Жарияланымдар

Үнсіз әлем

Купеден шығып, шетсіз де, шексіз даланы тамашалап тұрғанбыз. Вагонға баяғыдан таныс ағай кірді. Кітаптарын тастап кетті. Поезға мінген сайын ол да саудасын жасап жүреді. Мұңайып жүргенін көрген емеспін, үнемі күліп жүреді. Жұбайым қарап-қарап бір шөп дәрілер жинағын алды. «Бір жерің ауыра ма, не үшін алдың, әлде анаңа ма?»-деп сұрадым. «Жоқ, ана кісіні аяп кеттім. Менің қол-аяғым сау болса да, құлағым естіп, көзім көрсе де, сол сияқты үнемі күліп жүре алмаймын»,-деді. Жұбайымды одан да қатты жақсы көріп кеттім. Қазір үйге барған соң, жақсы көретін палауын дайындамасам…
Әрі қарай

Қорғансыздың күні

Ғаламтордың беттерін парақтай отырып, бір жаңалыққа кезіктім. Шашым тік тұрды. Жүрегім қан жылады. Ағасы інісінің жұбайы қайтыс болғаннан кейін оның кәмелетке толмаған екі қызын алты жыл бойы зорлап жүріпті, оны ешкім аңғармапты. Кіші қыздың аяғы ауыр болғанда ғана жағдай белгілі болған екен. Ол қыздардың әкесі ағасын сотқа беріпті. Ал соңғысы кінәсін мойындаған екен. Бұрын мұндай жаңалықтарды шетелдерден еститінбіз, енді мұндай сорақылық өзіміздің қалада, өзіміз тұратын ауылдарда, өзіміздің қара көздеріміздің арасында жаппай етек алып жатыр. Тіпті өзінің балаларына зорлық көрсетті деген жантүршігерлік жаңалықтарды жиі еститін болдық. Адам сонда малдан да кем болып, соншалықты азғындап кеткені ме? Оның астындағы пікірлерді оқып, одан сайын шошыдым! «Ол қыздар ол ағасынан ақша алғысы келіп, өздері оның нәпсісін қоздырған, содан ол ақша төлегісі келмеген соң, полицияға шағымданған шығар» — деп жазыпты әлдебіреу. Алды 13-те, кішісі 10 ақ жаста болған он екіде бір гүлі ашылмаған қыздардың ондай ойы болуы мүмкін бе? Ең сорақысы – біздің құлағымыз ондайға бірте-бірте үйрніп бара жатыр… Анасын, қызын, қарындасын, кімді зорласа да елемейтін болып бара жатырмыз. Соншалықты азғын, соншалықты нақұрыс еркектерді неге Алла тағала жер басқызып қояды екен?
Мұхтар Әуезов атамыздың «Қорғансыздың күні» әңгімесі есіме түсті. Ол кезде де болған, қазір де бар, сонда ешқашан тиылмай ма?
Әрі қарай

Орамал таққан қыздар қандай жақсы!

«Баурасын жүрегіңді балдай нәпсі,
Тәнімді тамашалап таңдай қақшы» –
Деген ой сезілмейтін жүрісінен,
Орамал таққан қыздар қандай жақсы!
Қымтанып, қиналмай-ақ жандары шын,
Көрсетпей бөтен көзге ар-намысын.
Шілденің аптабына шыдайды олар,
Тозақтың жалынына жанбау үшін.
Көпшілік сырттарынан не демейді?
Ал олар соның бәрін елемейді.
Алланың разылығын іздегенді,
Адамның қаңқу сөзі бөгемейді.
Әр ісі тұнып тұрған мағынаға,
Дәл мұндай тәрбиеші табыла ма?
Жақсы ана болады олар ұрпағына,
Жақсы әйел бола алады жарына да.
Соларға қолың жетсе – бағың жанды,
Ұғасың шаттығыңның барын мәңгі.
Ұлтымның ұятының ұясындай,
Сыйлаңдар хиджаптағы аруларды.

www.azan.kz сайтында Makpal атты қолданушының посты
Әрі қарай

Адамның күні адаммен

Жұмыстан келе жатқанымда мені үйіміздің ауламызда бір келіншек тоқтатты. Сіз осында тұрасыз ба? — деп сұрады алдымен. Осы көппәтерлі үйде тұратындығымды айттым. Сізден көмек сұрайын деп едім, — деді. Содан кейін оның мектепте оқитын қызын осы үйде тұратын ұл бала ұрып, оның миы шайқалып, оған дәлел болатын медициналық қорытынды да бар екенін айтып, көрсетті де. Менен сұраған көмегі — сол бұзақы балаға мінездеме жазу еді. Сөз арасында арыз бергеннен бері бір ай өткенін, одан бері іс қозғалмай жатқанын, ол баланың әке-шешесі мүмкін құқық қорғау органдары өкілдерінің ауыздарын майлап қойғанын, бірақ куәгерлердің көп болғанын, олардың куәлік еткенін де айтты. Ал мен не істедім? Бұл сөзіне ойландым да, мен ол баланы білмейтіндігімді, бұл үйге жақында ғана көшіп келгенімді айттым. Бірақ мен өтірік айттым, өйткені мен ол бұзақы баланы танитынмын, оның анасын да. Ол баланың үлкендермен салғыласып тұрғанын, тас лақтырмаңдар дегендерін тыңдамай, керісінше істеп тұрғанын да көргенмін. Бірақ бәрі сатылып алынған болса, менің жазған бір парақ қағазымнан не пайда болар деп ойладым.
Енді сол оқиға ойымнан кетпейді, ал менің қызыма біреу сондай зорлық көрсетсе ше… Мен де солай көмек сұрап жүрсем ше.....Құдай бетін әрмен қылсын, бірақ менікі дұрыс емес болды…
Әрі қарай