Ұйғыр ауданындағы ыстық сулар
Бұл өлкеге баруды жоспарлағалы біраз болған еді. Әріптестердің көп мақтағаны себеп болды ма, әйтеуір Құрбан айттағы мини-каникулды пайдаланып, сол жаққа тартып кеттік.
Негізі өз күшіңмен барсаң да болады. Бірақ менің жолды білмеуім турфирма қызметіне жүгінуіме мәжбүр қылды, сәйкесінше көбірек шығындалуыма себеп болды. Ол туралы кейінірек.
Ұйғырштатының астанасы ауданының орталығы — Шонжы төңірегінде жер астынан шығып жатқан минералды ыстық қайнарлар көп деседі. Бұны сәтті пайдаға асыра алған кәсіпкерлер жыпырлатып демалыс орындарып салып тастапты. Геотермал сулардың емдеу-сауықтыру қасиеттері бар дейді, очм.
Біз PREMIUM SPA RESORT деген демалыс орнын таңдадық. Екі орынға арналған үйі 28 мың теңгеге шықты. Үйлері ұнады, дәл бассейннің қасында орналасқан екен. Үйдің ішінде жуынатын және/немесе тышатын әжет өтейтін бөлмесі, кіре беріс бөлмесі, и собстнно — жатын бөлмесі бар. Жатын бөлмеде үстел мен кереует, теледидар мен кондиционер бар. Кісі басына бір орамалдан береді. Бір жаман жері — бар болғаны осы ғана. Қалғанын өзің алып келуің керек екен немесе сол жақтан арендаға алу керек.
ЕСКЕРТУ: Бұл аймаққа бара қалсаңдар, жеке тазалық-гигиеналық қажеттіліктеріңді, тәпішке-халаттарыңды арқалап келіңдер.
Адамдар бұл жерге демалуға келетіні белгілі ғой, сәйкесінша анау-мұнай ұсақ-түйектерін арқалап жүргісі келмейді. Сабын мен тіс пастасын, халат пен тәпішкесін номер бағасына кіргізіп жіберсе болады ғой. Премиум деген аты бар ғой, қалай десек те. Номерде су ішетін стакан да жоқ болып шықты.
Біз таңғы жетілерде турфирма берген автобуспен шығып, түске жақын жеттік. Біздің тур 1 тәулікке арналған, келген күннің ертесіне түс мезгілінде алып кетеді. Біздің жолдамамызға сол күннің түскі асы мен ертеңгі күннің таңғы асы кірді (тегін дегенім ғой). Барған күннің кешкі асы мен ертеңге кетер алдындағы түскі асты өз қалтамыздан төледік (барлығы 4-5 мың теңгедей болған шығар). Әйтеуір кафе-ресторандары істеп тұр екен.
ҚЫЗЫҚ ЖАҒДАЙ: Бұл жақтағы үй жануарларының арасында мысықтар доминант екен. Есік алдына шығып, пиві ішіп, балық кеміріп отыр едік. Мысықтар айналамызды қоршап алды. Бұрын бұл хайуандардан естімеген небір дыбыс түрлерін естідім. Мен тастаған тамақ жерге түспей жатып, ішіндегі ірісі бір маңыраған дыбыстар шығарады. Бұл басқаларға ескерту деп түсіндім, типі «кетіңдер, бұл менікі» дегендей. Бірақ аш мысықтар оны тыңдамай таласа бастайды.
Жалпы территорияға талас, үлкен бәсекелестік өзара айбат шегіп, бір-біріне түрлі дыбыстар шығарудан байқалып тұрады. Бір қарны қабысып қалған ит келді сосын жанымызға. Оған да балықтың бір бөлігін беріп едім, тамағын мысықтардан әупірімдеп жүріп әрең алып қашты. Әрірек барып, жемтігін жерге тастады да, үстіне жатып аунай бастады. Бұл мысықтар тартып алмасын деп, өзінің иісін сіңірген әрекеті шығар деп ойладым. Очм, қызық жағдай :)
Демалыс орталығында 2 үлкен бассейн бар: біреу ашық түрі, тағы біреуі жабық павильонда. Ашық бассейннің қасында балаларға арналған шағыны да бар. Түсу жағынан ешқандай кедергі жоқ, адамдар түнде де шомылып жүрді, өйткені су температурасы 37-38 градус.
Қаншалықты емді, қаншалықты сауықтыру қабілеті бар, ол жағын айта алмаймын. Жылы суға түстім демесең, басқа айырмашылық жоқ сияқты. Суды бір бұрыштан ысытып, бассейнге айдап жіберіп жатса да білмейміз ғой :). Дегенмен иелері соншалықты арам емес шығар деп ойлаймын.
Осы жерге келгенде білдім, турфирмаға тым көп төлеппін. Біз алған екі адамдық номер 14 мың тұрады екен. Егер жолды біліп, астыңда көлігің болса — аз шығынмен барып қайтуға болады. Сервисті керемет деп айта алмаймын. Барып алып халықаралық сервис күтпеңдер. Номерлерінің жағдайы жоғарыда айтып өткенімдей. Енді, бәрі өте нашар деуге де дәтім тағы бармайды. Қызметкерлері жұмсақ сөйлеседі, бірдеңе сұрасаң тез көмектесіп жібереді. Әйтеуір кейбір жерлердегідей пофигизм жоқ, соны байқадым. Кафедегі официанттардың қызметі қаладағылардан еш кем емес. Дәл қазір болмаса да, болашақта бәрі жақсара түсетін секілді.
Жалпы ұйғырлардың өлкесі екені байқалып тұрады. Кейбір демалыс орындарының атауы ұйғырша, персоналдары ұйғыр, ауладан ұйғыр тілін естіп қалуға болады. Бізді алып кетуге келген автобус жүргізушісі ыстық бассейнге түсіп жатқан туристерге қарап:
— Оһ, ұйғырлар, ә?! Пайда табуды біледі-ей, — деп басын шайқап қойды.
Әрі қарай
Негізі өз күшіңмен барсаң да болады. Бірақ менің жолды білмеуім турфирма қызметіне жүгінуіме мәжбүр қылды, сәйкесінше көбірек шығындалуыма себеп болды. Ол туралы кейінірек.
Ұйғыр
Біз PREMIUM SPA RESORT деген демалыс орнын таңдадық. Екі орынға арналған үйі 28 мың теңгеге шықты. Үйлері ұнады, дәл бассейннің қасында орналасқан екен. Үйдің ішінде жуынатын және/немесе ЕСКЕРТУ: Бұл аймаққа бара қалсаңдар, жеке тазалық-гигиеналық қажеттіліктеріңді, тәпішке-халаттарыңды арқалап келіңдер.
Адамдар бұл жерге демалуға келетіні белгілі ғой, сәйкесінша анау-мұнай ұсақ-түйектерін арқалап жүргісі келмейді. Сабын мен тіс пастасын, халат пен тәпішкесін номер бағасына кіргізіп жіберсе болады ғой. Премиум деген аты бар ғой, қалай десек те. Номерде су ішетін стакан да жоқ болып шықты.
Біз таңғы жетілерде турфирма берген автобуспен шығып, түске жақын жеттік. Біздің тур 1 тәулікке арналған, келген күннің ертесіне түс мезгілінде алып кетеді. Біздің жолдамамызға сол күннің түскі асы мен ертеңгі күннің таңғы асы кірді (тегін дегенім ғой). Барған күннің кешкі асы мен ертеңге кетер алдындағы түскі асты өз қалтамыздан төледік (барлығы 4-5 мың теңгедей болған шығар). Әйтеуір кафе-ресторандары істеп тұр екен.
ҚЫЗЫҚ ЖАҒДАЙ: Бұл жақтағы үй жануарларының арасында мысықтар доминант екен. Есік алдына шығып, пиві ішіп, балық кеміріп отыр едік. Мысықтар айналамызды қоршап алды. Бұрын бұл хайуандардан естімеген небір дыбыс түрлерін естідім. Мен тастаған тамақ жерге түспей жатып, ішіндегі ірісі бір маңыраған дыбыстар шығарады. Бұл басқаларға ескерту деп түсіндім, типі «кетіңдер, бұл менікі» дегендей. Бірақ аш мысықтар оны тыңдамай таласа бастайды. Жалпы территорияға талас, үлкен бәсекелестік өзара айбат шегіп, бір-біріне түрлі дыбыстар шығарудан байқалып тұрады. Бір қарны қабысып қалған ит келді сосын жанымызға. Оған да балықтың бір бөлігін беріп едім, тамағын мысықтардан әупірімдеп жүріп әрең алып қашты. Әрірек барып, жемтігін жерге тастады да, үстіне жатып аунай бастады. Бұл мысықтар тартып алмасын деп, өзінің иісін сіңірген әрекеті шығар деп ойладым. Очм, қызық жағдай :)
Демалыс орталығында 2 үлкен бассейн бар: біреу ашық түрі, тағы біреуі жабық павильонда. Ашық бассейннің қасында балаларға арналған шағыны да бар. Түсу жағынан ешқандай кедергі жоқ, адамдар түнде де шомылып жүрді, өйткені су температурасы 37-38 градус.Қаншалықты емді, қаншалықты сауықтыру қабілеті бар, ол жағын айта алмаймын. Жылы суға түстім демесең, басқа айырмашылық жоқ сияқты. Суды бір бұрыштан ысытып, бассейнге айдап жіберіп жатса да білмейміз ғой :). Дегенмен иелері соншалықты арам емес шығар деп ойлаймын.
Осы жерге келгенде білдім, турфирмаға тым көп төлеппін. Біз алған екі адамдық номер 14 мың тұрады екен. Егер жолды біліп, астыңда көлігің болса — аз шығынмен барып қайтуға болады. Сервисті керемет деп айта алмаймын. Барып алып халықаралық сервис күтпеңдер. Номерлерінің жағдайы жоғарыда айтып өткенімдей. Енді, бәрі өте нашар деуге де дәтім тағы бармайды. Қызметкерлері жұмсақ сөйлеседі, бірдеңе сұрасаң тез көмектесіп жібереді. Әйтеуір кейбір жерлердегідей пофигизм жоқ, соны байқадым. Кафедегі официанттардың қызметі қаладағылардан еш кем емес. Дәл қазір болмаса да, болашақта бәрі жақсара түсетін секілді.
Жалпы ұйғырлардың өлкесі екені байқалып тұрады. Кейбір демалыс орындарының атауы ұйғырша, персоналдары ұйғыр, ауладан ұйғыр тілін естіп қалуға болады. Бізді алып кетуге келген автобус жүргізушісі ыстық бассейнге түсіп жатқан туристерге қарап:
— Оһ, ұйғырлар, ә?! Пайда табуды біледі-ей, — деп басын шайқап қойды.





Неге тек қана инвайтпен сатады? Бұған жас компанияның өндірістік қуатының әлі дұрыс жолға қойылмауы себеп болып отыр. Бір жағынан олар жаппай сатылым өзін ақтамай қала ма деп қорқатын көрінеді. Сондықтан, тек шақырулар арқылы сатылып жатыр.



Халықаралық нұсқада корпустың артқы жағында Cyanogen деген белгі болады, ал қытайлықта — жоқ.



Фотосурет: sports.ru
Фотосурет: vestnik-belovo.ru
Фотосурет: tengrinews.kz


— 1980 жылдары мотоциклдің астында қалып, бір аяғым қирап қалды. Операция жасалып, бірнеше айдан кейін гипстелген аяқпен үйге шықтым. Кейін анықталғандай, сынған сүйектің екі бөлшегі орындарынан ығысып, бірінің үстіне бірі шығып кетіпті. Бір аяғым содан қысқа болып қалды. Сүйек сынықтары бекімей жатып, операцияны екінші рет жасаймыз деді. Бұған шыдай алмаған мен ауылға кетіп қалдым. Қайын атамның үйіне барып, сол кісіден ем алғым келді. 
— 1990 жылдары көк мұздақта тайып құлап, екі жамбасым шығып кетті. Төсек тартып жаттым, отыра да алмаймын, жүре де алмай қалдым. Бұл хабар ауылдағы әкеме де жетті. Телефонмен қажетті ем-домын айтып жіберіпті. Сол айтқан нәрселерін жасап 9 күн жаттым. Бірде көзім ілініп кетіпті. Бөлмеге ұзын жылан арқалаған үш қыз кіріп келе жатыр екен. Шошып ояндым. Бірнеше минуттан кейін тағы көзім ілініп барады, әлгі картина тағы қайталанды. Осы түстен кейін диванда екі қолыма сүйеніп отыр едім. Алдымен бірінші жамбасым, содан кейін екінші жамбасым «тырс» еткен дыбыс шығарды. Сөйтсем, белім өздігінен орнына түсіпті.

Пәтер сатылымға шыққан кездегі суреттер


Диван-тахта 66 мыңға, шкаф 40 мыңға шықты. 