Жарияланымдар

"Алматыны алкогольдан құтқарайық" қайырымсыздық акциясы

Құрдастар мен жекжаттар, ертең жұманың кешінде, яғни қарашаның төртінде кезекті миссиямызға шығып, Алматыны алкогольдан құтқаруға қалай қарайсыңдар?

Еріктілер құрамына шектеу қойылмайды, қыздар ұлдар аралас болса анағұрлым көңілдірек болады. Кімде қандай ұсыныс бар? Уақыт пен орынды ұсына отырыңдар.

ПыСы: ұсынысты кеш айтасың деген соң, бір тәулік бұрын жазып жатырм, жүктібаймайдтар, осы тырысушылығымды да бағалай біліңдер :)
Әрі қарай

Кекіру мәдениетсіздікке жата ма?

Осы күні кекіріп қалсаң, жел ауыздан емес, арттан шыққандай бетіңе жаман көзбен аларып қарап жатады көпшілігі. "Кекіру - тойғанның белгісі" деп кекірген адамға "ас болсын" деп жатады ауылдық адамдар. Қалай ойлайсыңдар, кекіру мәдениетсіздікке жата ма? Әлде, кекіргенде тұрған ештеңе жоқ, оған аса мән беріп сөз етудің қажеті шамалы деп есептейсіңдер ме? Ойларымызды ортаға салайық.
Әрі қарай

Джек Лондон мен Санжар Сұлтанов



«Burning Daylight» (Күн жарығын өртеу) — Санжар Сұлтановтың алғашқы кинотуындысы. Картинасына Джек Лондонның үш шығармасын негізге алыпты: «Just Meat» (Тек қана ет), «To Kill a Man» (Кісі өлтіру) және «Burning Daylight» (Күн жарығын өртеу).
Әрі қарай

Етікті мысық. Кім ол?



Мысықтың бірдеңе сұрап немесе еркелеп жай ғана «Мияу» дегенін барлық адам баласы көрді немесе естіді. Бірақ құштарлықпен, даусын қоңырлата және байыппен маңғаздана «Мыияуу» деген мысықты көрдіңіз ба?
Әрі қарай

Burning Daylight (Уақыт күттірмейді): Онлайн, жүктеп алу



Бұған дейін, жамбылдық Санжар Сұлтановтың «Burning Daylight» (Уақыт күттірмейді) фильмі жайында айтқан болатынбыз. Интернетте соның DVDRip сапасы шығыпты. Соны өздеріңмен бөліссем деймін (ешкімге айтпаңдар, тсссс).
Әрі қарай

Әлемнің ең жылдам голы

Ресейдің екінші дивизионында ойнайтын Новосибирскінің МИТОС командасы мен Геленджиктің «Олимпия» командалары арасындағы ойында футбол тарихындағы ең жылдам гол тіркелді. Голды МИТОС ойыншысы Михаила Осинов ойынның басталғанын білдіретін ысқырықтан кейін бірден ортадан теуіп кіргізді. Матч 11 қыркүйекте болған.

Әрі қарай

Қонақты жақсылап қарсы алайық

Алматыға Сигма есімді атыраулық керекші келе жатыр. sigma ертең кешкі 9-30-да Алматы-2 вокзалында пойыздан түседі. Уақыты тығыз болғандықтан, дәл сол кеште, яғни ертең жиналсақ қалай болады деп ұсыныс тастап отыр. Мафия ойнайық деген өтініш білдірді. Қыздар, ұлдар не айтасыңдар? Кездесу ұйымдастырамыз ба?

Толықтыру: Қай жерге жиналамыз, соны да талқылай отырсақ.
Әрі қарай

"А"-ға оралу: бардық, көрдік, қайттық. Қайран ақша мен уақыт.



Жоспарлағанымыздай барып көрдік. Алып-ұшқан көңіл мен рухани ләззатқа асыққан сана-сезім кино басталмай тұрып-ақ бұзылды. Афиша сайттарда 3D нұсқада көрсетіледі деп жариялаған кинотеатрымыз фильмді қарапайым форматта беретін болды. Кінәлі тарапты іздеп жатпадық — ақпаратты қате берген сайт кінәлі ма, әлде кинотеатр ма? Оны анықтауға ниет те, жүйке де шыдамас, сірә.
Әрі қарай