Жарияланымдар

Көгерген «Көктем»... көгертпеді...

Сағат тілі зырғыған сайын, жүрегім аузыма тығыла береді.  Әр секунды мен үшін өзіме деген ыза мен өкпені арттыра түседі. Қаншама қысылтаяң сәттерде өзімді алып шығар табандылығым мен жанкештілігім қайда кетті...?
Әрі қарай

Қазақ тілі пәнінің сағатын азайту керек!

Дұрыс!
Себебі ме? Бірнешеу!
Өйткені бұрын аз болған, 2007 жылғы 25 қаңтардағы ҚР БҒМ-нің №25 бұйрығының негізінде факультатив сабақтардың есебінен 2010 жылы қазақ тілі пәнін 2 сағатқа көбейтіп жіберіпті. Ал бұл өзге тілдегі мектептердегі бағдарламаны шым-шытырық қылған да қойған.
Әрі қарай

Баламның атын Аршат қойдым

Жақында әлеуметтік желілерде "ұлды болдым, ағайын" деп жар салғаным бар еді. Сол кезде осындағылардың көпшілігі мені құттықтаған болатын. Ал шынында менің ағам ұлды болған-тұғын. Алайда тұңғышы ата мен әженің баласы болатындықтан, әулетте әкемнің орнындағы маған бала болып есептеліп, ағайындарым мені құттықтады. Өйткені әкемнің орында әулеттің жиынында маған сөз сөйлетуші еді. Енді анам екеумізге бала болған бұл нәрестенің атын қою мәртебесі маған тапсырылған-ды. Ендеше неге менің балам деп атамасқа деп твиттерге жазып жібердім.
Әрі қарай

Хайуаннан қай жеріміз артық?

— Ух — деп демімізді алдық. Мамыр айының соңы. Оқушыларға сабақ, бізге жұмыс тамамдалды. Яғни жазғы демалыс. Сонымен не керек, біздің академия осы жылды аман-есен, жақсы аяқтадық деген ниетпен молда шақырып, құран оқытып, мал шалды. Бәле-жала осы жылмен кетсін, келесі жыл мамыражай болсын деген ниетпен…
Әлқисса, менің осы мектепке келгеніме екі жыл өтіп кетіпті. Осындағы кездерімді есіме алып отырғанымда, белгілі бір оқиғаларға байланысты кейбір сәттер есіме түсіп соны баяндағым келіп отыр.
Әрі қарай

Абзал жандар ма, арам жандар ма?

«Милиция мен медицинаға күнің түспесін»
Осы сөздің түрлі нұсқасын естіп жүрсем де, онша көп мән бермейтінмін. Тіпті «Ана жақта дәрігерлер бүйтіпті, мына жақта сүйтіпті» деген қауесетті де елемейтінмін. Алайда, басыңа түссе ойлана бастайды екенсің.
Әрі қарай

Керемет сурет

Бүгін мен жұмыс істейтін Кіші өнер академиясында «Ашық есік күні» өткен болатын. Оқушылар концерт өткізіп, өздерінің жасаған сурет, киім, түрлі бұйымдарынан көрме ұйымдастырды. Солардың салған суреттерін қарап жүріп, мына сурет қатты ұнады. Оқушылардан сұрасам, Ғайнетова Диляра дегентоғызыншы сынып оқушысының еңбегі екен. Небары он төрт жастағы қыз баланың бір түнде тушпен салған суреті. Мерилин Монро мен Одри Хепберн

Монро мен Хепберн
Әрі қарай

Академияның суретшілері

Мен жұмыс істейтін жер — Атыраудағы дарынды оқушылардың бас қосқан өнер шаңырағы. Ең алғаш келген кезімде ондағы оқушылардың талантын көріп қатты таң қалғанмын. Еуропаның көптеген елдерінен құр қол келмейтін өнерлі өрендерді дайындап отырған мектепті осы кезге дейін білмейтін едім. Сондықтан оның әрбір жеткен жетістігіне таң қалумен ғана болдым. Тек мен ғана емес, өзге Атыраулықтарға айтсам да, «солай ма еді» деп таң тамаша болады. Себебі, қанша жерден жүлдемен оралса да, елге танымал бола алмай келеді. Сол үшін ғой Ал мына суреттер сол мектеп оқушыларының дипломдық жұмыстары.
Әрі қарай

Қисаңдатып жүруші едік

Кезінде «Love is...» деген сағызды қисаңдатып, дәмі кеткеніне бір жылдан астам уақыт болса да шайнап жүруші едік қой. Нағыз ауызымыз талып қалса, құлақтың артына жапсырып, іш пысқанда алып жіберіп тағы да қисаңдатуды бастайтынымыз тағы бар.
Әрі қарай

Дей берсін

СЫНШЫҒА СЫН
Бiр әдебиет сыншысының вилласының есiгiнде “қабаған ит” деген жазуы бар тақтайша iлулi тұрыпты. Оған бiреу қарындашпен: “Иә, солай. Бiрақ принциптен жұрдай”, – деп жазып кетiптi.
Әрі қарай