Жарияланымдар

Поздные зажигание немесе бірінші посттың орнына

Алдында бір @bindis деген қолданушы шегімізді қатырып еді. Сол кезде менің есіме өзімнің алғаш осы сайтқа тіркелгенім түсіп кетті. Сол туралы айта кетейін. Неменеге мына бәле бала қайта мылжыңдап отыр демеңдер. Қарап отырсам бәрі алғашқы постын
Әрі қарай

Тим Лотт: «Рахмет, Анашым! Маған өмір сыйлағаныңыз үшін, мені шексіз сүйіспеншілікке баулығаныңыз үшін!»

8 наурыз халықаралық әйелдер күні болғанымен әлемнің көптеген елдерінде «аналар күнін» тойлау үрдіске айналған. Бұл күні көптеген балалар аналарына арнап шынайы хат жолдайды. Сондай хаттың бірін 3 сәуір күні «The Independent» газетінің тілшісі Тим
Әрі қарай

Сендерде қандай?

Тура осы сайттың сол жақ ең үстінде тұратын «Kerekinfo» деген суреттің артқы фоны сәл өзгеше секілді көрініп жүр маған. Шынымен сондай ма?
Әрі қарай

Бесік той

Елдің бәрі 28-не Алматыдағы кездесу жайлы айтып жатыр. Бармағандықтан ба кеудемде аздап қызғаныш сезімі аласұрады. Әбілдің, сені ма @bleackbeard!
Очм менің ол жаққа бара алмауыма себеп болған бір нәрсе бар еді. Немере қарындасым Інжудің бесікке
Әрі қарай

Дін және білім туралы ой

Қазақта :«Көрдім деген көп сөз, Көрмедім деген бір сөз» дейді. Гректің атақты философы, Сократ: «Мен білемін өзімнің еш нәрсе білмейтінімді, басқалар оны да білмейді» деп, бір-аз нәрсе біліп алып «айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жаратындар » туралы
Әрі қарай

Өмір өз бейнең

Баласы мен әкесі тауды аралап келе жатыр еді. Кенеттен бала шалынып кетті. Ауырсынған ол «Аааааааа!» деп айқайлады. Баланы таң қалдырып, таудың басқа жағынан «Аааааа!» деп оған дауыстады. Таң қалған бала: «Сен кімсің?»-деп айқайлады. Ол «Сен кімсің?»
Әрі қарай

Сақташтар «сақтап» отырған жерін тарата бастады

Ауылшаруашылығы министрлігі шүлен таратып жатыр. Шүлен болғанда анау мынау емес — Жер! Қазақтың жерін. Осыдан екі жыл бұрынғы қазақы қоғамның айқайын құйрығына да қыстырмастан билік Қытайға жер беруді бастады. Шығыс Қазақстан облысының аумағы мен Алматы облысының құйқалы өңірінен.
Былтыр Израиль барған сапарында Терещенко дейтін асыранды алпауытымыз «Оңтүстік Қазақстан облысынан жер беремін, келіңдер де кесіп алыңдар» деп ебірей жұртын жарылқап қайтқаны есте. Ебірейдің қазақ жеріне «түрен салғаны» туралы әзірге нақты дерек жоқ, ал енді орыс пен белорыстың кедендік одақ аясында қойын қоншымызға қол жүгіртетіні аныққа айналды. Бұл турасында Ауылшаруашылығы вице-министрі Сақташ Қасенов дейтін «мырза» жария етуде (дерек көзі:Bnews агенттігі).

Сақташтың орыс пен белорысқа «сақтап отырған жері» 10 жылға жалға берілмек көрінеді. 10 жылдың ширегінде жалгерлер ауылшаруашылығына тиімді жерлерді игеріп, кәсіп көздерін ашуға тиіс екен. Оның үстіне, қандай да бір біріккен кәсіпорын ашыла қалса, бақылау пакеті қазақтың (дәл осыған күмәніміз күшті) қолында болады-мыс. «Әгәрәки, жалгерлер жерді мақсатсыз пайдаланса, қайтарып аламыз» деп қоқиланып қояды вицеміз.

Естеріңізде шығар, Қазақстан азаматына жер 49 жылға жалға беріледі. «Біз шетелдіктерге де жерді 10 жылға жалға беруге қақылымыз» дейді Сақташ Қасенов. Сақташтың түсіндіруіне құлақ ассақ, орысқа ауылшаруашылығы жерлерін жалға беру деген мемлекетіміздің азық-түлік қорын қамтамасыз етуге саятын қауіпсіздік шарасына ұқсайды. Қайтейік енді, далиып жатқан даламыздан қорек тауып жеуге қауқарсыз ел болсақ, құрсағымыз шұрқырағанда құмырсқаның дәнін көтеруге құлшынысымыз жетпесе, жерді жалға байлап тастап шалқалап жатқанымыз жөн-ақ қой. Былай да қазақ жерсіз. Жер алпауыттары қазақта Ромин Мадинов, Сергей Кулагин, Сергей Терещенко дейтін кісілер. Оларды ойдай әспеттеп «латифундистер» дейміз. Қазақы «латифундистеріміз» — Амангелді Ермегияев дейтін қарынбайлардың қатарында. Олардың иелігіндегі жерлер Жетісудың Іле Алатауы баурайында; Нарынқол, Кеген жайлаулары деседі құрық сүйреткен жұрт. Біздің қарынбайлар қазақ егін ексін, малөнімдерін өңдейтін зауыт салсын, ауылшаруашылығына жаңа технологиялар енсін деп жүрген жоқ. Қарқ-қарқ күліп, танауды тарқ-тарқ тартып: ет жеп қымыз ішкенге, құмар ойнап, құлқын толтырғанға мәз. Ал, тоғайлы, нулы-сулы жердің тежеусіз қожасына айналған шешендер (Маловодное ауылында болған оқиғаны еске түсіріңіз) мұздай қаруланып алып иелігіне аңдаусыз аяқ басқан қазақты да, қазақтың малын да қаңғыбас ит құрлы көрместен атып тастайды. Алматы сияқты халқы мол қалаға таяу маңдағы көкөністі, дақылды жерлер кәріс пен ұйғырдікі. Атырау, Қызылорда жағындағы құмды жерлерге өзбектер қызанақ пен қарбыз егуде. Солтүстіктегі шығымды жерлердің дені орыс диаспорасының меншігінде.

Соя дейтін ғажап өсімдік туралы естуіңіз бар ма? Соя қара топырақты, құнарлы жерде өседі. Соядан май алынады. Соядан… ет жасалады. Қазекең қаужаңдап жегенді жақсы көретін кәдімгі ет! Сол сояның «сырын» қытай мамандары сығырая зерттеп жүргенін ақпарт көздерінен оқып қалатынбыз. Алматының төрінде есінеп қана отырған Ахметжан Есімов Ауылшаруашылығы министрі болып тұрған кезінде сояны тамырынан сорғалатқан күйі қытайлардың қолына ұстата салды. Міне, азамат! Азаматымыздың Атымтай Жомарттығының «нәтижесінде» соя салып тоя тамақ іше бастаған Алматы облысының дихандары нәпақасынан қағылып, қазір көздерінен сорасы ағып жылап отыр. Өйткені, сояны қазақ жеріне қытай салатын болыпты.

Қазір қырдағы қазақ азын-аулақ малға, мал қазаққа қарап тұр. Биылғы кәрлі қыстан қазақ құр сүлдері шықты. Төл кем. Малдың аналық, аталық басын жұт жұтты. Оны есептеп, қаперге алып отырған үкімет жоқ. Есесіне, Үкіметіміз қазақтың қарауындағы қарайған жерді тартып алудың қамына кірісуде. Бүгін Үкімет отырысында Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков «қазақ қызық, бес бас асырайды да мың гектар жерге иелік етеді, Еурпода мысалы, бір ірі қара бір гектар жерге ғана жайылады. Біз де сөйтуіміз керек. Жерді дұрыс пайдаланудың жолы осы» деп бір-ақ қайырды. Біздің министрлер айтпайды, айтса істейді. Әсіресе, қазақ бейшараны қан қақсататын шаруаға келгенде қатты қимылдап бет қаратпайды. Қысқасы, 1990 жылдардағы жаппай жекешелендіру науқанымен қазақтың пайдасына шешіліп кете жаздаған жер мәселесіне біздің үкіметіміз қытайдың, орыстың, тағы басқа сыртқы күштердің қысымына шыдай алмай қайрылып соғуда. Қазақты бар байлығы, ең соңғы тірегі, ұлттық әм тарихи бітім қайнарының тамыры — ата баба жерінен мәңгі айыру үшін.

Қазақтың тайғанақ жадысын тағы бір жаңғырта өтейік: осыдан екі жыл бұрын ҚР Ауылшаруашылғы министрлігі арабатар мен үнділерге де жерді жалға бермек болған. Демек, қазақтың байтақ өлкесі аз жылдардан соң сәлделі араб пен жартылай жалаңаш үндіге, т.б. көз көріп құлақ естімеген өзге де «кетпенбас» халыққа кенелмекші. Олармен бірге көпұлтты Қазақстан жаңа дәстүр мен әдет-ғұрып, жол-жоралғы, ырым-сырымға да байи түсері анық.
Дерек көз
Әжесстің, өткенде Алматыға барғанда көрдім, әпкем бір бөлмелі қуықтай үйде тұрады екен. Мынаны оқыған соң айтарға сөзім жоқ