Жарияланымдар

Кім біле алады?

Ау, қазақ интернетінің ығайлары мен сығайлары, қасқа мен жайсаң игі жақсылары!!! деп бастасаң ә сөзді.
Сұрақ жауап сайты неге ашылмай тұр, айтайын дегенім сонда қоятын сұрақты осында қоя салайын айып болмаса, мына сайттың қай движокпен жасалғанын кім анықтап бере алады? маған өте керек еді. www.ustaz.kz
Әрі қарай

Интернетпен адамша сөйлесу

«Маған бір тәрбие сабағын тауып берші»- деді бір әріптесім, конституция күніне арналған болсын деп қосып қойды. Гуглды ашып тәрбие сағаты деп жаздым да, қозғалттым.
— Былай деп жазсайшы «Конституция күніне арналған тәрбие сағаттары» сонда бәрін көрсетеді ғой. – деді тап бір ішіндегі бір адамға өтініш жасап тұрғандаймыз.
Енді оған кілт сөздерді ғана жазу керек деп қоқысып отырсам бұл жерде басқаша түсінік қалыптасады. «мынау неге білгенін бұлдап отыр» деген сияқты. Амал жоқ айтқанын істейсің, іздеген нәрсең шашырап шығады, ары қопарып бері қопарып таппаған соң қоямыз.
Жаңа келсем бәрі интернет бар компюьтерге үймелеп отыр, гуглға былай жазып қойыпты. «Тіл мерекесіне арналған көріністер» еріксіз мырс еттім.
Сонда мен ғана бәрін білем демексің бе? Деген сияқты пікірлер қабылданбайды.
Әрі қарай

Осы жұрт moodle жайлы біле ме екен?

Көптен бері пәнге байланысты сайт ашуға движок іздедім, соңында осы moodle ге тоқтадым. Осы движокпен айналысқандарың бар ма? Қазақстанда Ұлттық ақпараттандыру орталығының сайты осымен жасалыпты, айтпақшы бұл CMS емес LMS екен. Кешеден бері алысып денверге орната алмадым. Мына жерде айтылған түсініктемемен істесем де болмады. білетіндер бірдеңе айтыңдаршы.
Әрі қарай

Мектепке директор керек

Қойылатын талаптар
1. Ер немесе әйел
2. Білімі жоғары болмасада жоғарғы білімді анықтайтын қағазы міндетті түрде керек.
3. Аудандық, облыстық, республикалық «Жағымпаздар конкурысынан» алған мақтау қағаздарының көшірмесі (егер бар болса, жоқ болса міндетті түрде қатысу керек)
4. Дауысы Нұрлан Абдуллиннің дауысына жақын болуы керек, (мұғалімдерге айқайлағанда керек)
5. Боқтық сөздердің (орысша, қазақша) сыпайылау түрлерін білуі керек, анайылау түрлерін білсе тіпті жақсы.
6. Компюьтер білудің мүлдем қажеті жоқ, есесіне информатик пен хатшы қызға жұмыс істете білуі керек.
7. Банкеттерде тостты ұзақ әрі мәнсіз сөйлей білуіңіз керек.
8. Қол астыңыздағы мұғалімдерді түгел «Нұротанға» мүшелікке өткізе білетіндей шеберлік керек.
9. Әйеліңіз қайда жүргеніңізді сұрамайтын және қонақты жақсы күте білетін болуы керек.
10. Ақша жинағанда келіспеген мұғалімдерді орнына қоя алатын болуыңыз керек.
11. Астыңызда машина болса тіпті жақсы, өйткені аптасына аз дегенде 4 рет ауданға шапқылайсыз.
12. Бір соғым беріп жұмысқа кіргендерді қаржы полициясынан сәтті қорғап шығуыңыз керек.
Осындай қасиеттер бойыңызда болса мектепке келіңіз директор боласыз.
Әрі қарай

Мектепке завуч керек

Мектебіміздің завучі бір жылға еңбек демалысына шығуына байланысты бізге завуч керек болып тұр.
Қойылатын талаптар:
1. Білімі жоғары болуы керек емес тек жоғары білімі бар деген бір жапырақ қағазы болса болды.
2. Компютер білудің керегі жоқ, тек word та мәтін теріп оны басып шығара алса болды.
3. Мінезі – жоқ, жоқ, жоқ мінезі жақсы болудың керегі жоқ, керісінше мінезі жаман, мұғалімдерге айқайлағанда дауысы Витастың дауысындай шығуы керек.
Әрі қарай

Саябақ күнделігінен

Осыдан 4 жыл бұрын өзіміз қыдыратын бақтың ішінде отырмын, қолымда бір бөтелке сыра, орындықтың астына тағы үшеуін ептеп жасырып қойғанмын.
Әйеліммен ренжісіп қалған күндерімнің бірі еді бұл…
Көз алдымдағы фонтанның тас қоршауларына қарап ызаланамын; — Сендер куә болдыңдар ғой сол кезде неге ескертпедіңдер маған, құрып кеткір тастар-ай тіл бітседе айтпайсыңдар ау… мүмкін бәрі өзімнен кеткен шығар, сол кездің өзінде қырсық еді ғой сабазың…
Салқын сыраны құшырлана сіміріп қиялға қарық болып отырғанымда, осы бақта өзімнің басымнан өткен сәттер алдымда қайталанып жатты. Қыз бен жігіт бір — біріне сөз бермей өршелене дауласып келе жатты да, менің алдымдағы орындыққа отыра кетті, мен оларды арт жақтарынан бақылап отырмын, қыз бірдеңені жігітке түсіндірмекші болады жігіт оған құлақ аспайды. Біраздан кейін екеуі де үндемей біраз отырды да жігіт қасындағы басқа орындыққа ауысты, ал қыз болса соткысын шұқылап бас алмайды. осы кезде жігіт орнынан тұрды да қызды тастап кетіп бара жатты. Артыңа бұрыла көрме деп тілектес боп мен отырмын, жоқ жігітіміз жігерсіз боп шықты (кезіндегі өзім сияқты екен) бір бұрышты айналып кішкене жүрді де қайта айналып келіп анадай жерден:
-таңертең хабарласамын — деді.
Қызда үн жоқ.
— Ертең звандаймын жарай ма?
Қыз басын көтерген де жоқ.
Амалы таусылған жігіт қыздың қасына келіп алдаусыратқандай болып дөрекілікпен оны өзіне қарай құшақтай бастады, қыз оған көнбей кері серпілді.
Дәл осы кезде мүлде күтпеген жағдай болды, "қап масқара болғаның -ай" дедім ішімнен.
Кешке дейін ыстық күнде көп жүріп басынан күн өткендікі ме, жігіттің мұрнынан қан кетті, қызды алдаусыратқан жайында қалып отыра кетіп мұрнымен алысты жігітің, бірақ қыз мейірімді болып шықты дереу сумкасынан орамалын алып шығып жігітке берді, босаған сусын бөтелкесін алып фонтаннан су алып шығып қолына құйып жатты.
Осындай жағдай дәл менің басымда қайталанса деп ойлап көрсем масқара екен, менікі рахаттана бір күліп алатын шығар.
Екеулеп мұрынның қанын әзер тоқтатқаннан кейін, енді жайдары әңгімеге көшті бұл екеуі, құшақтасып сүйісіп те алды.
Меніңше жігіт қателескен жоқ, жарын дұрыс таңдаған екен деп ойладым…

Мен төртінші бөтелкенің ауызын аштым, олар қолтықтасып кетіп бара жатты…
Әрі қарай

Орта есеппен қазақ мұғалімі

1. Көп бөлігі әйелдер.
2. Жоғары білімді сырттай оқу арқылы алған.
3. Компьютерді білмейді, білетіндерді қатты сыйлайды.
4. Информатиктері Windows – тың стандартты бағдарламалары мен Offiсе – ден ары аса алмайды.
5. Комиссиядан өлердей қорқады, себебі білім аз.
6. Өз білім деңгейін папкаларға компютерде терілген қағаздарды жинаумен өлшейді.
7. Оқушыларға: «жұмыс дәптерін толтырыңдар» — деп қақсайды, бірақ ол оқушының білім алуы үшін емес, тексеруші комиссияға көрсету үшін қажет.
8. Олар ешкімге керегі жоқ «Сабақ жоспарын» жазудан әбден қажығандар. (тым болмаса өзімізге қажет болсашы сол бір бет қағаз)
9. Еркектері мереке сайын бірігіп арақ ішеді.
10. Оқушының бұзықтық жасағанын көрген кезде, өзінің де кезінде осындай қылық жасағаны есіне түсседе, ол оқушыға ұрса жөнеледі.
11. Формалды нәрсеге әбден еттері үйренген, өтілуге тиіс тәрбие сағатының жоспары тек қағаз жүзінде өтіліп папкасының ішінде сақтаулы тұрады.
12. «Нұр-Отанның» мүшесі.
13. Сайлау бола қалса барлығы бір ауыздан, бір адамға дауыс береді.
14. Өз еркінен тыс екі республикалық, бір облыстық, бір аудандық басылымға жазылады, (көбісі пайдаланар алдында оқылмайтын газеттер)
15. 3 ке жауап берсе 5 қояды. 0 ге жауап берсе 3 қояды.
16. Жеке веб сайт ашқандары «Қызыл кітапқа» тіркелген. (деп жыртылсаң ә)
17. Сайт пен Е-маіl ды ажыарата алтындар өсіп келе жатыр.
18. Жалақыларын айтуға ұялады.
19. Барлығы интернетке басқа біреу дайын қазақша материалды салып қойса деп ойлайды.
20. «Білім туралы» заңды бірде бір рет оқып көрмеген, есесіне папкасында тұр.
21. Шілдеден бастап жалақысы 30 пайызға өседі.
Әрі қарай

Тағы да гугыл жайлы

6-айдың 9-күні гугыл компаниясы Қазақстан үкіметінің талабын тойтарып, www.google.kz доменін тіке www.google.com доменінің қазақ тілді іздеу бетіне жалғанатын етіп теңшеу бекіміне келді.бүдан бұрын Қазақстан үкіметі kz. Доменінің қызмет орны сөзсіз Қазақстанның ішінде болуы керек деп талап қойған еді.
Қазақстандық ІТ маман Қуатовтың айтуынша:
— Кезкелген кәсіпорын белгілі бір мемлекетте жұмыс жүргізгенде сөзсіз сол мемлекеттің заңына бағынуы қажет, бүл әдеттегі білуге тиісті білім, ал гугыл серіктігі жекелік материалды қорғау мен сөз еркіндігі құқығын сылтауратып, Қазақстан мемлекетінің белгілемелеріне бағынбады. Бұлай істеуіне біз келісе алмаймыз — деді.
Ол тағы гугыл компаниясы басқалардың материалынан пайдалану жайында көптеген мемлекеттердің айыптауымен заңдық жауапкершілікке тартылғаны жайлы да айта кетті. Бұл іске қазірше қазақтелеком жәғы лебіз білдірмеді.
қосымша: бұдан бұрынғы «www.google.kz» дың бас апараты россиада екен.
Мақала сілтемесі kazakhsoft.com сайты.
Қуатов деген кім?
Мәселе қызмет істейтін орынның Қазақстан аумағында болмағанына байланысты ма сонда?
Әрі қарай

Сайт жасаудың кең тараған әдістері

Сөз басында айта кетейін бұл постты осы саланы терең білгендіктен емес, осы тақырыпқа елдің назарын аударып, сол арқылы өзіме де, өзгелерге де пайдасы тиетін құнды пікірлер туа ма деген үмітпен кәсіпқойлық емес әуесқойлық тұрғыдан жазып отырмын. Сайт жасаудың кәсіпқой мамандары толыққанды бір мақала жаза ма екен деп күте күте ақыры, кем-кетігі болса түзей жатар деген оймен осы мақаланы жазуға бел будым.
Сонымен сайт жасаудың өзім қолданған және қолдана алмаған әдістері туралы айта кетейін:
Әрі қарай