Асқар Базарбай: Бодибилдинг жарнамаға зәру емес
Гастаны блогшыларға таныстырудың қажеті жоқ шығар. «Нұр Астана» газетінің кезекті санында оны оқырмандарымызға таныстырудың сәті түсті. Сұхбат төменде.– Блогосфераға қалай келдің?
— Студенттік кезімде мұғалімдердің кеңесімен ағылшын тілінде күнделік жүргізетінмін. Кейде қазақша, кейде орысша жазып кетіп жүрдім. Сонау 2005-ші жылдары орыс блогосферасында күнделік жүргізе бастадым, онда өзімнің қалалық тіршілігімді, оқыған білгеніме көзқарастарымды жазып, жеке өмірімдегі өзгерістерімді баяндайтынмын. Бейтаныс адамдарға сыр ақтару оңай ғой. Оның үстіне орыс блогосферасы сол кездегі қазақ сайттарына қарағанда еркіндеу болатын. Қызықсыз, құнсыз сандырақ жазсаң, тезектен алып, қиға салып, тақияңды теріс кигізіп жіберетін (тап қазіргі Керекинфо сияқты). Ақыл сұрасаң барымен бөлісетін. Ал қазіргі қазақ блогосферасына әлдеқайда кешірек келдім. Бір кездері атышулы бейресми solai.de – сайты болатын. Оның мықты тұсы мейілінше либералды форумы болатын. Талай блогерлерге сынақ ортасы мен шынығу майданына арналған форум менің де содан кейінгі баяндау стиліме үлкен ықпалын тигізді.

Жә, тақырыпты көріп жерден жеті қоян тапты екен деп ойлап қалмаңыз. Аздап қатысы бар алайда. Астанаға келгелі алғаш рет уикэндте ешқайда шықпай үйде жатып кітап оқыдым. Бары осы. Әуелі Эдгар Поның «Алтын қоңызын» қайтара бір оқып шығуды мақсат еттім. Бұрын да оқыған кітабым ғой. Зырылдатып отырғанмын. Тек, бір тұсқа келгенде аздап күмілжіп қалдым. Осыдан бірнеше жыл бұрын Мағауиннің «Жармағын» оқып шыққан едім. Сол кезде оқиға желісі сондай таныс көрінді. Әңгіменің ортасына жетпей жатып-ақ, соңында екеуі бір адам болатынын сездім. Алайда, неге екенін, қалай оны білгенімді түсіне алмай қойдым. Дежа-вью. Поны оқып отырғанда тура осындай сезімде болым. Себебі, оның 



Батыс әлемі реті келсе мұсылмандарды тұқыртып алуды жөн санайтынын талай мәрте дәлелдеген. Бұл жолы исламға қарсы пікірді швейцариялық азамат білдіріпті.
Оның аты Нәзірбек(Nezirbek). Мюнхен қаласында тұрады. Мұстафа ағамыз бен Нүрилә жеңгеміз 1980 жылы үйленген екен. Тұңғыштары Нәзірбек 1981 жылы туылған. Қазіргі таңда бухгалтерлік мамандығы бойынша жұмыс істейді.