Латын әліпбиіне көшеміз бе? (Латын әліпбиінің жазбаша нұсқасы)
Латын әліпбиіне көшеміз бе? Көшетін болсақ, өмірлік маңызы бар пост! 😤
Әрі қарай


Біз әке-шешесінен бастап (аяз атасы да, жыласаң алып кететін орысы да бар болсын!), тәрбиеші, мұғалімі, көршісі, газеті, радиосы, теледидары, көсемі алдаған буынбыз. Біз де есесін қайтармай қалғанымыз жоқ әрине. Бірақ проблема олардың алдауында емес. Біздің сенуімізде. Әлі де сене береміз. Өзіміз өтірігімізді нықтау үшін теледидардан көрдім, газеттен оқыдым дейтін едік. Практикамды «Н» газетінің редакциясында өттім. Сонда апталық жұлдыз жорамалды шалдардың қалжыңдасып-қауқылдасып отырып сүйкей салатынын көре тұра, апталығын да, күнделіктісін де қалдырмай оқитындардың бірі едім… Қазір кез-келген БАҚ шошқаның сүйегін тастаса да, имандысмыз бар, имансызымыз бар бір бірімізден жұлып мыжғылаймыз-ау. Қазіргі адамдардың арасында өз бетімен бірнеше сайтты ашып, жаңалықтар оқитындар бірен-саран. Кәсіби саясаттану, журналистика не сол сияқты басқа да салада болмаса. Әлеуметтік желіде кім не шайнап берсе, соны жұта салады. Бірақ "өз көзқарасы", тіпті боқжағысуда өз принципі мен әдістері бар.
Мүмкін қазір сол алданған буынмен арпалысудан гөрі, өз балаларымыздың бойында ақпаратқа иммунитет қалыптастыру керек шығар. Не болса соны жұтпасын, бұрыс болса да әр нәрсеге өз көзқарасы болсын, БАҚ тарататын ақпаратты қабылдай білсін. Бұл үшін балаларға ең негізгі қағидаларды түсіндірген абзал.
Әр айтылған, жазылған ақпаратқа сеніп, қабылдай бермеңіз. Тіпті менің жазбамды қабылдауыңыз шарт емес. Ешкімге сенбеңіз!