Жарияланымдар

Универсиаданың 6 медалі Азиаданың 70 медалынан артық



Сонымен Азиада да бітті. 70 медальмен бірінші орын алдық. Ел-жұрт қуануда. Қуаныштың да бір шкаласы болуы керек сияқты менің ойымша. Азиаданың қуаныш шкаласы Олимпиададан да асып кетті. Әлемдік бір жарысты жеңгендей болып қуандық. Неге? Менің ойымша халық спорттан сауатсыз, сондықтан болды осындай "үлкен" қуаныш. Кімдермен жарыстық, кімдерді ұттық? Корея, Жапония, Қытайлар қысқы ойындар бойынша әлемде бір салмағы бар ма еді? Хоккейден А тобына шыға алмай жүрген жапондарды ұтқанымызға қуануымыз керек пе? НХЛдан кейінгі мықты лига болып саналатын КХЛда ойнайтын Барыс хоккейшілері жапондарды шашып тастауы керек еді, олай болмады. Олимпиадалық спорт түріне жатпайтын допты хоккейден 3 құрама ғана қатысқан жарысты жеңдік, осы ма қуаныш? Биатлоннан оқтар тимей жатса да өздігінен нысаналар жабылыпты, осы ма қуаныш?
Әрі қарай

Деген екен

“Радионың болашағы жоқ”
Лорд Кевин — Шотланд физигі

“Жаңадан шығатын еш нәрсе жоқ. Мүмкін боған барлық заттар шықты”
Чарлз Г. Дюэль — Американ патент беру орталығының басшысы — 1899ж

“Жылқылар әрқашан қолданылатын болады. Автомобиль уақытша мода ғана.”
Генри Форд кредит сұрап келген кезде банк қызметшісінің айтқан сөздері -1903ж
Әрі қарай

Ауылға бардым

Блог - asaubota: Ауылға бардым
Кеше кешкісін бір жұмыстас жігіт аулына қонаққа шақырып, бала-шағамызбен барып қайттық. Қаланың тұрмысынан шаршағандар анда-санда барып тұру керек екен ауылға, кәдімгідей демалып қайтасың. Барған аулымыз — Қарағанды облысы, Нұра ауданындағы Ахмет деген ауыл. Астанадан 60 шақырым жер.
Осы біз диалектімізге, дәстүрлерімізге күлеміз, өзімізше бөлінеміз. Негізі солай болғаны да дұрыс және қызық сияқты. Бәрі бірдей болса ішіміз пысып кетер еді ғой :)
Ахмет аулы да былай қызық екен. Үй салысы, қора салысы, ет салысы бізге қарағанда басқашалау. Бірақ бәрібір қазақпыз ғой, ештеңені жатсынған жоқпыз. Ауылдың аты ауыл. Малдың иісі, фуфайка киіп қар күреп жүрген әкей, байланып тұрған ит, аулада тұрған арба, ауылский туалет, темекіні лақтыра салмай дұрыстап сөндіру, біз барған жігіттің бізді көріп сәлемдесіп, қал жағдай сұрап, не ішкіміз келетінін сұрап кеткен ауылдағы бір «братишкасы»… Обшым, барлық ауылдардағыдай :)
Әрі қарай

Баспаналы болдым!



Баспаналы болдым! Бұрын пәтер жағалап жүруші едім, енді 1 бөлмелі үйлі болып жатырмын. Жұмыс орным қарамағындағыларға осындай көмек көрсетіп жатыр. Жұмыстың дәл жанынан қызметкерлерге арнап жатақхана салған еді. Енді соны бүгін тапсырды. Аты жатақхана болғанымен үйден еш кемдігі жоқ, асхана, дәретхана-ваннасы ішінде, шкаф, үстел, асхана гарнитуры, кір жуу машинасы бәрі бар. Өзімнің жеке үйім болмаса да пәтерақыдан құтылып, осындай жағдайға жетіп отырмын. Енді дұрыстап жұмыс істеу керек. :)
Әрі қарай

Қауымдастықтар



Сайтымызға аздаған өзгеріс енгіздім. Бұрын «Ортақ блогтар» деп аталған блогтарды "Қауымдастықтар" деп өзгерттім. Осылай дұрыс болған сияқты. Әр түрлі тақырыпта қауымдастықтар құра аласыздар, оған басқалар қосылып, сол қауымдастық блогына сол тақырыпта жазбалар жаза алады. Қауымдастықтар тізімін мына жерден көре аласыздар: www.dabai.kz/blogs/
Ал оған қосылып, мүше болу немесе қауымдастықтан шығу үшін мына суретке бассаңыз жеткілікті:

Қауымдастықты кез келген қолданушы аша алмайды, қауымдастық бастау үшін рейтингіңіз кем дегенде 1 болуы керек. Сондай-ақ қауымдастығыңызға мүше болушыларға да шектеу қоя аласыз, рейтинг өлшемін белгілеп, тек жоғары рейтингті қолданушыларды мүше қылуға болады.
Әрі қарай

Кімдердің Исламын ұстанамыз?

Админнің бөлмесі: Кімдердің Исламын ұстанамыз?
Қазақ.кз сайтына дін тақырыбында жақсы, өте сауатты мақала шығыпты. Мақаланы түгел көшірмей-ақ қояйын. Түпнұсқасын мына жерден оқырсыздар. Автор қазіргі кездегі еліміздегі мұсылмандарды 5 топқа бөлген екен. Өте жақсы анализ істеген. Тілімізді бүлдіргендер енді дінімізді де бүлдіріп жатыр, болашақта қазақ деген ат жойылып кетеді ме деп те қорқамын. Мақаланы ерінбей оқып шықсаңыздар да болады, біраз ақпарат аласыз. Кімдерден қауіп күту керегін түсінесіз.

Сонымен қазіргі мұсылмандар мынандай екен:

1. Олардың біріншісі қазақ халқы осы кезге дейін ұстанып келген Ханафи мазхабын ұстанатын, Діни Басқарма Мүфтиаттың төңірегіне топтасқан намазхандар. Олар Мүфтиат тағайындаған мешіт имамдарына бой ұсынып, туындаған діни мәселелерде соларға жүгініп, мазхаб тәртібі бойынша құлшылықтарын атқарады. Олар шариғатқа қайшы келмейді деп танылған салт-дәстүрлерді ұстанады, ресми билікті мойындайды, және иманның шарттарын сақтайтын өзге топтардағы намазхандар мен намаз оқымайтын жандардың да мұсылмандықтарына шүбә келтірмейді. Сол арқылы имамдарына бой ұсынушы мешіт намазхандары өздерінің кеңдігімен, сабырлылығымен ерекшеленіп, орташа көзқарас ұстанатын жамағат ретінде танылады.
Әрі қарай

Универсиадада 1 алтынымыз бар



Бәріміз Азиада деп жүргенде Түркияның Эрзурум қаласында болып жатқан Универсиада көпшілік назарынан тыс қалған сияқты.
Қазақстан әзірше 1 алтын, 4 қола медальмен жалпы есепте 13-ші орында келе жатыр. Алтын медальды Фристайлдан Дария Рыбалова алыпты.
Универсиада 6 ақпанға дейін жалғасады.
Ресми сайты: http://www.universiadeerzurum.org/english
Әрі қарай

Дабайға блоггерлердің жазбалары қосылуда



Негізі біраз адам өз блогтарындағы жазбаларды осында өздері көшіріп жүр. Осындай жұмысты жеңілдету мақсатында Дабайға жаңа функция қостым. Блогтардағы жазулар RSS лентасы арқылы осында өздері автоматты түрде қосылады. Блогқа жаңа жазу жазылған кезде бірден болмаса да сол күннің ішінде осында көшіріледі. Әзірше тест режимінде. Қолмен көшірілмегесін әрине қателер болады, оларды өзім түзетудемін. Бірақ қалай болғанда да осындағы аудиторияға ыңғайлы болады деп ойлаймын. Өйткені автордың блогына бармай-ақ жазбаларын осынан оқуына болады, ал авторға да жақсы жағы: өз мақаласына осы жерден көп пікір жинай алады.

Әзірше қосылған блогтар:


P.S кеше чат қосылды. дұрыс мақсатта қолданасыз деп ойлаймын. :)
Әрі қарай

Ұлттық құраманың жаңа бапкері: Мирослав Беранек



Сонымен Ұллтық Құрамаға көптен күткен бапкері де сайланды. Ол — чехиялық Мирослав Беранек. Спорт сайттарындағы мәліметтерге сүйенетін болсақ ол бұрын ұллтық құрама бапкерінің көмекшісі болған, 2002 жылы Чехия жастар құрамасын Еуропа жүлдегері қылған. Чехия кубогын және Венгрия чемпионатын ұтқан.

Танымал футболшы және бапкерлер бағаларын өлшеуші сайт Transfermarkt сайтының мәліметіне сенетін болсақ Беранек бұрын Венгрияның Дебрецен және Чехияның Кладно командаларында бапкерлік жасаған. Ал БАҚта жазылған басқа командаларда ол көмекші бапкер қызметін жасаған сияқты. Соңғы жұмыс орны Кладно командасы, Чехия 1-лигасының аутсаудерлерінің бірі.

Сонымен тағы да белгісіз, табыссыз, шетелдік бапкер. Қабыл алыңдар, құтты болсын!
Әрі қарай

Федерация "қызық" болады дейді



Қазақстан Футбол Федерациясы биылғы чемпионатқа өзгеріс енгізіп жатыр. Сол бұрынғыдай 12 команда жарысады, алғашқы этаптан кейін алғашқы 6 орынға іліккендер медальдарға таласады. Сол былтырғыдай. Тек бір өзгеріс еніпті. Бірінші этаптан кейін жиналған ұпайлар екіге бөлінеді екен. 2-ші этапқа солай жалғастырады. Мысалы бір команда 34 ұпай жинаса, 2-ші этапты 17 ұпаймен бастайды. Ал егер ұпай саны тақ болса, мысалы 33 болса, 2-ге бөлген кезде 16,5 болады. Бірақ сол жарымды бүтін қылып есептейді, яғни 17 ұпай болады.
Әрі қарай