Жарияланымдар

Тетрис электронды ойыны

Тетрис
Тарихи анықтама. Тетрис Совет Социалистік Республикалар Одағының туындысы, ойлап тапқан Алексей Пажитнов, 1984 жылы 6 шілде күні халыққа таныстырыпты. Ойын атауы екі сөзден құралған «тетрамино»* және «тенис».
Әрі қарай

Электронды ойындардың ағалары -механикалық ойыншықтар жиырма бірінші ғасырда



Механикалық ойыншықтар өзінің көрнектілігімен ерекшеленеді. Ойын баланы сергітіп жетілдіретін жаттығулардың бірі. Ойыншықпен ойнау баланың саралау жасау қабілетін, дүниетануын кеңейтеді. Бірнеше ойыншықты қарастырып өтейін.
Әрі қарай

Үнсіз диалог

Түнгі аспан
Түн бетіндегі шыр-шыр, сыр-сыр еткен шегіртке дауысы бәсеңдей берді. Бұлшық еттер шымыр-шымыр етіп тітіркенгендей. Естіледі қатайған деміміз ап-анық.
Әрі қарай

Cоғысты өткерген әйел мен еркек. 71 жыл Ұлы Отан соғысы басталғанына

Негізгі кейіпкерлер өмірден алынған, әңгіменің көп бөлігі ойдан шығарылған. Тарихи факт емес, әңгіме ретінде қабылдаңыздар.

Тағдырына соғысты өткеруді жазған Бөлеубай ата және Женя апа, сіздердің аруақтарыңыздың Құрметіне!
Уақыт тоқтаған емес, секундарын минутқа, сағаттарын тәулікке, жылдарын-жылға қосқанда отыз жыл өтіпті. Жаз шыға үй іші мені ылғида жоғалтып жүретін.
-Біздің кішкетай ұлды көрдіңдер ме?
-Көрген жоқпыз.
Дәл сол мезетте көрші Бөлеубай ата мен Женя апаның үйінің ас ішетін бөлмесінде отыратынмын. Жеген-ішкенім есімде жоқ, бірақ қолымда ұстаған үлкен күміс ас қалақ еміс-еміс көз алдыма елестейді. Үзік-үзік болып есте қалған тәтті естеліктердің бірі.
Әрі қарай

Әңгіме. Қас -қағым сәт

Күтпеген кезде, аяқ астынан, өмірге қауіп төніп тұрса, қауіптен құтылу үшін жасалатын әрекетті ойластыру үшін қанша уақыт қажет? Көптеген адамдар өлім мен өмірдің арасында қалғанда, таңқаларлық жылдамдықпен шешім қабылдап, дер кезде жасаған қимыл іс-әрекеттерінің нәтижесінде аман қалады.
«Алдымда жол көріністері жылдамдығы баяулаған кино секілді алдымнан өтеді, рульді оңға-солға бұрамын, аман-есен қалудың амалын жасап көрудемін. Әйтеуір аман қалдық, шын мәнінде автокөлігімізді зырылдауықша айналдырып келеді ғой, қажет кезде автокөлігімді бұрып үлгердім, әйтпегенде төтесінен ауып түсіп дөңгелете берер еді, онда аман қалуымыз екі талай» деген қуанышпен айтылған сөздерді естігенмін.
Бірақ адамдар бастарынан өткергенді баяндамас бұрын тыңдаушыларына күмән, күлкі, жеркеніш әкелетін тұстарын сананың сүзгісінен өткізеді. Сұрап та білу мүмкін емес жайттарын өздерімен бірге әкеткендері де бар.
Сіз ғажаптарға сенбейтін скептик болсаңыз да, мүмкін дәл қазір көзқарасыңыз өзгеретін шығар.
Қас-қағым сәт секундпен, миллисекундпен есептелмейді. Кей-кезде миллисекундтер өмірдің өлшеусіз мол мезеттіне айналады.
Ауыл баласының жаз айындағы ермектерінің бірі велосипед тебу.
Ауылдың жоғарғы жағынан төмен түсетін көшемен жүргенде екі қабатты, кірпіштен салынған, жасыл түсті фасады бар мектеп ғимараты көрінетін. Ауласы биіктігі бел тұсына келетін бетон қашамен қоршалған.
Велосипедпен зымырап келемін, көше басынан кіші болып көрінген мектеп, үлекейіп келеді. Дәл мектеп қақпасының тұсында жол шұғыл оңға бұрылатын.
Бұрылысқа тақап қалдым, рульді бұрсам велосипед бағытын өзгертіп бұрылмайды. Алдыңғы дөңгелегі жолдың шетінде төгілген қиыршық тас үстіне шығып кетіпті. Қиыршық тастар үстінде велоспед дөңгелегі жер бетімен үйкеліс күшін жоғалтқандай сырғып барады.
Менің жағдайымды бақылап тұрған көше тұрғындарының бірінің дауысын анық ести бастадым, құлақ арқылы емес, дәл бастың ішінен ап-анық естіледі.
-Ана бала өлді ғой, өлді -деген сөздерді ести, велосипед басқарусыз қалғанан бастап түскен ерекше күйім -баяулаған уақыт, шын мәнінде зымырап өтіп бара жатқанын, өмірімді сақтауыма қажет әрекеттерді біреу маған түсіндіріп жатпай-ақ басыма бірден құйя салғандай болды.
Бетон қашадан қашпақшы болғандай, кері бағытқа денемді жантайтып жерге қарай құлай түстім, саусақтарым жерге жете салысымен тырнап жармаса бердім. Нәтиже берді. Жерге құлаған бетімде өмірге екінші рет келдім, велосипедім болса алты-жеті метрдей сырғып барып қашамен соқтығысып қирады.
Қалайша үйге жеткенім есімде жоқ. Болған жағдайды кімге болса да баян еткенге батылым жетпеді.
Сол жолы велосипедпен зымырап келе жатқанда жалғыз болмағаным анық, тағы да біреу қасымда еріп ұшып отырғандай болды. Оны сипаттамақ тұр ғой, жай ғана «кім немесе не?» деп ойласам көз алдыма қара түнекке баратын дәліз елестейді. Дәлізден өткенде ар жағында не күтіп тұрғаны сонда білетін шығармын. Әзірге өмірімнің сақтылығы менің мықтылығымнан емес. Соған көз жеткіздім.
Әрі қарай

Менің атым -Бақытты адам

Адамға сипат бергенде, оның сырт пішінін, одан кейін мінезі сипатталады. Ауызша, жазбаша сипаты бәрібір адамды ашпайды. Сипаты жақсы, ұнамды деп тапқанның өзінде жақын танысқанда немесе бір көргенде өзінен теуіп тұратын адам болуы мүмкін.
Әріптесім Сергей жайлы әңгіме етпекпін. Қай кезде болмасын көзі бір нүктеге қарап, қасындағы адамды байқамағандай көреді, менсінбей жаратпай отырған секілді. Студент кезінен сырттай білетінмін, жалғыз өзі сабақ соңында компьютер алдында қалып қоятын. Ап-арық, бойшаң, мүгедек арбасының орындығының дәл ортасында отыратын, екі жағына енді екі Сергей сыятындай орын қалатын. Содан бері жиырма жыл өтті. Мінекей, енді кабинет есіктеріміз бір-біріне қарама-қарсы орналасты.
Түскі аспен Сергейдің кабинетінде тамақтанамыз. Асты төмеңгі қабаттағы асханадан аламыз. Бірде түскі асқа төленетін ақшаның Сергейге қатысты бөлігін алып, байқаусыздан:
-Серега, асты сәл кешіктіріп әкелем, сосын тамақтандырамын, -деппін. Сергей жан қалтасынан ақшаны алып үлгергенше ішімнен «тамақтандырамын дегенім не, ас ішеміз деп айтпаппын ба, кемдігін есіне салып», ішімнен «өкін-өкін бе» дегенше, созған қолыма ақша тиді. Сергей келіскенін білдіріп, басын изеді.
Әрқашан біреудің көмегіне зәру болған қандай? Сергейді құлдай көрген әріптестерім де болды. Қашып кетпейді, мүгедекке жұмыс оңай табыла бермейді дегендей, есептері күшті. Күнделікті Сергейдің өзінің дербестігіне, өзінің алатын орнына күресетінін көріп, азаматтығына риза боламын.
Түскі аспен тамақтанып аяқтап қалдық:
-Сергей бүгінгі әкелген ас дәмдірек, кешегі палау емес.
-Иә, бүгінгі дайындаған палаулары палауға ұқсайды.
Шайдың соңғы жұтымын жұтып, ыдыстарымызды табақ үстіне жинастырғаннан кейін орындық арқаларына сүйеніп, жайланып отырдық.
Түске дейін жұмыс барысында жиналған жағымсыз жүктен айырылғандай болып сергіп қалдық.
Сергейге қарап:
-Жақсы сергіп қалдық, -дедім. Сергей алдындағы компьютер мониторының бетін алып тұрған фотосуретке қарап отырып:
-Осыдан кейін қалай өмірді жаман деп айтасың, -деді. Фотосуретте Сергей мен әйелі, екі жасар баласы бейнеленген. Әрі қарай ойын жалғап:
-Өмір сүруге тұрарлық.
-Иә, өмір осымен тәтті ғой.
Сергей жанұясымен түскен басқа фотосуреттерді кезек-кезегімен монитор бетіне шығара берді, ауызша сипатын қосқанды ұмытпайды. Фотосуреттегі әр сәттің ыстығы сезіліп тұр. Қазір Сергейге «өмірге ризасың ба?» деп сұрақ қоюға да батылың бармайды. Жауабы белгілі.
Кеудеңе деміңді кең алып, жаныңа салмақ түсірер сырқат, ұятыңнан қашар қылық болмаса, Сергейдің қасында отырып өзіңе «бақытсызбын» дегенге де тілін бармақ тұр ғой, тіпті ондай ойдан қашасың.
Әрі қарай

Нөсер жауын

Жан-жақтан жиналған бұлттар бірден аспанды қаптап жапты. Қоюланған сайын салмақтары артты. Кенеттен бұлттарды от жалынды қамшымен сабап жібергенде сарт-сұрт еткен алып дыбыс шықты, бұлттардан -бұлтарға тиіп жаңғырды. Шайқалған төбеден су төгіле бастады. Дала анық көріністерін жоғалтты. Нағызымен бейуақыт мезет.
Әрі қарай

Көп күттірген бала

Танысу

Жардың ең биік тұсынан кішкентай ер бала ілгері қадам жасап бара жатқанда бел тұсынан қысқан қолдардың қыспағында қалды:
— Өлер, өлер едің ау,- деп әкесі алдында тұрған баласының көзіне тұп — турасынан қарап баласынан гөрі өзі шошынған күйі дүрс-дүрс қағып шошынған жүрегін басу үшін оны кеудесіне басты.
Баланың көз алдында фотосурет болып кетпей қалған көрініс — жартастың астында жатқан қалашық. Жардан ілгері бір қадам жасаса ойыншық тәріздес үйлердің дөп үстінен жүріп кетеріне сенімді, көрер де еді, дер кезінде әкесі байқап қалғаны.
Оқиға орыннан ес тыйған адам көкжиекке дейін көз жүгіртсе, бас-аяғы жолдармен кесілген жасыл даланы, әр жерден өрнек түзеген егістік алқаптарын, дәл ортасында орналасқан үлкен су қоймасын және оның арғы бетінде алақандай болып орын алған қалашықты көреді.
Баланың құлағы естігенмен тілі шықпаған еді. Сөйлей алмайды тек басын изейді немесе шайқады.
Әрі қарай