Жарияланымдар

jaina
Ұмытпасам 2004 жыл ғой деймін. Әйтеуір команданың бас әрпі Е-ден басталатыннын білетінмін.
jaina
Менің сіңілім қазір АҚШ-та жүр еді. Уайымдап отырмыз.
jaina
Фанат болған жақсы -ау… мен ақтөбедегі стадионға бір-ақ рет барыппын. Онда да стадионға президент келіп, университеттегі студенттерді көрермен ретінде апарғанбыз. Сол матчқа 1 апта дайындалдық, күнде студенттерді стадионға апарып анау ана жерге, мынау мына жерге отырады дегендей, қалай айқайлау керектігін үйретті. Ұмытпасам Ақтөбе-Екібастұз ойнады. 2005 жыл ғой деймін. Президент 20 минуттай отырды да шығып кетті, оның артынан біз де шықтық. Сыртта фанаттар кіре алмай жүр екен, біз оларды итере сыртқа шықтық, олар бізді итере ішке кірді.
jaina
Осы ән керек болып тур, қалай жүктеуге болады.
jaina
Қуанышың ұзағынан сүйіндірсін, қос ұлы бар азамат!!!
jaina
Менің де туған жерім Арал қаласы
jaina
Осыған ұқсас Мұқағалидың да өлеңі бар еді ғой…
Жүрегімде жүргені-ай бір қауіптің,
сабағындай шырмайды шырмауықтың,
үмітпенен, арманмен, күдікпенен,
өтіп жатыр зымырап, зырлауық күн…
Шешем менің еңкейіп бара жатыр,
қай күні келер екен нала батыр.
Жел маған сыбырлайды аят оқып:
«бір күні айырыласың, қара да тұр…»
Шешем менің иілген сұрау белгі,
сәл ғана шаттық көрді, жылау көрді,
қалай ғана қалпына келтіресің,
дауылдар майыстырған мынау белді.
Ұлың сені ұжмаққа бергісі жоқ,
ұжмағың да тамұқ қой көргісіз от.
Осылай көз алдымда жүре берші.
Сұраулы сөйлемдердің белгісі боп».
jaina
Сейфуллин мен Қырықбаевтар жақсы араласады ғой деймін, әйтеуір құда болып келді ғой
jaina
Динара Қырықбаеваның ағасы Шыңғыс Ақтөбенің аруын алып жатыр. Ұзатылу тойы 8 маусым күні «Жастық» мейрамханасында өтті. сол тойға осы Жолбарыс ағамыз құда болып келген еді.Сол кезде кездестірген шығарсыз. Тойды керемет әндерімен көтеріп тастады.
jaina
mpg оқымайды, оны арнайы программаға салып авиге айналдыру керек. mpg-ті пинакл оқиды.
jaina
ия таңдайды, ол тек ави файларды ғана оқиды.сіздікі қандай форматта еді?
jaina
Мен АdоВе Primere Pro 1.5 программасымен жасаймын. қандай эффект керек еді?
jaina
Менің баламның аты Юсыф. Әжесі қойған. Жүсіп пайғамбардың аты, құранда Юсыф деп жазылған екен, солай қояйық деп. Аты Юсыф десем, көпшілік Асау жүрек екен ғой деп жатады. Қазір түрікше сәби есімдері көбейіп кетті ғой… насихаттың күштілігі болар.