Жарияланымдар

Жаңа функция: Бөлме



Жаңа функция қосылды. Бөлме деп аталады. Facebook, Вконтактелерде бар ғой Wall, Стена дегендер соның бір нұсқасы. Қабырға, жар дегеннен гөрі Бөлме деп атауды жөн көрдім.

Әр қолданушының профиль бетінде бөлмесі болады. Сол бөлмеге барып, туған күнімен немесе басқа қуанышымен құттықтауға болады. Басқа да жазу немесе фото қосуға болады, оған пікірлер жазуға болады.

Бөлмедегі жазулар тікелей эфирге де шығады.

Оффтоп, флуд азаяды деп ойлаймын осы функция арқылы. Біреуге қоятын сұрағыңыз болса да Бөлмесіне барып қоюға болады.

Бірге тест жасайық, қате жерлерін түзетуге тырысайын.
Әрі қарай

Бейсенбі Керекинфода "Археология" күні



Әр бейсенбі сайын бұрын жазылып кеткен тақырыптарды шолып шығып, пікір жазып Тікелей эфирге шығарайық. Қазір 5000-ға жақын мақала жазылды. Жаңа қолданушылар олардың көбісін көрмей қалулары мүмкін. Сондықтан осындай шара ұсынамын.

P.S әрине бұл әрекетті басқа күндер де істеуге болады. Тек бейсенбі күндері көп адам қатысса екен деймін.
Әрі қарай

Гипербелсенді балалар



3 жасар ұлым Әмин гипербелсенді бала. Интернеттен белгілерін қарадым, бәрі бар. Тез және түсініксіз сөйлейді. Бір орында отырмайды, жүгіреді, секіреді, үстіңе мінеді. Айқай шуы көп. Бастаған ісін аяқтамайды. Тұрақты емес. Ұйықтап болмайды.
Әрі қарай

Супермаркеттердің қулықтары

Үлкен супермаркеттер барлық қалаларда бар. Бағалары арзан деп көбінесе соларға барамыз да ойлағанымыздан көп ақша төлеп шығамыз. Арзан сияқты болып көрінеді, бірақ бәрін қосқанда біраз ақша шығады. Көпшілігіміздің басынан өткен шығар мұндай нәрсе?

Мұның бәрі маркет менеджерлерінің қулықтары мен тұзақтары. Қарап көрейік:

1. Қол арба


Мүмкіндігінше көп зат алсын деп қойылады кіреберіске. Тіпті қазір балаларға да арналған түрлері шықты. Толтырып олар да алсын деп. Егер алатын затыңыз көп болмаса кішкентай сепет ұстаған жөн.
Әрі қарай

КерекИнфо қолданушысы, кім ол?



КерекИнфо қандай сайт?
КерекИнфо Livestreet CMS арқылы жасалған блог жүйесі. Бұл форматта коллективтік блог (қауымдастықтар) және жеке блог жүргізуге болады. Ешқандай техникалық білім қажет емес. Тіркелген қолданушы бірден өз блогына мақала жаза алады, сурет, сілтеме, аудио, видео қоса алады, сауалнама жүргізе алады. Сондай-ақ бұл жер еркін пікірталас алаңы. Пікірталас бар жерде әрине оффтоп та флуд та болады. Кейде мақаладан гөрі пікірлер қызықты болып жатады. Көпшілікке де ұнайтын нәрсе осы пікірталасу.
Әрі қарай

Aygen пакеттері қайдан шыққан?


Aygen деген жазуы бар көк пакеттер бірнеше жылдан бері ең танымал пакет болып келеді ғой біздің тұрмысымызда. Қандай фирма екен Aygen деген деп ойланып көрдіңдер ме? Бүгін сол сұраққа жауап іздеп, инетті шарлап қайттым.
Әрі қарай

Қаншалықты қатыгезсің? (жігіттерге тест)

Дәруішөлгендегі гоп әлемінің танымал тұлғасы Әшөк Йоханссон бос уақытында психология және өлең жазумен айналысады екен. Өлеңдерімді тек өзім үшін жазып жүрмін дейді Әшөк, бірақ өмірінің көп уақыты адамдармен өтетін болғандықтан тәжірибесі мол Әшөк адамдарды қатыгездік тұрғысынан зерттеп, шағын бір теcт дайындаған екен. Дәруішөлген.ком ең сүйікті сайтым деп тестті сендермен бөлісуді жөн көріпті. Қабыл алыңдар!

1-сұрақ:
— Күн салқында көшеде мысық немесе ит көрсең аяп кетесің бе?
Әрі қарай