенде мұндай бастаңғыға "Құп" дедік. #kzday деген ілмек те жарық көрді. Әшейінде орысша безілдейтін талайлардың әр сәрсенбі сайын қазақша да тәуір жазып, сөйлей алатындарына көзайым болып, кәдімгідей қуанып қалдық. Өйткені, өзіміз үшін тек сәрсенбі емес, аптаның әр күні #kzday.

Бірақ…
Әрі қарай

"Жарнама туралы" "тесік" Заң һәм Алкогольсыз сыра - 2

Сонымен… Бұл мақаланың басы, яғни «Жарнама туралы» «тесік» Заң һәм Алкогольсыз сыра" атты пост жеке блогымда былтырғы желтоқсанда жазылған болатын. ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты М.Әбенов ағамыз осы жағдайға байланысты маған бастама көтеріп, көпшіліктің қолын жинап, ауқымды масштабта қозғалыс жасасам, онда Парламент қабырғасында бұл мәселенің әбден көтерілуі мүмкіндігін айтқан болатын. Бірақ менің қызметім журналистіктен мүлдем бөлек болғандықтан, басталған іс аяқталмаған күйі қалды. Қоғам да сол баяғы мамыражай тірлігімен қала берді. Дей тұра Атырау қаласының орталық көшелерінің тұсынан өтіп бара жатып, мына бір сорақы жарнаманы көріп, амал жоқ, осы мақаланы тағы жазып отырмын.
Әрі қарай

Сүйінші! Mail.Ru өлді!



Атырауда түнгі сағат 01-30.

Майлру деп аталатын шовинистік сайтта көп шаруам болмаса да, арасында жұрнағы қалған поштама бас сұғып қоюушы едім. Сөйтсем… Өзім 2002 жылы-ақ тіркелген, кезінде майлрумен ұйықтап, майлрумен оянған "құдіретті" пошта қызметім өліп қалыпты!



ПыСы: Айтып аузымды жапқанша Майл.Ру қайта тірілді. «Хех...» деп қойып, поштама кірсем, мынадай деп тұр:



timurdan.info/?p=699
Әрі қарай

Ақтөбеден SOS немесе Ішкі Істер Министріне ашық хат!

Ел-жұртты айналған хат маған да жетті. Ақтөбелік тұрғын тілінің тиегін ағытып, аянбастан барын жайып салыпты. Мазмұны — өңірдегі діни, саяси, кадрлық мәселелердің күйіп тұрғаны жөнінде. Дереккөзін біле алмадым. Шамасы Ішкі Істер Министрінің блогына қалдырылған сұрақ та болуы мүмкін не өңірлік һәм респбуликалық басылымда жарық көрген хат болуы да мүмкін. Шынымды айтсам, тексеріп жатпадым. Бірақ бұл хатты оқып бастағаннан-ақ біршама мәселенің басын қамтығанын бірден түсініп, Ақтөбедегі бәлкім мемлекетіміздегі жағдайдың әбден ушығып тұрғанын түсінгендей болдым. Әрине, бұл арыздың қаншалықты шынайы һәм жалған екенін де саралап-зерделеп жатпадым. Қазекем «Халық айтса қалып айтпайды» деп мен үшін әлдеқашан вердикт жасап кеткен. Ал анық-қанығын тексеруді құзырлы органдарға, сол үшін менің салығымнан күн көріп, нан жеп отырғандарға қалдырдым. Сонымен хаттың мәтініне тоқталсақ. Үтір-нүктесін де өзгертпедім. Тілі де сол күйінде, орысша:
Әрі қарай

Бір үзік естелік...

Әлі есімде… 1998 жыл. Жетібайдан Ақтауға келдім. Қарапайым ауылдық мектептен облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа келдім. Қазіргі балдар 6-7 сыныпта Ақтауды жатқа білсе, мен сол кезде 10-сыныпқа аяқ басқалы отырсам да шешемнің етегінен ұстап келдім. Сәл босасам, адасып кетемін. «Дарынға» аяқ бастық. Емтиханмен қабылдайды екен мектепке. Бірінші көруім ондайды. Тапсырдық. Қаншалықты дұрыс не бұрыс екенін білмедім, 3-4 пәннен тапсырған емтиханнан өтіппін. Алайда сыртқа үзіліске шыққанда, бұрын осы мектепте оқып кетіп, кейін қайта түскелі тұрған болашақ сыныптасымнан сабақтың таңертең 8-30да басталып, түс қайта 4-ке жақын бітетінін естігенде көзім тас төбеме шықты. Сөйтсем, бұларда сабақ кезінде өзім әрең шыдаған 45 минут емес бақандай 90 минут болады екен. Уау! Ауылға тартып тұрғым кеп, бұтым дірілдеп кетті…

***********

Қалада үйіміз жоқ болғандықтан «Дарынның» интернатына жатқызбақшы болды.
Әрі қарай

Ағайын, жаңа блогтұғырды қарсы алыңыздар!


Армысыздар, керекші ауыл тұрғындары! Бүгін мен сіздерге өзімнің жаңа блогтұғырымды пайдалануға ерекше қуанышпен ұсынбақпын! Көптен бері осындағы көпшіліктің wordpress тұғырындағы блогтары ашылмай қалған соң «Бұл жағдайдан қайтсек шықсақ болады?» деген ой ұйқы бермей қойғаны рас. Сол үшін де осыған дейін "Өзіңе жеке сайт қалай ашуға болады?" тақырыбында бейне-сабақтар түсіріп, назарларыңызға ұсындым. Алайда, «Бірақ қалай болғанда да қазақ блогтарының басын қосатын бір ортақ желі һәм жүйе керек болар?» деген сұрақ тынымсыз әрекеттің нәтижесінде дәл қазір сіздерге ұсынып отырған "Қазақы блогтұғыр" блогтар желісін өмірге әкелді. Бәлкім, доменнің һәм желінің аты сіздерге «тізесі шыққан көтриоттар әлемі» секілді көрінуі мүмкін. Дегенмен де ізгі ниет, пәк көңілден шыққан жұмысты шын жүректен қабыл аларсыздар деген ойдамын.
Әрі қарай