Warning: Undefined array key "sMenuItemSelect" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/65f9c665d38b2d323ec4fe3b5142c38519ed8dbc.file.created.comments.tpl.php on line 259

Warning: Attempt to read property "value" on null in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/65f9c665d38b2d323ec4fe3b5142c38519ed8dbc.file.created.comments.tpl.php on line 259
>

Жарияланымдар


    Warning: Undefined array key "is_enabled" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 92

    Warning: Undefined array key "html" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 94

    Warning: Undefined array key "is_enabled" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 92

    Warning: Undefined array key "html" in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/application/tmp/templates/compiled/valley/4028b76e067800faa6a629abb3cdf8493e3e7f8d.file.nav.tpl.php on line 94
nurshat-alimkyzy
Мен Ақтауда 7 жасымнан бері тұрамын, руым адай да емес. Маңғыстаудың тәрбиесін әбден көрдім десем болады. Соның ішінде нақты осында айтылған жоралғыларға келсек, басқа өңірлердікінің барлығынан да ұнайды маған (ас та төк ысырапшылдық барлық жақта бар, ол әрине ұнамсыз). Әсіресе ұзатарда қызыл киіндіретіні — үйінен қыз болып аттанып жатқаны, қыз дәуренге тән келбетін соңғы рет көрсетуі. Ол енді ешқашан қызыл орамал салмайды басына. Бір халық әнінде "қып-қызыл орамалың бозарды ма сәулем" деп келетін жолдар бар, демек қыздар ғана қызыл тартып, келіндер тек ақ тартуы тиіс болған бұрындары. Барған үйінде шай құярда ерекше әдемі, арнайы тігілген (болашақ енесі әдейі тіктіріп дайындап қоюы тиіс 2-3 түрінен) шай көйлек, камзол, кәжекейін (жылдың мезгіліне байланысты жұқа-қалың маталардан тапсырыспен тігіледі) киіп, шашақты АҚ орамал тартып отырған келіншектен артық сұлулықты басқа қайдан көре аласыз? Ол киімін ағайын-тума есік көрсетіп, қонақ еткенде де киіп барады. Жалпы бөлек отауға шығып кеткенше ұзын көйлек, ақ орамалын тастамауға тырысады. Меніңше тәрбие деген осы. Өзге өңірлік бауырлар ренжімесін, халат пен тәпішке кигізгеннен гөрі, осындай сән-салтанатты келіншек болуды дәріптейтін Маңғыстаудың шоқтығы биік лайым.
nurshat-alimkyzy
біздің азаматтардың шетелге жұмыс іздеп кетуі — тек жалақы үшін ғана емес, ел көріп, саяхаттау үшін де қажет шығар. мысалы work and travel-мен кететін студенттер дәл сол жұмыстарды мұнда да жасап, күн көруіне болады ғой. Демек, табысы аз болса да ұсақ-түйек жұмыс істеуге ел танып, тіл үйрену үшін барады деп ойлаймын (Қазақстаннан гөрі жақсырақ дамыған елдерге).