Сайлауға барасың ба?
Ақтау қаласынан шығатын Лада.ТВ газетінің интернет-бетінде “Сайлауға барасыз ба? Кімге дауыс бересіз?” атты сауалнама өтуде. Қарап отырсам, сайлауға қатыспайтындар мен қатыса қалған күннің өзінде өзге емес “Нұр Отанға” дауыс беремін” деушілер қарасы көп-ақ. Оның ішінде менің және әйелімнің де дауысы жүр. Яғни, қалыс қалушыларданбыз. Ал дәлірек ақпаратты суреттен қараңыздар.
Дегенмен, бұл тек lada.kz сайтының өзіндегі ғана сауалнама ақпары. Ал олардың Вконтакте атты әлеуметтік желісіндегі бетшесінде тағы бір сауалнама жариялаған (екінші сурет). Ол жердегі халықтың да басым көпшілігі, яғни 43.7 пайызы “Сайлауға бармаймын” деп жауап берсе, сайлауға барамын деп шешкендердің 26.6 пайызы “Нұр Отанға” бүйректері бұратындықтарын жасырмаған. Айта кету керек, бұл басылымның негізгі контингенті Маңғыстаулықтар немесе мен сияқты өзге облыста, өзге елде гастарбайтерлетіп немесе оқып жүрген маңғыстаулықтар боп табылатындықтан, бұл сауалнама көрсеткіштерін тек қана болмағанмен, көп жағдайда Маңғыстауға тиесілі деп қарастыру керек. Демек, менің шығарып отырған қорытындым, халық не сайлауға сенбейді, не мен сияқты “Бәрібір Нұр-Отанға беремін даусымды, ал Нұр Отан мен бармасам да өзіне тиесілі дауысты алады” деген сенімдегі адамдар деп білемін.Ал енді төмендегі сауалнама арқылы сіздер жауап беріп көріңіздерші? Сайлауға кім барады? Кім кімге дауыс береді?

Маңғыстау облысын енді Бауыржан Мұхамеджанов деген кісі басқарады. Маңғыстау халқы зәрезап болған Көшербаевты орынтағынан алды. Негізі әуел естігенде қуанғандай болдым да артынан бірден басылдым. Эхх… Күрсінетінім сол, жаңа әкіміміз бұрынғы қызыл жағалы екен. Яғни экс Ішкі Істер Министрі. Осыған дейін сенатор болған. Жақсылықтың нышанын күтіп тұрған жоқпын. Әлбетте, бейбітгілік тілейміз. Алайда, ауылдағылар бұл жігітпен де ымыраға келе қояды деп ойламаймын… Бір Аллаһ қайырын берсін! Көрейік… Бәлкім оңалармыз…
Баршаңызды Ел Тәуелсіздігінің 20-шы жылымен шын жүректен құттықтаймын!
… Сонымен…