Жарияланымдар

Сіз тұрған жерде қандай бизнес жақсы жүріп жатыр?

Айына 1 млн таза табыс беретін қандай шаруамен айналысса болады? Оған шамамен қанша қаражат құю керек, т.с.с толығырақ? Өзіңіздің тәжірибеңізден, туыс-таныстарыңыз болса… Қалада, ауылда болсын, не істеуге болады өзі? Сіз тұрған жерде қандай бизнес жақсы жүріп жатыр?

Мен білетін қалталы кісілер — кезінде бір жерден конкретно басып қалғандар немесе нелегал тірлікпен айналысып түрмеден аман қалғандар. Өзі жасап бір жігіттер шамамен 250-300 айына, тек маусым кезінде 2-3 есе көп табады.

P.S: сетевой маркетинг ұсынбаңыз)
Әрі қарай

Эстафета: 2013 жылдың қорытындысы

P.S: Айтабердегі жазбамды көшіріп қойсам, ешкім ренжімейтін шығар?

Көп бопты ғо жазбағалы. Жалпы, жазатын ештеңе жоқ. «Енді неге жаздың?» дегендерге жазбаның блогына, немесе шаңырағына бір қарап қоюыңызды өтінем. Сол, қысқасы
Жалғасын оқиық

Армандарға оралу

Барлығымыз бала кезде армандадық. “Өскенде кім боласың?” десе әрқашан жауабымыз дайын. Арман демейміз, дәл солай болатынына кәміл сенетін едік.

Кейін өсе келе бәрі бос қиял екендігін мойындадық. Мектеп қабырғасында, жоғарғы сыныпта өзге арман, мақсаттар пайда болды. Бұл мақсаттарымызда отансүйгіштік сезім басым, “ертең еліме қызмет етем” деп ойламаған оқушы жоқ шығар.

Өкініштісі, студенттік шақта, оқу бітіргенде бұл мақсаттардың быт-шыты шығады. 4 жыл біреулерге ойын-күлкімен, екіншілерге қосымша жұмыс істеумен өтеді. Бас алмай оқығанмен елімізде ЖОО-ң жағдайы мәз емес. Бітірген соң, жұмыс таппағандар не ауылына қайтады, не уақытша өзге жұмыстарға орналасады. Немесе магистрға түседі Әйтеуір, әркім бұйырған жағына барып, жаңа өмірге аяқ басады. Бұл кезде тек ақша табуды ойлайтынымызды жасырмайық. Себебі, ақша жетіспейді. Үй керек, үйлену керек. Болашағыңа алаңдайсың. Сондықтан, өзге ойларды ысырып қойып, ұнасын-ұнамасын таңнан кешке дейін барың салып жұмыс істейсің. Бұл жағдай әрбір жігіттің басынан өтті десем артық болмайтын шығар.

Күндердің күні түбі шамалы реттеледі ғой бәрі. Тәжірибе жинақтайсың, әр нәрсеге өзіндік ұстанымың пайда болады. Өзіңе деген сенімің нығая түседі. Міне, осы кезде(әлбетте, оған дейін де) мектепте қалып кеткен армандарға оралу керек.

Бүгінде елге қызмет етуді қалай түсінесің?
Бұрын өз-өзіңе қандай уәде берген едің?
Бұрынғы мақсаттарыңның қайсысын бүгінгі таңда жүзеге асыра алар едің?
Өзің жасамасаң да неге келесі буынға көрсетпеске?

Бұл замандастарыма жай ғана еске салу болған. “Ер ел үшін туады, ел үшін өледі” дейді. Қазір ең керемет кезең. Еліміз аман, жұртымыз тыныш. Ізденген адамға мүмкіндік, еңбек еткенге кәсіп көп. Десекте, дүние алма кезек, ертең не күтіп тұрғаны белгісіз. Еліміздің жарқын болашағы үшін қолымыздан келгенін жасаудан аянып қалмайық! Істеріңізге сәттілік. Елге қызмет етейік!

http://erekeenu.wordpress.com/
Әрі қарай

Анашыма виртуалды әлем сыйладым

Осы жаз ауылдан қайтар түні анашым электронды поштаға хат жолдауды үйретуімді өтініп еді. Жұмысына қажет екен. Броузерде жұмыс істеуді, интернеттен ақпарат іздеу, және агенттпен сөйлесуді көрсеткем.
Әрі қарай

Ақтауға астаналық көзқарас

“Басы қатты болса, аяғы тәтті болады” дейді. Алдымен, кем тұстарын жаза кетейін. Ақтауда айтарлықтай 3 мәселе:

Су

Көше тазалығы

Аталар

Астанада да суды сатып алып ішетінбіз, бірақ, бізде әр жерде литры 5-10 тг аппараттар, одан қалса WaterLife, Хрусталь секілді суды тазартып сататын компаниялар бар. Мұнда жақын маңнан таппадық, 5л 240 тг алуға тура келеді. Бұл – ауыз су. Жуынатын су таңмен ауыз шайғанда бір түрлі дәм келеді. Жалпы, келгелі бірнеше рет душқа түсіп алдық. Ақсайдың суынан жақсы екен, болады)
Жалғасын оқу

Қазақша сөйлемесем ше?

Бүгінгі күн дүйсенбі болған үшін бе, күллі әлемге негатив шашып, улағым кеп тұр. Бүкіл өткен-кеткен реніш-өкпемді жинастырып, еске алып, өз-өзімді аяп, өзімді сондай бір әділетсіздіктің құрбаны сезінгім кеп отыр — деп күлкім кеп кеткені)))

Көпшіліктің сөзін сөйлеп, ығына көшіп немесе көпшілікке қарсы шығып, атым шығару мақсат емес. Дұрыс/бұрыс болсын тек өз ойымды айтқым келеді. Біреу түзелер, не мені түзер. Себебі, қоғамда менің қауашақ миыма симайтын құбылыстар көп. Соның бірі — қазақ тілі мәселесі. Нақтырақ айтқанда, бүкіл ФБ толған “қазақша сөйле” деген лозунгтар.

Бұл сөзді қазақ қазаққа айтып жатса қабылдауға болады. Бірақ, бұйрық райдан гөрі “Ана тілің арың бұл” деген сөздер жақсы әсер етеді ма деп ойлаймын. Өзге ұлттарға қазақша сөйлеуін талап ете алмаймыз. Біріншіден, менің тілімде сөйле деп ешкімге бишара болмайықшы. Екіншіден, адам өзге тілді, көбіне, тек қажеттілік болған соң ғана үйренеді. Неге ауылдағы орысың да, кәрісің де қазақша сөйлейді? Неге қаладағы қазақ орысша сөйлейді? Себебі, бізде қала мен ауылда екі тілдің сұраныстары бірдей емес.

Осы ғана ғой, мәселенің басы. Керек болса, орысың қазақтан бетер сайрап кете алады. Олай болса, әрбір өз ана тілін құрметтейтін қазақ жүрген жерінде өзгелерге үлгі болу керек. Қазақша сөйле, тарихыңды біл, ұлттық құндылықтарыңды жеткіз. Шу шығарып, даурыққаннан нақты істермен мақсатқа тезірек жететін сияқтымыз. Бізде, әсіресе, тағы да бір жыным келетіні — бірдеңе жасау керек болса, міндетті түрде мемлекет оған ақша бөлу керек. Бәрін жоғары жаққа ысыра салады. “Балық басынан шірейді” деген мақал билік басындағыларға ғана арналмаған. Сонда елім-жерім, тілім деп еңіреп жүрген патриоттығымыз қайда қалды?

Мемлекеттің қаржыландыру саясатын былай өзгертсе екен: бірінші мемлекетке қарызға істейсің, бәрі ойдағыдай шықса — мемлекет ақшаңды қайтарады. Міне, осы кезде нағыз бір-біріне бәсеке жобалар шығар ма еді. Нағыз елдің қамын ойлағандар мен өз қарнын ойлағандардың арасы ажырар ма еді. Әйтпесе, “аспандағы айды әперем” деген жобалар біршама уақыттан соң беті бүлк етпей, банкрот болып жатады. Не деген жауапсыздық бұл?(((

Мәселенің шешімі қаражатқа емес, адамдардың патриоттығына тірелуі керек. Рас, елім деген азамат елі үшін тегін еңбектенуден таймайды. Қажет болса, бірігіп күш жинайды. Мемлекетке тіреп қою — ол жалқаулардың, қорқақтардың, аузымен орақ оратындардың, ақша жасап қалғысы келетіндердің, т.с.с. далбасамен айналысып жүргендердің ісі.

Жақында елбасы мемлекеттен қаржы бөлу кезіндегі олқылықтар жайында сөз сөйлеген болатын. Бұл мәселенің елбасыға жеткеніне қуаныштымын. Келер жолы қатты қаралатын болар деп сенемін.

Уффф, кеттім, суып кеткен әбетімді ішейін…
Дереккөз
Әрі қарай

Қазақ IT үшін

21 ғасырда қай елді болмасын алға сүйрейтін IT саласы екеніне ешкімнің дауы жоқ болар. IT адам өмірінің салаларына енген сайын біз IT-ды жақсы білетіндерден тәуелді болып қала бермекпіз. IT теңеспей өзгемен теңесеміз деу қиын-ақ.
Әрі қарай

Қандай сайтты қалар едіңіз?

ҚазНетте бір-бірінен тек тақырыбен ғана ажыратылатын сайттар көбейіп кетті. Бұл жақсы да шығар. Өз басым, жалықтым. Бұларды «жоба» деп атауға келмес, өте баяу дамиды, табыс та әкелмейді. Қанша жерден мықты жүйе болғанмен сайтың жайлы админдер қайсың ауыз толтырып айта аласың? Орташа сапа, орташа талап, орташа өмір — ешқашан прогресске әкелмес. Жаман да болсын, бәлкім, өзіміздің «ориджинал» жобамызды жазамыз???

Сонымен, сіздің қалауыңыздағы сайт қандай болуы мүмкін еді??

Қиял, тілектер жаудыра берулеріңізге рұқсат!
«Алдыңа бір пост қойдық, пернетақта бос қойдық»))

P.S: Жазба өте жылдам жазылды. Артық кетсем, айып етпең. Кейін бір сүзіп шығармын.

Upd: Жазбадағы мақсат Қазнет сайттарын даттау емес, жалпы, шығып жатқан жаңа сайттарға пікірім және өзге қолданушылардың қалауын білу ғана.
Әрі қарай