Жарияланымдар

Пойызда

Бүгін Ақтөбе пойызымен Алматыға келдім. Келе жатқанда түрлі қызықтар болды.
Ең бірінші, қазақ жерінің табиғатына тағы да куә болдым. Алдында Семей-Қызылорда пойызымен қайтқанда(күндіз өттік, Ақтөбе пойызы түнде өтеді, содан көрмеппін) Түлкібас ауданының табиғаты керемет, қатты ұнаттым. Таудың етегінде жасылды-сары егін алқаптары, самсаған жемістер, бақтар енді табиғатына ғашық болдым. Бір сөзбен айтақнда, жұмақ дерсің.
Әрі қарай

Кездесу

Бүгін кешкісін алматылық блогшылар қауымы «Ориент» кафесінде Асхат ағай мен Кәмшаттың ауызашарға арналған дастарханына жиналды.
Әрі қарай

Тесік моншақ жерде қалмайды...

Бүгін қолөнерге алғашқы туындымды салып отырмын. Алдында Алтыградусқа газет пен қамырдан декупаж жасайтын болғам. Оған көп уақыт кететін болғандықтан, жасауға қол тимей жүр. Ал мына моншақтан гүл жасау оған қарағанда аз уақытты алады.
Әрі қарай

"Бұғы емес екеніңді дәлелдеп көр"

Осы жақында бір телеарнадан мынадай анекдот естігем: «Бірде орманда менттер бұғыларды ұстап жатады. Оны естіген қоян да қашып бара датқан көрінеді, сонда алдынан шыққан аю оған: «Сен неге қашып бара жатсың?»-десе, қоян: «Менттерге бұғы емес екеніңді дәлелдеп көр»,-депті.
Әрі қарай

Бұл менің тағдырым

Әкім Таразидың әйелі Роза Мұқанова өзінен 31 жас кіші.Ал енді бір қызық жағдайды Ә.Тарази былай деп еске алады: "Әлгі «Тұлпардың ізі» деген фильм, мақтаулы фильм көркемдік кеңеске өтіп, тұсаукесері болған күні 1964 жылдың 14-қазан айында өзіңнің осы жеңген Роза Мұқанова жаңадан дүниеге келіп, іңгәлап жатқан екен.
Әрі қарай

"Мен сендердің төбелеріңнен қарап тұрамын"

Бүгін Алматыда Студенттер сарайында белгілі, талантты журналист Руслан Бөлебайды еске алу кеші өтті. Кеште естеліктер мен жақын араласқан достары келді. Ол 1985 жылы Қызылорда облысы, Шиелі кентінде көп балалы отбасында дүниеге келген. Қазақ журналистикасында өзіндік ізін қалыптастырған, ерте жұлдызы жанған, 15 жасынан бастап қазақ Бұқаралық ақпарат құралдарында тырнақалды мақалалары жарық көріп, 2002 жылдан бастап республикалық, қалалық газеттерде тілші қызметін атқарды. 2005 жылы КТК телеарнасының тілшісі, 2008 жылдан бері «Қазақстан» ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі болды.
Әрі қарай

"Бір физиктің махаббаты"

Өмірде әр түрлі топтағы адамдармен кездесесің. Оның барлығымен ортақ тақырыпта сөйлесе бермейтінің анық. Жақсы адаммен өткізген жарты сағат, жаманмен өткізген мың күнге татымас дейді ғо. Кеше сондай бір жақсы ақын Әкім аға Ысқақпен болды. Бұл кім десеңіздер айтайын, Маржан Арапбаева айтатын «Соңғы вальс» әнінің, «Нұр-Мұқасан» тобы орындайтын «Іздеймін сені» әндерінің, сонымен бірге кім айтатынын білмеймін «Көңіл қымбат, адамдық сезім қымбат» деген өлеңдердің авторы.
Әрі қарай