«Жаңа Өрмекші-адам» («The Amazing Spider-Man» — «Таңғажайып Өрмекші-адам») фильмі прокатқа қазақ тілінде шығады. «Меломан» компаниясы «Жаңа Өрмекші-адамның» қазақша трейлерін ресми жариялады.
Бұл саған гидрокостюм киіп алып, автоматтандырылған құрал-жабдықпен ешқандай айла-әрекетсіз оп-оңай ауланатын ойын-сауық түріндегі демалу емес, нақ. Және де судан шыққанда пеші бар машина, қайнап тұрған шайың жоқ. Бұл наху — сазанды түнде қазақша аулау.
Биылдан бастап қолға алына бастаған Голливуд туындыларын қазақ тіліне аудару жұмыстарының сапасы әр премьера сайын жақсармаса, еш төмендемеген емес. Бұған "Батыл жүрек" анимациялық туындысын көргенде тағы бір рет көз жеткізгендей болдық.
"Мадагаскар 3" Нью-Йорк зоопаркінен қашқан арыстан Алекс, зебра Марти, керік Мелман және сусиыр Глорияның ұзақ саяхаттан кейінгі "үйлеріне" қайта оралу жолындағы тағы бір әрекетін баяндайды. Бұлар осы жолы пингвиндер мен маймылдар жасаған ұшақпен келе жатып, тағы да апатқа ұшырайды. Елге қайтуға үміт үзілді дегенде, тағы бір мүмкіндік пайда болады: егер олар Еуропаны аралап, өнер көрсетіп жүрген цирктің құрамына қосылса, Нью-Йоркқа да жетуге болады. Бірақ өнерлі жануарлардың қатарына қосылу да оңай емес…
Прометей деген кім және не?
Аттас фильм туралы жазбас бұрын, атауына назар аударайық. Грек мифологиясында Прометей деген титан болғанын айта кету керек. Ол адамдарды құдайлардың қаһарынан қорғаушы болған. Аңызға сәйкес Прометей адамдарды топырақ пен судан жаратты.
Сондай-ақ, фильмдегі саяхатшылардың ғарыш кемесі «Прометей» деп аталады. Осы арқылы фильм атауында бірнеше түрлі мән-мағына жатқанын байқауға болады.
26-мамыр, яғни сенбі күні туған күнімді тақырыптық бағытта атап өтуді жүн санап отырмыз. Біз деуімде де себеп бар: пати керекшілердің штаб-пәтері — Жалғастың үйінде өтеді. Құр жай ішіп-құсып кетуге де болатын еді. Бірақ, жыл он екі айдағы бір күнді өзге сенбілерден ерекше ету қажет деп шештік Киностан авторлары.
Айдың бетінде салынған құпия түрмеге тоғытылған Борис (Джемейн Клемент) есімді өзгепланеталық келімсек агент Кейден (Томми Ли Джонс) есе қайтаруды ұзақ күткен еді. Міне, сол күн де келіп жетеді. Түрмеден қашып шыққан Борис, Жерге келіп өткен шаққа оралады дағы, тарихты түбегейлі өзгертіп жібереді. Ол агент Кейді өткен шақта өлтіріп тастап, адамзатқа қауіп төндіреді. Серігін құтқармақ болған агент Джей (Уилл Смит) де өткен шаққа оралып, бәрін орнына қоюға тырысады.
Әжуалаудың шебері Саша Барон Коэн ортамызға қайта оралды. Айта кету керек, оның өз фильмін премьера алдында жарнамалауда өзіндік тәсілі бар — бір жыл бойына (мүмкін одан да көп уақыт) соңғы шыққан кинокомедиясының образында жүреді. 2012 жылғы «Оскар» салтанаты мен Канн фестивалінде Алладин образымен басты назарда болған даулы комик, кезекті дүниесін экранға шығарды.