Жарияланымдар

Сен ғана...

Көз тимесін!





Мен — әйелмін! Себебі:
— еркемін, еркелейтін азаматым бар.
— жылаймын, жұбататын жаным бар.
— күрсінемін, көңілімді аулайтын тірегім бар.
— қуанамын, бөлісетін жарым бар.
— кеңесемін, ақылшым бар.
Әрі қарай

Кездейсоқ өлім...

Поездға мінгізіп тұрып Апитогым "Ішің пыспайтын болды" деп күлді. Мән бермей қала бердім. 11ден аса еш қаперсіз ұйықтап кеттім, түсімде вертолеттен суға секіріп жатыр екенмін, әрі қарай құлағынымның түбінен: Аллаху акбар, Аллаху акбар дегенді естідім. Шошып кеттім, алғашқы ойым: о, бляяяядь, өліп қалдым ба не?! неужели менің жаназамды шығарып жатыр, мәәәәә мен қазір тұрсам, жаназама сапқа тұрғандарды О дүниеге аттандырып жіберем ау әәә, мамам қайда екен,
Әрі қарай

45 қағида...

Мынаны интернеттен оқыдым да, ортаға салайыншы осыны деген ой келді.

90 жасқа келген Регина Бретт, Кливленд, Огайо: «45 жасқа толғанда өмір сүруіме көмектескен 45 қағида жаздым. Бұл менің колонкамдағы ең көп сұранысқа ие болған жазбам. Мен қазір 90ға келдім, мен тағы да бұны жариялап отырмын:
Әрі қарай

Эфтаназия "Иә" мен "Жоқ"...

Мен өз басым 70-80ге келгенше өмір сүргім келмейді. Сары тісті, ақ шашты ана болу кез-келгеннің арманы екені рас, мені де кейде «здоровый» ойлар мазалайды, бірақ қалтырап дірілдеп, етті талмап жеп, балаларыма масыл болғым келмейді (балаларым олай ойламайды деп үміттенетіп, тірі жүрсем). 60тан сәл асқаннан кейін, бақилық болуды бұйыртса деймін Құдай…
Әрі қарай

КеРРРЕмет бағдарлама ))))))

Кеше Муз Тв арнасынан бір бағдарламаны көрдім.атауы «БезУМно красивые»… 3 жұп шығады екен, тек жігіттер, оларға қарама-қарсы тағы да 3 жұп уже қыздар отырады. Бір-бірін көрмейді, жүргізуші жігіттерге сұрақ қояды екен, сол сұраққа қыздар дұрыс жауап береді ме жоқ па деп ақшаға бәс тігеді екен. Жігіттердің өздері әлгі сұрақтарға жауап бере алмайды, міндетті де емес, бастысы қыздардың ақыл-ойларын тексеру… менің алғашқы тыңдаған сұрағым: Чапаевтың ұшағын ақтар атып түсіріп, содан қайтыс болды деген рас па дейді…
Әрі қарай

Жылап та алдым...

Ди Каприо мен Кейт Уинслет жұп болып ойнаған «Дорога перемен» атты фильмнен қатты әсер алдым. Шынайы өмірді соншалықты боямасыз бере алуы, жігерсіз еркек пен өмірден нені қалайтынын өзі білмейтін әйелдің өмірін көрерменге жеткізе алған режиссерге (Сэм Мендес) ырза болдым.
Біз қорқамыз… Бетке айтып, шындықты мойындағымыз келмейді… Армандарымызға қол жеткізе алмайтынымызды біле тұра, түрлі себептер іздеп, әйтеуір өз-өзімізді ақтайтынымыз шындық… көріңіздер, мүмкін өздеріңіздің көргіңіз және мойындағыңыз келмейтін тұстарыңызды байқарсыздыр…
Әрі қарай

Кездесейік қәне, достар!!!!

«Мыңбаланы» күтіп үзіліп кететін жағдайымыз бар, ол фильм ақпан айының соңында шығады деген қанқу сөздер бар. тақ шо Астаналық керекшілер, осы аптаның соңында бас қосып, Жаңа және Ескі жаңа жылды қарсы алайық. Ақылдасайық қай жерге баратынымызды…
Әрі қарай

Шақпақ қант пен ащы кәмпит

Бүгін әбедтте түріктің мейрамханасына бардым. Ақ су көк су қылып шәй әкеліп берді. Тістеме іздеп едім, пахлавадан басқа ешнәрсе жоқ екен. Менікі рафинатқа тұрмайды.Балалық шақ тағы да мен мұндалап шақырды. Есіме әжемнің қант қайшысы түсті. Баяғыда әжем марқұмның қалтасында үнемі күйдірілген қант немесе ащы кәмпит, болмаса шақпақ қант жүретін. Қазалының түрлі түсті ұзын кәмпитін таласа-тармаса жейтінбіз. Әжем 1 кәмпитті 4ке бөліп, бізге таратады, сосын біреуін алып шәйіне салып жібереді(ұзындығы 15-20 см болып қалады). Соған қарап біз кәмпитті трубочка қылып шәйді ішетінбіз, араларындағы кішкентай тесіктерін өтіп, ауызға шәйдің дәмі ащы да емес, тәтті де емес, әдемі тіл үйірердей жететін.Кәмпит жоқ болса, біртүрлі қисық добардай шақпақ қантты қант қайшысымен шағып, алдымызға «мә!» деп лақтыра салады. 90 жылдардың басында не нәрсе болса да қат кезінде, сол шақпақ қант пен тапа нан азығымыз болатын. Талонмен алынған бор кәмпитті қонақтар келген кезде ғана мүләйімсіп отырып, қағып кететінбіз. Сол шақпақ қант пен қазалының ащы кәмпиттерін әлеуметтік-экономикалық жағдайымыз жақсарды деп мақтанып жүрсек те таба алмайсың… Әжемдікіндей қант қайшы да жоқ қазір…
Әрі қарай

Қисайып алғым келеді

Тамақ ішкеннен кейін ұйқы неге қысады дегенде, бір қуақы адам ішің созылғанда, бетіңнің терісі төмен қарай тартылады деген екен. Менікі де сол, әбедте тамақ ішіп алғаннан кейін 15-20 минут қисайып алғың келеді. Менің әжем үнемі солай жасайтын, тамаққа отырарда қасына жастығын, көрпесін дайындап алып, 1-2 шесе шәйін ішкеннен кейін, қисая кететін…
Әрі қарай