Жарияланымдар

Омырауға арнайы күтім керек

Ақындар мен суретшілер омырау- аналық пен нәзіктіктің қару деген анқытма берген. Сұлу болып көріну үшін қыз-келіншектер не істемейді дейсіз. Омырауларының пішіні әдемі болып көрріну үшін түрлі дәрілер, ішеді, сұлулық салондарына барып ұзақ уақыт массаж жасатады, тіпті төстеріне жасанды операция жасап, оның формасын өзгеріт те жатады. Алайда, біз көп жағдайда нәзік органның ерекше күтімді талап ететінін ескере бермейміз.
Төс- дене бітіміндегі ерекше қамқорлық жасайтын ең жанды мүше. Арнайы жүргізілген зерттеулердің қорытындысы күнделікті қоректенетін түрлі азық-түліктер сау омыраудың кепілі болатынын дәлелдеп берді. Гарвард интитуты 350000 әйелге зерттеу жүргізген. Олар көкеніс пен жемістерді үздіксіз жейтін әйелдер қатерлі ісік індетіне шалдықпайды дейді.
Әрі қарай

Иіс суды қалай дұрыс таңдап алу қажет?



Үйіңізде қанша иіссу бар? Барлығын пайдаланасыз ба? Әрине жоқ. Өйкені, әрбір бойжеткен жылына кем дегенде 2-3 әтірсуды туған күні мен мереке күндері жақындарынан сыйлыққа алады. Маркетологтар нәзік жандардың тек 15 пайызы ғана бір иіс суды тұрақты пайдаланады-дейді.

«Аромат таңдау, жігіт таңдағанмен тең дейді»,- профессор-парфюмер Роже Дов.
Әрі қарай

Астаналық керекшілер, Керуенде жиналамыз!

Армысыз, құрметті құрылтайшы достар!



Бұйырса, үш аптадан кейін Ел Ордамыз — Астанада кезекті қазақ тілді интернет жан ашырларының басқосуының куәгері боламыз!

Тіркелу аяқталды.
Тіркелгендердің саны: 171. Жаман көрсеткіш емес. (Былтыр Алматыда 150 шамасында болды)
Осылардың арасында Астанадағылардың саны 35.
Әрі қарай

Ресейді күлдіріп жүрген қазақ - Вячеслав Дусмухаметов


Вячеслав Зарлықанұлы Дусмухаметов — ресейлік сценарист, продюсер. Лақап аты — Казах. Бізге танымал көптеген ресейлік әзіл бағдарламаларының, сериалдардың авторы.

Челябілік қазақ, туған жері Челябі облысы, Черниговский селосы. 1978 жылы 27 сәуірде туған. Негізгі мамандығы дәрігер. Студент кезінде КВН ойнаған, «Уездный город», «Лица Уральской НАциональности» командаларында автор болған. «Папины дочки», «6 кадровтың» алғашқы маусымдарының авторы. Танымал «Интерны» сериалының авторы және продюсері. «Comedy Woman» шоуының авторы, «Comedy Баттл» жарысынң жюри мүшесі.
Әрі қарай

КерекИнфода көктемгі апталықтар



Көктемнің алғашқы айы да келіп қалды. Осы бір тамаша айдағы 2 мерекені КерекИнфода апталық ретінде атап өтуді ұсынамын:

01 наурыз — 08 наурыз: Қыз-келіншектер апталығы. Осы күндерде аналар, қыздар, келіншектер тақырыбында пайдалы мәлімет, мақала, мультимедиа, жазбалармен бөлісейік.

14 наурыз — 22 наурыз: Наурыз мейрамы апталығы. Наурыз мерекесі, салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар, достық, татулық туралы мақалалар, жазбалармен бөлісейік.
Әрі қарай

Германиядағы хоккейші қазақ - Данияр Джунусов


Қазақ пен хоккей спорты бір бірімен байланыса бермейтін ұғымдар. Хоккей болғанда оның ішінде қақпашылық мүлдем ойға келмейтін нәрсе. Ал, Германияның мықты клубтарының бірі Вольфсбург Гриззли Адамс командасының қақпасын қазақ жігіті Данияр Джунусов қорғайды.
Әрі қарай

Benetton-ның біріккен түстері



Benetton жарнамалары киім сатып алуға үгіттемейді. Олар барынша қоғамдағы әлеуметтік тақырыптарды көтеруге тырысады, нәсілшілдік, бөліну, СПИД сияқты. Бұл фирма жарнамалары үлкен жанжалдар, пікірталастар туғызса да осынысымен өздеріне имидж істеп алды.

80-шы жылдардың ортасында жастарға арналған киімдер шығарып жүрген бұл фирма Оливьеро Тоскани атты фотографқа жарнама бөлімін басқаруды ұсынады. Тоскани «United Сolors of Benetton» (Бенеттонның біріккен түстері) атты слоганды ойлап табады. Сол кезден бері Бенеттонның жарнамалары — біз жарнамадан көріп үйренбеген біртүрлі фотолар.
Әрі қарай