Warning: Undefined array key "sMenuItemSelect" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/65f9c665d38b2d323ec4fe3b5142c38519ed8dbc.file.created.comments.tpl.php on line 259

Warning: Attempt to read property "value" on null in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/65f9c665d38b2d323ec4fe3b5142c38519ed8dbc.file.created.comments.tpl.php on line 259
>

Жарияланымдар


    Warning: Undefined array key "is_enabled" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 92

    Warning: Undefined array key "html" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 94

    Warning: Undefined array key "is_enabled" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 92

    Warning: Undefined array key "html" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 94
qyzylordalyq_jigit
Бұл мәселеде пікір білдіру үшін алдымен сауаттылық керек. Қазіргі қалыптасқан жағдайды білу керек. Осы туралы менің ойым төмендегідей:

Елімізде шартты түрде бірнеше контингент бар екені белгілі ғой —
а — көбіне қазақша сөйлейтіндер (10%),
ә — қазақша сөйлей алатындар, бірақ араластырып сөйлейтіндер (50%),
б — қазақша білетіндер бірақ мүлде сөйлемейтіндер (9%),
г — қазақша білмейтін бірақ үйренгісі келетіндер (1%),
ғ — қазақша білмейтін және үйренгісі де келмейтіндер (30%).

Осылардың арасында ұлттық мәселеге өздерінің пікірі айқын топтар олар — а, б, г және ғ. Яғни а және г топтары — ұлттың патриоттары, б және ғ — космполиттер я болмаса басқа елдің патриоттары.
Ал ең қауіпті топ ол — ә тобы. Олар не патриот боларын, не космополит боларын білмей басы қатып жүрген адамдар. Ұлттық идеяларға, ұлттық дәстүр, дін, ділге қарсы жұмыс істейтіндер — осылар. Өйткені нағыз космополиттер (б және ғ топтары) ұлттық идеяны дамытушы кісілерге кедергі келтірмейді, олармен қатар өмір сүреді.
qyzylordalyq_jigit
Иңләндта 3 пәннен емтихан тапсырдым. Бүкіл лексия парақтарын, сосын Пропессор көрсеткен сол пән бойынша негізгі 2-3 кітаптарын не ғылыми мақалаларын (жалпы 500 беттен астам материал) толығымен оқисың, толығымен сараптайсың. Келуі мүмкін сұрақтарды алдын-ала беру деген жоқ. Сосын 3 сағат жазбаша емтихан. Камерамен бақылап отырады, көшіру түгілі сұрақтарды 5 минут бұрын ашып қойсаң да бағаң төмендетіледі.
Онымен қоса курстық жұмыс жазу да бір азап. Көшіруге мүлде болмайды. Компьютер бағдарламалары бар, соған салып, қай жерден көшіргеніңді баттитып береді. Міндетті түрде оннан астам әдебиет пайдалану керек, жұмысты өз сөзіңмен академи тілмен ұғынықты ғып жазу керек. Бірінші курстық жұмыстан -3 алып, әрең өткеннен кейін, кейінгілерін жазу үшін кітапханадан шықпай оқитын боласың.
Дипломдық жұмысты енді айтпай-ақ қояйын…
qyzylordalyq_jigit
Нұрберген бауырым, сенің жазып отырғаның дұрыс. Еліміздің тыныштығы үшін соғысқан аталарымызды құрметтеу үшін жылдың шамамен 7 күнінде (5-11 мамыр аралығын айтып отырмын) жыл сайын көңіл бөліп жүрміз. Бұл өте дұрыс. Менің де атам соғысқа белсенді қатысқан, ерлігімен көзге түскен.
Мәселе бұл тағзым күнін атап өту-өтпеуде емес. Мәселе қосарланған стандартта.
Мысалы, мен үшін жылдың ең атаулы күндері — бесеу. Олар Тәуелсіздік мейрамы, Наурыз мейрамы, Құрбан Айт, Ораза Айт және қазақ халқының ашаршылық пен репрессия құрбандарына тағзым күні. Бірақ қалған күндер де өте маңызды, оларды да атап өтуге тиістіміз.
Қосарланған стандарт дегеніміз — жоғарыдағы 5 атаулы күнге үкіметтің аз көңіл бөлуі болып отыр. Жаңа жылға шамамен 30 күн көңіл бөлеміз, Жеңіс күніне шамамен 7 күн, Астана күнін шамамен 10 күн атап өтеміз де, Тәуелсіздік күнін тек 1-2 ғана күн, ал ашаршылық пен репрессия құрбандарына тағзым күнін тіпті мүлде еске алмаймыз. Мысалы, кеше 2 мамыр күні осы тағзым күні болды. Оны айтқан жан болмады, ал Жеңіс күніне 1 апта бұрын қамдану дәстүрге айналған.
Басқа маңызды даталарды да ұлықтау мәселесін қолға ала бастауымыз керек деп ойлаймын.
qyzylordalyq_jigit
Арналар пакеттері деген болады ғо, сондай бірнеше пакет жасау керек:
— Очень русский пакет (100 русскоязычных + 0 казахоязычных + 0 иноязычных)
— Средне русский пакет (50 русскоязычных + 3 казахоязычных + 3 иноязычных)
— Мало русский пакет (10 русскоязычных + 40 казахоязычных + 10 иноязычных)
— Қазақша пакет (40 қазақ тілді + 3 орыс тілді + 3 ағылшын тілді + 3 түрік тілді)
qyzylordalyq_jigit
Егер мен кабел ТВ-ның басшысы болсам, онда былай жасар едім:
Қазақстанның 40 арнасы, Ресейдің 3 арнасы, Англияның ағылшын тілінде 3 арнасы, Түркияның түрік тілінде 3 арнасы болар еді.
Ал қазір қалай? Қазақстанның 15 арнасы, Ресейдің және шет елдің орыс тілді 50 арнасы.
Осы жағы түсініксіз мен үшін. Неге мен өзіме қызықсыз және миыма зиянды орыс тіліндегі арналар үшін төлеуім керек???