Жоғары білімге жоғары талап керек
Биылғы жылы елімізде ЖОО-да оқу ақысы тағы да көтеріліп отыр. Қ.Р. Статистика жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қазақстанда барлығы 148 ЖОО бар. Олардың 53-і мемлекеттік саналып, онда 310092 студент немесе жалпы санының 49,9%-ы білім алуда. Қазақстандағы студенттердің 77,3%-ы ақылы негізде оқиды. Оқу ақысының көтерілуі жоғары білімге сай келе ме?Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін (ҚазҰУ), Каспий унисерситетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетін (ҚазЭУ), Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетін (ҚазҰТУ) және Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясындағы (ҚазБСҚА) оқу ақысын салыстыра келе бір мамандықтың әр оқу орындарында әр түрлі екендігіне көз жеткіздік. Мәселен, ҚазЭУ-де бакалавр деңгейінде бір жылға қаржы мамандығына оқу ақысы – 450 мың теңге, экономика – 360 мың тг, кеден ісі – 280 мың тг, ал ҚазҰУ-де сәйкесінше қаржы және кеден ісі – 635,8 мың тг, экономика – 560 мың тг. Ал Каспий университетінде экономика мамандығына оқу ақысы – 180 мың тг екен. Сондай-ақ құрылыс факультетіне ҚазБСҚА-да 350 мың тг болса, ҚазҰТУ-да 320 мың тг екен. Байқағанымыздай, бір мамандықтың оқу құнында едәуір айырмашылық көрінеді.


Алматыда тарихы ғасырға жуық бір орын бар. Ол – М.Мақатаев және Д.Қонаев атындағы көшелердің қиылысында, нақтылай айтсақ, Мақатаев атындағы көше бойында, жаяу жүргіншілер өтетін жерде орналасқан. Халық арасында бұл жер «Жетім бұрыш» деп аталып кеткен. Міне, біз сенбі күні «Жетім бұрышқа» келдік. Жаңбыр жауып, күн бұлттанып, қараңғыланғанына қарамастан қыбырлаған тіршілік уақыт өткен сайын қыза түсуде. Сағат күндізгі 15:30 -16:30 аралығындағы бір сағаттың ішінде мұндағы халықтың сұранысын, жанарындағы қалауын, үйді жалға берушілердің ниетін аңғарып қалғандаймыз.
Бүгін қазақ эстрада жұлдызы Досымжан Таңатаров Қызылорда қаласында Н.Бекежанов атындағы драма театрында жеке концертін өткізді.
Бүгін Орталық Азия қорының мультимедиялық журналистика курсы жобасының менеджері Назгүл Ақсариева осы курста білім алушы студенттермен кездесіп, өз жобасын кеңінен таныстырды.
Бүгін қазақтың белгілі жазушысы, Невада-Семей атомдық станциясын жабуға ат салысқан Олжас Сүлейменов 75 жасқа толды.Бұл мерекеге орай Семейде Олжас есімді азаматтар бас қосып, аспанға шар ұшырды.Солардың арасында Жазушымен аттас Олжас Сүлейменов