Жарияланымдар

«Қазақфильм» фильмдері Арбатта көрсетіледі



28 мен 30 тамыз аралығында Алматыда Арбатта Шәкен Айманов атындағы киностудиясы отандық танымал актерлардың қатысуымен соңғы жылдар ішінде түсірілген фильмдердің көрсетілімін өткізеді.
Әрі қарай

Юлий Цезарға жасалған сәтсіз пародия

Сонымен, бүгінгі анонстаған рецензияларымызды ұсынамыз.




«Маймылдар көтерілісін» көргеннен кейін келген ой осындай болды (Тақырып атауын қараңыз).

Ресми суреттемесі естеріңізде ме? Еске салайын: Фильмдегі оқиға қазіргі Сан-Францискода өтеді және маймылдарға генетикалық эксперименттер жүргізген ғалымның төңірегінде өрбиді. Оның тәжірибелерінің нәтижесі маймылдардың интеллект дамуының жоғарғы сатысына көтерілуіне әкеліп соғады. Өздерінің бағыныштылық ахуалдарын түсініп, көтеріліске шығады және адамдарды табиғат иелері атағынан айырады.
Әрі қарай

Рецензиялар шайқасы: "Маймылдар көтерілісі"

Қисық пен Патиктің рецензия түріндегі шайқасы.



Алғаш рет рецензия түріндегі батл! Тақырып: "Маймылдар көтерілісі" фильмі.

Фильмдер үнемі екі жақты пікір тудыратыны белгілі. Біреулер мақтап жатады, біреулер даттап жатады. Біз де тыныш жатып алмай, екеуміз көрген бір фильмге екі түрлі рецензия жазып көрмекпіз.

«Керекинфо» сайтында. Бүгін. Күтіңдер!

Толықтыру: Батлға арналған рецензияларды мына және мына жерден оқи аласыңдар!
Әрі қарай

Тағы да Астрахань

Ресейдің Астрахань қаласында жаңадан салынып жатқан опера және балет театрының ғимараты ұнады. Көргенде аузымды ашып қалдым даЧ. Қарап отсақ, Астрахань жай провинциалды облыс орталығы. Бірақ, болашақ театрлары деген енді…

Архитектураға қызығатын керекшілерге керек болар деген үмітпен жаздым. Жобасы мынадай (биыл ашылады деп жатыр):
Әрі қарай

Таныс болыңыз: Камызяк құрамасы



Менің таныстырғалы отырған командам Қазақстандыкы емес. Ресейдің премьер-лигасында 1 жылдан бері ойнаса да, көпшілікке танылып үлгерген команда көрші елдің Астрахань облысы, Камызяк ауданынан. Қазақтар мекен еткен өлкеден келген команданың ерешелігі неде деген сұрақ туындайтыны сөзсіз? Айтайын: Олар бүкілресейліктер үшін түсінікті болсын деп бас қатырмайды. Өз ауылдарында айта беретін жаргондар мен сөз тіркестерін қымсылмастан айта береді. Сонысымен де жұртқа қызық шығар, әйтеуір залдағылар үнемі қыран-топан күлкінің астына қалады. Мысалы, сөз қорларында: «Түйууу...» (қазақтардың қателескенде айтатын энтонациясы ғой), «Ох, жук а?!» (Біреуге қапаланғанда), «Дүжш» (сот отырысындағы балғаның тарсылын ауызбан айтқандары). Осы секілді, тек Камызяк ауданының адамдары айтатын дыбыстармен Ресейдің көзайымына айналды  

Сонымен таныс болыңыз: «Сборная Камызякского края»
Әрі қарай

Высоцкий. Спасибо, что живой: Трейлер. Жұмбақ.


Режиссер Петр Буслов Владимир Высоцкий туралы фильм түсірді. Бұл картинаның бұрынғы баламаларынан ерекшелігі — сценериін Владимирдің ұлы Никита Высоцкий жазып шықты. Оқиға 1979 жылғы болған жағдайда суреттейді. Бұнда Высоцкий өзінің үлкен концерті кезінде жүрегі қатты қысылады. Алайда, ол клиникалық өлімге де ұшыраса да, ажалды жеңеді.
Әрі қарай