Тағы бір жиын
Өткен ай Атырау керекшілері үшін, кездесулерге толы ай болды. Ендігі керек кездесуін үстіміздегі айдың 17- ші жұлдызына, Мақпалдың вахтадан қайтар шағына жоспарлаған болатынбыз. Амандық болса 2 күн уақыт қалған екен. Осы кездесуге кімдердің қолы тиеді екен, Мақпалдың өзінің жоспарлары қалай екен деген ниетпен жазып отырмын.

Қадірменді әріптестер, ITтірлік иелері, барлығыңызды жүйеәкімдер (сисадмин) күнімен құттықтаймын.
Жұмыстамын. Еш настроение жоқ. Біреулер бізді қасқыр дейді -ау, қазіргі түрімді көргенкісі жаураған мысықтан да жаман дер, бәлкім. Кейбіреулердің алдында кезінде белсеніп шықпағаным үшін (бәлкім дұрыс жасаған да болармын), біреулердің алдында қазір бейшара күй кешіп отырғаныма жыным келіп отыр. Доменімізді біреу сатып алып, кері сатпақ ниетпен біраз ақша сұрап отыр.
Убунтуда ОЖмен бірге біраз бағдарламалар отырады, дегенмен бұрын виндоуста жұмыс жасаған кісіге бірден линукске үйреніп кету қиын. Бүгін тағы бір мәселені шешу үшін интернетті бір ақтарып шытым, ол мәселе архиватор. Шыны керек убунтудың архиваторы біраз форматтағы архивтерді танығанымен RARды танымайды. Әрине басқа архиватор қолдануға болады немесе Вайн арқылы винрар қоюға да болады, бірақ өзім бірнеше архиватор қолданғанды құптамаймын, ыңғайсыз.