Жарияланымдар

temir1986
2 қабатты коттежден шығады. ойылда бір ауылдың үйнің шатырларын дауыл көтеріп кеткенде, көмек алғандардың арасында ауыл әкімінің комерсант інісі де бар екен. Оған неге көмектесеміз десе, әкім — ол кредит төлеп отыр депті.
temir1986
Қияндағы күн нұрынан-тамаша балаларға арналған кино шығар еді.
temir1986
Бәке ондайларды ойлап ойлап басым шарадай болып кеткесін, алаңсыз Жолантайдың кеңесін құп алып қарбыз егуге шығып кеттім.
temir1986
Қойсам ба еп жүр ем. Мынадан кейін бәрінің дәмін көру керек болдығой
temir1986
ақшаның ашпайтыны жоқ. Бара бергенше пара бер. Әскерім өтпегеннен алтын артқан есегім өтеді-кедергілерді жою құралына
temir1986
Бөлмедегі 4 жігіт бірігіп вермишель, май, шай-қант алып қоятынбыз. Сондада айдың аяғына кейде жетіп кейде жетпейді. 1 курстың аяғынан бастап жұмыс жасай бастап көз ашылды ғой
temir1986
Алла сақтасын! Дегенмен қазіргі студенттер қорықпайды дегеннен шығады. Жақында бір таныс адам қайтыс болып, қысқасы өлген адамды көрдім. Түрі суып кетеді екен. Көкпеңбек, қан қатып қалыпты бетіне. Әдейі кірдім көмектескен болып шалдарға. Бірақ денемнен түршігу таба алмадым. Мен сонымнан қорықтым. Адамның қайғырғанын, оның жаны ауырғанын қазалы жерде сезіне алмау сұмдық қой. Алла тағала әрине бізді өйтіп сынамаса екен. Басың аман, бауырың бүтін болғанға не жетсін. Екі рет маған жақыны қайтыс болған адамдар сен менің күйімді түсінбейсің деді. Мен сонда оларға ештеңе айтқан жоқ едім ғой. Мүмкін оларға менің қайраттан дегенім ұнамадыма? Мүмкін қазаға көңіл айтып мәлкілдеген қарт адамның бірінші баруы да дұрыс па? ертең менің да барар жерім сол, маған қарада шүкіршілік қыл дегендейме? Бірақ мен көріп жүрген шалдардың оннан бірі ғана аталы сөз айтуға жарайтыны жаман екен. Адамның кемшілігін көргеннен, естігеннен жаман нәрсе барам? Үкідей болған ақ шалдың, кемсеңдеген кемпірдің өткенін терген неге керек. Соны айтқан тілде, тыңдаған құлақта жазықты емеспе? Құдай-ау күніме жетпей шал болып кеткендей сезінем өзімді. Бірақ бірінші киер киім, ішер тамақтың жыры тұрғанда бұлай деуде күпірлікпе? Мен сағым көлкіген қырға қарап анау көкжиекке қарай маңып жүре берсем десем, қасымдағы ештеңе демесе де, бетінің бір бұлшық еті жыбырламасада оның аржағынан мынау жынды, ақымақ болар дегенді оқып қысылам. Кісінің қайтқаны тек екі күндік әңгіме болып, қазасына жылқы сойғаны жыл бойы айтылатын ортада өзіңді сау адам сезіну де сұмдық тәрізді өзіме№ Кім кімді мазақ қып жүр. Ал андай видеоларды көре алмаймын. Мен ішінде өзімде бармын талайды ішкі сарайында ештеңе жоғына бәс тіге алам, онда шамасы тек қана қарын болса керек. Ештеңені талғамай, таразыламай жұта салатын, ол боқпа- жынба маңызы жоқ. Әйтпесе қан-жынын бұрқыратып өлік сойғанды тамашалаған не сұмдық. Егер жуынды шелек тәрізді болмасаң? Мен шамасы түсінігі жоқ адам болармын!
temir1986
Білмеймін, түсінбеймін. Шамасы шопан шығармын. Дихан болғым келіп жүр. Бірақ бәрібір миы мықты жасайтындарды түсінбеймін.
temir1986
Теңгеден бұл-бұл ұшқан бабаларым мында әлі тұрғой.
temir1986
Айтпақшы бассүйектер өтірік. Хлустов мұнда таза өтірік айтқан.
temir1986
Суға түсіп жатқан қыздарды аңдымадық я қыздармен бірге суға түспедік деген адам мектепте отличник, дін туралы түсінігі жоқ бала кезінен молда болып туған шығар. Сосын Хлустовтың да қамыс арасына тығылып әйелдерді елдің бір жыртақай жігітімен бірге тамшаламады дегеніне сенгім жоқ. Айтпақшы мұндағы діндарларға айтарым «Мың бір түн» араб халқына тиесілі емеспе не?
temir1986
Ілияс Есенберлиннің Көшпенділерінде осындай салт туралы айтылады. Сосын тағы бір жазушыда бар осы туралы, енді онда құлдыратып суреттейді. Ал Есенберлин майын тамызып жеткізіеді бұл туралы. Ал жалпы кімнің ата-бабасы кім болмаған. Мұндағы суреттердің ішінде сарқырамада және жалаңаш отырып кір жуып отырған әйелдің суреті суретші қиялынан туған ба деймін. Ал бала емізіп отырған әйелден ерсілік көріп отырғам жоқ. Елге қарап ашып отырмайақ теріс қарап бала емізе бермейме әйелдер. Еділ-Жайық ертегісінде тіпті жезтырнақта солай етеді. Ал жалпы көрініске қалай қарау әркімнің көзқарасына қарай болу керек шамасы. М.Шолоховша айтқанда — әйелдің жалаңаш аяқтарына жәдігөй жанарларыңмен сүзіле қарасаң — істемей жатыпта бітіре салуың ғажап емес (Сатыбалды ма, Гастербайтерма әлде әлгі порносказка жазатын біреу болуышы еді осында — солар айтпақшы) Сосын баяғыда дегеннің өзіде шынымен сенімсіз әңгіме ғой.
temir1986
Баяғыда қазақтың бір батырының бәйбішесін жоңғар ма қалмақпа біреу олжалап кетіпті өзі жоқта. Содан әлгі батыр біраз уақыттан соң шапқыншыларды қуып барып бәйбішесін қайтарып әкеп, боз биенің сүтіне шомылдырып қайтадан қасына алыпты дейді батырлар жыры.
temir1986
Халық мал сияқты. Шынымды айтсам зәузатымен құлдилатып боқтағым кеп отыр ауылдастарымды, қатарластарымды, үлкен-кішісін түгел. Ауылдың айналасында пакет пен баклашкадан, бөтелкеден көп нәрсе жоқ. Сенбілікке өмірде шықпайды. Ұрсайын десең кілең кемпір шалдар қоқысты көзіңше апарып дамбаның сыртына жалп еткізіп, маған нестейсің деген кісіше бағжиып өте шығады.