Жарияланымдар

Танысайық

Менің атымның Көкбөрі екенін білесіздер. Енді бір-бірімізбен жақын танысқан жөн болар деймін. Себебі алда ұлы дүрмек, ұлы той — Blogcamp. Сол кезде бір біріміз туралы бiліп қалай араласатынымыз туралы ойланып жүрген де орынды болар деген ойдамын. Бірақ бұл жерде аты жөніңді айтып, өз мінезіңді тілге тиек еткеннің пайдасы жоқ, адам өзінің мінез құлқын дәл суреттей алмайды. Сондықтан мынадай ұсыныс, бәріміз өзіміздің ұстанатын ұстанымдарын (принцип) нақылдармен келтірсек. Ол біреу ме, бірнешеу ме маңызды емес, ең бастысы өзінің ұстанымы болсын. Өздері шығарған нақылдар адамның өз характерін аша алмауы ғажап емес, сондықтан ұлылардың ұлағатымен білдірсе нұр үстіне нұр болар еді деген сенімдемін.
Әрі қарай

Астанадан алған әсерлерім (Asaubota-ға арналады)

Сонымен келесі кезек құдіретті де күшті, «патшалардың патшасы» талай басшылардың басшысы, алтыннан ардақты админіз asaubota ағзамның нысанаға ілінген қасиеттеріне ден қоймақпыз. Ол кісімен де сол Zhan бикештің жанында таныстық.
Әрі қарай

Астанадан алған әсерлерім (Zhan-ға арналады)

Құрметті керекшілер, мен баяяяяяяяяғда айтам деген постымды бастағалы жатырмын. КВН нің «Маусымашарына» барып, онда Астаналық керекшілермен кездесіп қайтқанымды алдыңғы постымда жазғанмын. Өкінішке орай ол пост «Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді» дегендей өшіріліп қалды. Оқып үлгірсеңіздер онда қалай кездескенімді жазған болатымын. Енді сол кездесуде танысқан Керекинфо тұрғындары туралы түйгенімді баяндаймын.
Әлқисса, мен кезінде психологияға қатты қызығып соңынан түскенім бар. Кейін қартайғасын тастадық. Соның әсері ме, кез келген адаммен кездескенде оның қандай адам екен деп ойланып, ойша саралаймын. Керекшілермен кездескенде де сол әдетімнен жазбай, әрқайсысына өзімше баға бердім. Соны сіздерге айтқым келіп отыр.
Әрі қарай

Махаббат, ғашықтық, сүйіспеншілік

Осы жұрт дегенді бір мағына деп айта беретін болды ғой. Соны екшелеп айыру керек секілді. Жалпы, ғашықтық деген бір жақты болады емес пе? Ол жігіттің немесе қыздың біржақты сезімі. Ал, махаббат деген екі жақты сезім. Бір бірін сүйген кезде ғана махаббат пайда болады. Ал сүйіспеншілік деген махаббаттың қазақшасы деуге де болады. Оны ғашықтықпен шатастыруға әсте де болмайды. «Менің саған деген махаббатым» деген басталатын өлең жолдары қате сөйлем меніңше. «Саған деген сезімім» десе дұрысырақ секілді, т.б.
Пы.сы Менің осы постты ілуіме себеп, қазіргі кезде осыларды сапырылыстырып айта беретін болыпты. Сосын білгенімді бөлісейін деген ой келді. Бұл ойлар менің жеке аз ғана зерттеуімніңссстен туған қорытындым еді. Сосын тағы айтарым, махаббат туралы өздеріңіздің нақыл сөзге ұқсаған пікірлеріңізді білдірсеңіздер екен. Тек өздеріңіздің
Әрі қарай

Қазақтар әлемді жаулап барады

Қазақтардың мықтылығын мойындап, қол қойғаныма жиырма жылдан асып бара жатыр екен. Содан бері өзімнің ұлтшылдығымды мойындап, қол қойғаннан кейін, ендігі мәселе кейінгілерге ата бабамыздың ұлағатын насихаттау деп түйіп қойғанмын. Алайда тарихқа тартыс күннен күнге өршіп бара жатқанға ұқсайды. Бірі Шыңғысханды қазақ қылуға талпынса, Бірі қытай Елшібайды ата бабам деп соғып та жібергені жасырын емес. Алайда, әлқиссасы алда…
Әрі қарай

Орыстар орыстарды жек көреді екен (парадокс). Түк өзгертпедім

Ғаламторды ресейлік саясат серкелерінің, бизнесмендердің, журналистердің өз халқына қатысты айтқан «қанатты сөздерінің» жиынтығы шарлап кетті. Оқи отырып жағаңызды ұстайсыз, осындай тұлғаларға тізгін ұстатқан халықты аяйсыз, енді бірде орыстардан шошынасыз.
Әрі қарай

Үйдегілер менің кітап оқығанымды ұнатпайтын (Аяның постынан кейін)

Мүмкін сіздер таң қалатын шығарсыздар, бірақ бұл шындық еді. Қай ата-ана баласының кітап оқығанын қаламайды деп те ойлап отырған шығарсыздар, бірақ бұның себебі жоқ емес еді. Әлқиссаны әріден бастайық…
Мен кішкене кезімнен кітап оқуға құмар болдым. Неше жасымнан бастап кітап оқығаным есімде жоқ. Бірақ апамның айтуынша кішкене кезімде әпкемнің әдебиет кітабындағы «Керқұла атты Кендебай» деген көлемді ертегіні оқып жатып, шаршап ұйықтап кеттіппін. Демек, ол кезде мен алты жаста едім. Содан бері ес жиып, етек жапқалы кітаптан кітап қалдырмай оқыдым. Не таңдау жоқ, не талғам жоқ, әйтеуір алдыма келгенін асай оқи бердім. Қызығы сол, оқитын кітап болмаса, үйдегі бұрынғы кітаптарды қайта-қайта оқып тастайтынмын. Тіпті «Абай жолының» өзін бес-алты рет парақтаған екенмін. Бірақ бұның пайдасы тиді. Алтыншы-жетінші сыныпта оқыған эпопеяны студент кезімде емтиханда айтып беріп (тіпті, өлеңінен үзініді келтіріп бердім), бес алып кеткенім бар(Алайда ол кітапты тек ұзақ жылғы үзілістен кейін, универ бітірерде бір-ақ оқыдым). Мақтанып кеттім білем, негізгі тақырыпқа оралайын. Сол талғамсыз кітап оқудың салдарынан кітап оқымасам отыра алмайтын дәрежеге жеттім десем де болады. Жарық сөніп қалған кезде шам әкеліп оқыдым. Ал ол кез барлық нәрсенің қат кезі ғой. Содан таңда солярканың таусылғанын көріп, күйінген үйдегілерден таяқ та жеп алдым. Содан соң қараңғыда кітап оқисың, соқыр боласың деген диагноз да өз әсерін тигізбей қоймады. Оның үстіне қаражұмысқа жалқаулау мен үйге кісі келіп жатқанда жатып алып кітап оқитынмын, ондағы миссия шаруа жасамау. Өйткені кітап оқып жатқан баланы жан жаққа жұмсауды көп қонақтар жөн көрмейді. Ал, олардың алдында үндей алмай, өздері жүгірген аға-апаларым мені тайраңдатып қойғысы тағы келмейді. Міне сүйтіп, кітап оқу да маған біраз жүк болғаны бар. Әйтсе де қазір кітап оқуды ептеп қойып келемін. Дегенмен әлі күнге кітап не газет оқысам болды, жан жағымды естімеймін. Тіпті тарсыл гүрсіл, маған қойылған сұрақтар, жооооқ…
Әрі қарай

Мұқағалиға сый жасайықшы

Құрметті Керекшілер, маған мынадай ой келді. ХХІ ғасырдың жастары үшін Мұқағалидан артық ақын жоқ секілді. Өзі де келер ғасырдың ақынымын деп кеткен жоқ па?! Олай болса, осы Керекинфоға жазылған әрбір жазбаға пікір ретінде Мұхаңның өлеңдерінен үзінді келтірейік(әрине, бір-екі күндікке). Тек үзіндіңізді пікіріңізге лайық болатындай етіңіз(яғни, әйтеуір бір Мұхаңның өлеңі ғой деген өлең жолдары емес). Бір жағынан Мұхаңа сый жасаймыз, екінші жағынан өзіміздің интеллектуалды қабілетімізді сынаймыз. Қалай ойлайсыздар?
Әрі қарай