Жарияланымдар

КерекИнфоның 2005-ші жылғы үздігімен сұхбат

КерекИнфоның ашылғанына алдағы жыл 10 жыл болады екен. 2002-де ашылып, біраз жыл ға дейін істеп тұрды. Басты функционалы форум болатын. Кейін әлеуметтік желілер, Агент сияқты мессенджерлер шыға бастаған кезде сайтқа қатысу да азайды, техникалық қолдау да болмады. Сөйтіп жабылды сайт. 2009-да қайтадан форум форматында ашылды. Бірақ, бұрынғыдай аудитория жинай алмады. Тек мына қазіргі форматтағы нұсқасы сәтті жүріп кетті. Бірақ, сол бірнеше жыл ішінде қазақ интернетінде біраз серпін жасады деп айта аламын. Сол кездегі достықтарымыз әлі жалғасып келеді. Алмас досымыз сайт жоқ болса да бір күні қайта ашып қалармыз деп осы күнге дейін доменді ұстап келді, ешкімге бермей.

Бұрын әр жылдың үздіктерін анықтайтын едік. Жеңімпаздармен сұхбат та жасайтынбыз. Поштамды ақтарып отырып мына сұхбатты тауып алдым. Бірге оқиық
Әрі қарай

Euro 2012 іріктеу ойындары аяқталды



Кеше түнде іріктеу ойындарының топтық кезеңі аяқталды. Еуро 2012-ге тікелей шыққан командалар және плэй-оффқа қалғандар белгілі болды.

Тікелей жолдама алғандар: Польша мен Украина (алаң иелері), Германия, Ресей, Италия, Франция, Голландия, Грекия, Англия, Дания, Испания, Швеция (ең үздік 2-ші орын алған команда).

Плэй-оффқа қатысатындар: Түркия, Ирландия, Эстония, Босния, Хорватия, Черногория, Португалия, Чехия.
Әрі қарай

Бельгия - Қазақстан. Еуро-2012 іріктеу матчы



Бүгін Еуро-2012 іріктеу матчтары жалғасады. Біздің қарсыласымыз Бельгия құрамасы. Бұрын Бельгиямен олардың алаңында тең ойнағанымыз бар еді, бұл жолы қалай болатынын көреміз. Букмекерлердің айтуынша біз таза жеңілеміз:

П1 — 1.08 Х — 9.36 П2 — 24.63
Әрі қарай

Тәуелсіздіктің 20 қаһарманы (анкета)



Тәуелсіздіктің 20 қаһарманын анықтайық. Бұл анкетаға қатысу үшін маған жеке хат арқылы 1991-2011 жылдары аралығында елімізге еңбегі сіңген 10 адамның тізімін жібересіз. Хаттар 1 желтоқсанға дейін қабылданады. Есімдері көп аталған адамдар жинаған ұпайлары бойынша реттеледі. Анкетаңыз құпия күйінде қалады, еш жерде жарияланбайды.

Анкеталар тек қана жеке хат арқылы қабылданады.
Әрі қарай

Біз қандаймыз? Еріккен ойлар

balzaminka-ның эстафетасын жалғастырайын.

Ұнайды: әйелім және ұлдарым, Керекинфо, футбол, афера және тонау туралы кинолар, логикалық ойындар, құмар ойындары, қызыл түс, ет және картоп қосылған тамақтар, палау, қара шәй, құйылмалы сыра, сауна, жігіттермен әңгіме соғу, анекдоттар, КВН, ақша, темекі, түн, жалғыздық, жаңбыр, рок музыка, Алматы.

Ұнамайды: телефонмен сөйлесу, орысша сөйлесу, біреудің ойымды, концентрациямды бұзып бірдеме сұрауы, топас адамдар, мәмбеттер, фантастика кинолар, бірдеме сұрай беретін адамдар, ақыңды уақытында төлемеу, күту, жылаған баланың даусы, топас анекдоттар.

Эстафета таяқшасын алыстағы қарындасымыз chimaq-қа беремін.

Түзету: chimaq жауап беріп болмағасын таяқшаны Tarazkyzy-на ұсынамын.
Әрі қарай