Ең алдымен, Әбіләкімнің өткен жолғы айтқан бұйымтайын орындауға жарамағаным үшін өзінен кешірім сұрайын деп едім.
***
Бүгін таңертеңнен мәшинеге мініп алып, кім екенін саусақпен көрсетпей-ақ қояйын, блогкемпке келген қонақтармен қаланы кішкене араладық. Өстіп, Алматының өзінде жүрсек те, қу тірліктің қамымен онша араламаған қаламен өзіміз де танысып алдық :)))
Бүгін бір дос баладан поштама келді. Хаттың тақырыбынан түсінгенім — хат авторының зәре-құты қалмаған сияқты. Төмендегі кітаптан сканерлеп алынған беттердегі сәуегейліктер Вангаға тиесілі-міс.
Осындай бір ескі әнек бар еді. Сол сияқты мына видео да боян шығар, бәлкім. Бірақ Эрик Абидальдың мына қылығын жаңа көріп… бөліскім кеп кетті опшым (футболшының атын да жаңа біліп отырмын) :))
Табандылығын қайдам, басын істете білетін жігіт екен.
Бүгін қай мағынада алып қарасаң да базар жоқ күн боп тұр өзі. Оған себеп, дәлірек айтқанда, себептер:
— Нұрекеңнің отызға келуі;
— Батыс өңірде көрісу мейрамының басталуы;
— WSB тұжырымдамасы бойынша өнер көрсетіп жүрген «Астана арланс» клубы «Бакудің оттарынан» кеш те болса кек қайтарыпты әйтеуір. 5:0 есебімен жыртқан екен. Жыртқыштар :)
Ерте, ерте, ертеде, очм, араққа су араласпаған таза кезінде, біздің ауылда самопал деп төмендегі суретте көрсетілген құрылғыны атаушы еді. Мұны басқа жерлерде пугач деп атайтынын өткен аптада ғана білдім.
Иілген мыс түтіктің түкпіріне "№36" деген шайдың қорабынан шығатын жылтыр қағазды түйіршіктеп тықпалап тастайтын. Түтіктің ішін толтырып емес, әрине. Содан оның ішіне үш-төрт немесе төрт-бес сіріңкенің басындағы күкіртті салады. Сосын түтіктің ішіне бас жағы иілген шегені салады. Түтіктің иілген құйрығы мен шегенің иілген басының арасына белесебеттің камерасынан қиып алынған резеңкемен керіп тартып қояды. Ататын кезде, жаңағы шегені түтіктен суырыңқырап, бас жағын іліністіріп қояды. Резіңкені қысқан кезде, шеге барып түтіктің түкпіріндегі күкіртке соғылып, нәтижесінде қазіргі қытайдың пиротехникасынікі сияқты дыбыс, кейде түтін, қараңғыда тіпті ұшқын шығарады. Соған мәз болып жүруші едік.
(Мұны неге жазып отырмын, суретте бәрі бар екен ғой :)) — просто Әбіләкімнің рогатка туралы жазғанынан еске түсіп кетті да)
Бұл жарықтық өзі шығыны аз нәрсе еді. Материалдық шығыннан тек үйден ұрлап алынған сіріңке ғана. Қалғандары машдвордағы комбайнның мыс түтіктерінен, белесебеттің жарылып, жамауға келмейтін камерасынан, шегеден тұрады. Кей сәндегіштер сыртынан насостың шлангісінің кесіндісімен қаптап қоятын. Оның сыртын изолентамен орайды.
«Екі күннен бері...» деген жазбадағы оқиғалар кезінде болған нәрселер:
***
Сенбі күні ай сайынғы әдетім бойынша ұлымды ертіп шаштаразға бардым. Алдымен Әлиді отырғыздым. Шашын алып жатқан кезде, қайта-қайта алдына түскен шашты қағып тастап, оЧм тыныш отырмады. Қайта-қайта «Тыныш отыр» деумен болдым.
Кезек маған келгенде ары-бері шапқылап жүрген. Екі-үш рет келіп, менің алдымдағы шашты қағып тастап өзінше мәз. Шашымды алып бола бергенде әйтеуір орындыққа барып отырды. «Еее, бағанадан бері жыбырламай, өстіп тыныш отырмай ма» деп қоям. Шашты алып болғаннан кейін қарасам, батырым ұйқыны соғып отыр :))
Реніш, өкпе, бауыр, жүрек, асқазан, т.б. дене мүшелері болмаса, екі күн бойы не істегенімді жазайын деп едім, уа нигі жақсы жама'ат!
Ауылға бардым. Шұғыл шаруалар шыққасын, төрт аптадан бері есіктің алдында қаңтарулы тұрған мәшинені ерттеуге тура келді (Ай басталғалы бері күндіз де, түнде де жұмыс істеп, таңертең бас мең-зең боп тұрғандықтан, жұмысқа автобуспен-ақ барып-келіп жүрген болатынмын). Уайымым жол еді, бірақ бекер алаңдаған сияқтымын. Жол нәп-нәрмәлні: көктайғақ жоқ, тек сәбеттің заманынан бері күрделі жөндеу көрмеген тас жолдың ана жері бір, мына жері екі жарым ойылып-ойылып кеткені болмаса. Әйтеуір, іштей «бісмілләміз» бен білетін дұғаларымызды айтып, орташа 60 км/сағ жылдамдықпен ауылға тартып отырдық.