Жарияланымдар

Сегізсері Кюнаннан. "Бақытсыз Камал"

Хард-әдебиет: Сегізсері Кюнаннан. Бақытсыз Камал

Менмұндалап тұрған “Петрәнасс Тауэрдің” 85-інші қабатынан “мен мұнда-а-а-а-а!” деп бақырып тұрған Карина Әбсаттардың қылығы, табиғатынан ибалы куалалумпурлықтарға оғаш көрінгенмен, сол ғимаратқа асығып келе жатқан Камал Стейнуейнге әбден түсінікті жәйт болатын. «Бейшара қыз қауышамыз деп қуанып тұр. Әттең...».
Әрі қарай

Фотошопақ - шәйнектерге. Ромео мен Жулиеттің некелесу рәсіміне мақтамен жазу. I сабақ

Сюжет:
Очм, типінақ, Монтекки мен Капулетти әулеттері бірі бірімен әже жау болады. Жек көретіндері сонша, бірі бірінің әулеттік гербін көрсе құсып қояды екен. Бірақ, жаратқан Шива адамдарды мазақ қылмаса отыра ала ма:
Әрі қарай

Мүшейра: Инженер Қаринның гиперболасы

«Мемлекет дегеніміз — мен!». ©Луи XVI
«Мен». ©dark_nazgul




Соңғы екі апта ішінде Керекинфода кемінде үш мүшейра пайда болды. Және төртіншісінің пайда болуына еш кедергі пайда болған жоқ.
Әрі қарай

Сиязбай Пазылфеши. "Күлдік"



Қаламхеріміздің «Сиязбай» деген есімі ерекше де оғаш көрініп тұрған шығар сіздерге, херметті охурмандар. Ендеше, атын әкесі қойыпты. Съезден съезге делегат болумен өмірі өтіпті деседі жарықтықтың.
Ал Сиязбайдың өзінің қайғылы тағдырын жауларымызға тілейміз. Иә, тап солай: жауларымыздың жазбасы еш жерде жарық көрмей, қатағалсын!
Соңғы рет редакциямызға өткен жылы таңертең келген екен. Редактор:
Әрі қарай

Саттар Гонзалес. "Сот алдындағы сот"



Қаламы суалғандарға бұттарыңды ашып күлмес бұрын, ешқашан тіптен қаламы да болмаған, қалам ал деп берген тиын-тебенді де, қаламақыныда араққа жаратып қоятын адамдар болатынын ескергейсіз. Солардың екеуі — өзіміздің Саттар Гонзалес.
Әрі қарай

"Ас Кок" жылдам тағамдар байқауы!!!

Ас Кок жылдам тағамдар байқауы!!!
КерекИнфолық қолданушылар бес, кейде алты, тіпті жетіаспап болып шығып жатады. Көбісінің ат қып мінівалған шеберліктерінің бірі — аспаздық. Керекинфоға салынған тамақ рецепттерін көрген «Мишлень эль Селер де кан Рока»ресторанының бас аспазы Брутто Нетто мырза әдемі фрагын киіп шығып, клиентінің «Бентлиінің» астына түсіп өліпті деседі аңыз.
Әрі қарай

Аскөк+пияз=виагра!

Өзімізше сері көрінгіміз келетіні өтірік емес. Ұмтылмастай ләззат сыйлағымыз келеді. Бірақ жұмыс пен жүгіріс кейде бәрібір дегенін қылып, құр сүлдерің қалатын кездерің болады. Ал дәріханаға кіруді ұмытып-ақ жүреміз. Осындайда виаградан кем түспейтін мынабір рецептті пайдалануға болады. Сонымен, қажетті заттар: пияз, аскөк(укроп), шай қасық сірке суы…
Әрі қарай