Жарияланымдар

Ұялып отырмын...

Сыныққа сылтау дейді ғой… Ұяттымын. Сөзімде тұрмадым, бастаған ісімді дұрыстап аяқтай алмадым.
Сағынның ісі туралы түсірген сюжетіміз екі апта бұрын дайын болған, бірақ сайтқа әлі шықпай жатыр. Веб-бағдарламалаушымыз босамай жатыр. Өзім де ауырып қалып, қадағалай алмадым.
Бүгін бағдарламаның 117 саны жазылған диск «Алматы» арнасына жөнелтілді. Құдай қырсығынан сақтаса, алдағы жексенбі күні сағат 17-00-де эфирге шығуы тиіс. Ал облыстар оны өткен аптада көріп алды, өйткені спутник арқылы жүретін таралым «Алматыдан» бір апта бұрын.
Ерінбесеңіздер, жексенбі күні теледидар көріңіздер.
Әрі қарай

Қайтсем екен?

Екі аптадан астам уақыт ғаламтордан алыста болыппын. Сұмдық. Өмірден мақұрым қалғандай күй кешіп жүрмін.
Алдыңғы күндері поштамды ашып қалсам… Масқара… Екі күн реттеп, босаттым әйтеуір. Сөйтсем, ішінде мынадай бір қызық хат жүр. Али деген біреуден. Басында мән бермегем. Жаңа бір әзірде бос уақытым болып, ашып көрдім.
Мазмұны мынадай:
Әрі қарай

Әбіш деймін, шай іш деймін!

Әбіш есімді бір қазақтың окопта жатып түс көріп, ояна кетсе, немістер «Ауфштейн» деп тұрғаны туралы байканы әкем мен ес білгелі айтып келеді. Сақалы сапсиып кетті біраз сол анектің.
Әрі қарай

Өлтіріге кит әкел!


Жақында бір жиен сіңлімді ұзаттық. Орыс мектебінде оқыған қыз.
Тойдың болғанынан боладысы қызық емес пе. Қазақтың бітпейтін жоралғысын атқарып болғанша, ырымдарын орындап болғанша…
Әрі қарай

"Ит сорлысы көшбасшыға ереді"....

— Мама, мені ертең өзіңмен бірге ала кетші…
— Мен жұмысқа барам ғой…
— Мен үйде сенсіз қалсам, менің жүрегім қатты қамығады. Өтінемін, мама, мені өзіңмен ала кетші. Мен сенсіз қалай өмір сүремін?
Әрі қарай