Бүгін өлгелі тұрған интернетпен отырып, mail.ru-ды аша қалсам, ~Anarka~ хабарлама жіберіпті. Хабарламада не жазғанын айтпай-ақ қояйын. Бірден орындауға кіріскелі тұрмын.
Микроблогқа жазған соңғы жазбаларымды осында жазуды жөн көрдім. Ұнаса +, ұнамаса жұмыртқа лақтырып, адамның абыройын төкпеңдер:)))))
Мен нағыз ақымақ екенмін. Соны түсіндім. Жоқ нәрсе мен өткенге үміт байлап отырмын. Жүрегім бұлай ауырмаған еді.
Менің орнымда басқа біреу болса, сені әлдеқашан кең ғаламынан мәңгілік өшіріп тастаған болар еді. Әйтпесе… Менің дәл қазіргі ызам тап осылай. Басқаша жеткізу мүмкін емес.
Соткам сынды. Сотканы қоя берші, жүрек тас-талқан болды ғой… Не деген түсінбейтін адам деп ойлаймын ішімнен. Әлде әдейі… Кешір мені құдайым-ау!
Қайрааан БАҚ, МАСС МЕДИА или СМИ
Оқып, көріп, жылап ал, кейде жыми. (Жылқышы Өзбек 2011 жыл)
Бүгін Азаттық радиосы, Платон, Nur, Маса, Абай атты ақпараттық сайттары "Қазақстан президенті әйелдердің хиджаб киюіне қарсы" деген тақырыпта бірнеше мақалалар жариялады. Оқығыларыңыз келсе сілтеме мынау.
Осы мақаланы оқып түйгенім, көптеген БАҚ өкілдері, оқу орындары Нұрағаның осы айтқанын негізге ала отырып өз шеңберінде хиджабты шешкізу операциясын бастап жіберетін сияқты болды.
Стивендер мен Джеймстерді шаң қаптыратын қазақтың қарадомалақ режиссері қашан туылады (немесе шығады) екен.
Сағат таңғы 6:04… aktobe88 сайтта отыр…
Бүгін 2 жарым сағат уақытымды бөліп, "Қыз Жібек" көркем фильмін тағы да қарап шықтым. Шіркін, не деген фильм десеңізші?! 70-інші жылдарда түсірілген көркем фильм болғанымен, сол бір кезеңдегі қазақ сақарасының бүгіні мен ертеңін бір-бірімен ұштастырып жатқандай…
Алдыңғы күні біреу түсімде: — Мысыққа басыңды сипатып көрші. Соның өзінен де мейірім сезінесің!-дейді.
Талғат, Жәнібек, Аяулы, Гүлжан, Серік, Айбек, Балжан… Санап біте алмайсыз. Өйткені адам есімдері өте көп.
Осыдан сегіз ай бұрын анам маған қоңырау шалып өзінің жүкті екенін айтты. Қуанғанымды-ай! Енді міне айы, күні жақындап, УЗИ дегенге түсірген екен, қыз екендігін айтыпты. Қалпағымды аспанға лақтыра қуандым. Қалпағым әлі түскен жоқ:)
Құрметті де көңілі ашық керекинфо блоггерлері. Сол қарындасыма ат керек енді. Анамдікі сияқты (Анамның аты — Бірсұлу) ешкімдікіне ұқсамайтын, ешкімде жоқ ат қойғым келеді.
Ойларыңызда жүрген (немесе ойланып) жақсы есімдерді осында жазсаңыздар, дән риза болатын едім…