Жарияланымдар

Жазғы өзгерістер



Биыл сайтымызда жазғы сылбырлық болмайды ау деген ойдамын. Жаңа қосылған қолданушылардың белсенділігі осындай жорамалдарға негіз болып тұр

Сайтқа аздаған қосымша функциялар қостым:

1. Сайттың төменгі бөлігіне Инфо Панель қосылды. Ол жерге рейтингі 20-дан жоғары кездейсоқ жазбалар шығатын болады. Жеке хаттар мен жаңа пост бастау батырмалары да сол жерде орналастырылған. Төменгі сол жақ бұрыштағы КерекИнфоПанель батырмасын басып, сол кезде көрсетіліп тұрған тақырыпты оқи аламыз және оң жақтан соңғы 24 сағаттағы, 7 күндегі, 30 күндегі және жалпы бүгінге дейінгі ең үздік жазба, пікірлерді көре аламыз.

2. Ішіңіз пысып отырса сайттың оң жақ бөлігінде орналасқан кубикті басып қалыңыз. Ол жерде де кездейсоқ жазба шығады (рейтингі 20-дан жоғарылар ғана)

3. Жазбаларды әлеуметтік желілерде бөлісу батырмалары өзгерді. Ұнаған жазбаларды батылырақ шейірлей (share — ағылшын тілінде бөлісу) отырайық.

4. Жазбаның кей жерлерін тіркелмеген сайт қонақтарынан жасыру функциясы қосылды. Мысалы мақалаңызды тек сайт қолданушылары ғана оқысын десеңіз мақаланың басына анонс жасаңыз да, қалған бөлігін мына тэгтың ортасына қойсаңыз болғаны:

<hide>мәтін</hide>


Алдағы уақытта басқа да қосымшалар қосылатын болады және жазда қызықты іс-шаралар өткіземіз. Бізбен бірге болыңыз!
Әрі қарай

Қазақша сөйлеуді алдымен өзімізден бастайық!

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін алдымен өзіміз таза сөйлеп үйренейік. Ең оңай және қарапайым жаттығу: ай, күн аттарын қазақша айтуға дағдылану.

Ай, күн ең жиі орысша айтып жіберетін сөздеріміз. Егер осыларды қазақша айтып үйренсек мида үнемі сигнал тұрады, басқа сөздерді де барынша қазақша айтуға тырыса бастайсың.

Әрі қарай

"Фотоаулау" жобасына қатысамын десеңіз



Достар, Samsung Electronics демеушілік етіп, блогплатформалар арасында «Фотоаулау» атты байқау ұйымдастырып жатыр. Оған «Керекинфо» еркін блог жүйесінің алматылық блогшылары де қатыса алады.
Келесі аптада (13 мен 15 мамыр аралығында) өтетін байқаудың сипаты мынандай:

Әр блогплатформа 5 адамнан тұратын команда шығарады. Командаларға 5 күн бойы өткізушінің арнайы промо-парақшасы арқылы тапсырмалар беріледі. Команда мүшелері Алматы қаласында жасырылған жерді/затты тауып, сол жерге барып, демеуші тарапынан берілетін жаңа фотокамерамен суретке түсірулері тиіс. Суреттер төмендегі промо-парақшаға жүктеледі. Ойын аяқталғаннан кейін Samsung Electronics компаниясы жеңімпазды анықтап, команда мүшелерін бағалы сыйлықтармен марапаттайды.
Әрі қарай

Мақта қыз бен мысық (мюзикл)

Интернеттен қазақша мультфильмдер іздеп отырып, бір күні «Мақта қыз бен мысық» киноның бас жағын көріп қалдық. Енді жалғасын таба алмай жүр едік. Бүгін киноны түсірген Алтынбек Әбішев деген азаматтың өзінен сұрап алдым. Толық нұсқасы бар екен.



Бурабайда 10 күнде түсіріліп шыққан бұл фильмнің сценарийін Алтынбектің қызы жазған екен. Балаларға көрсетіп көріңіз, түрлі мультқаһармандар жиналған бұл фильм оларға ұнайды деген ойдамын.
Әрі қарай

Фанаттар баннері қалай жасалады?



2012 жылғы Еуромаусымда қазақстандық клубтардың ішінде алысқа шапқаны әдеттегідей «Ақтөбе ФК» еді. Соңғы бельгиялық Генкке қарсы матчта Ақтөбе Орталық стадионының «13-сектор» фанаттар бірлігі орналасқан секторында үлкен баннер ашылды. Баннерде Ақтөбе қаласындағы орталық мешіт, Әбілхайыр хан ескерткіші және шаңырақ бейнеленген. Астындағы жазу: «ЕЛ ҮМІТІ КІШІ ЖҮЗ». Бұл сөздер шовинистік мақсатта емес, Кіші жүздің жауынгерлігі қасиеті туралы, Ақтөбенің Еуропада қалған соңғы команда, соңғы үміт екені турасында жазылған.

Ал енді осындай 2 минут қана ашылып тұратын баннердің қалай жасалатынын қарап көрейік.
Әрі қарай

Blogcamp'13 админ көзімен


ЖОЛ
Өткенде Блог Құрылтайға баруға міндеттейтін себептердің алғашқысы ретінде достармен жолға шығуды көрсеткен едім. Бұл жолы да достармен бір пойызда болу бақытына ие адамдардың бірі едім. 23 сағаттық жолымыз тез өте шықты. Аз ұйқы, көп әңгімемен өтті де кетті.

ДОСТАР
Шымкентте түскен бойда бізден бір күн бұрын келген алматылық алконавттарға жалданған пәтерге жетіп келдік. Түнде футбол қарап және пәтерде думандатқан топ 1-2 сағаттай болған екен ұйықтағандарына, ояттық ептілерді. Жуындық, шайындық, құрылтайға бірге аттандық.

ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ БІРІНШІ КҮНІ
Құрылтайдың алғашқы сағаттары әрине бұрыннан таныс, түкпір-түкпірден келген достармен құшақтасумен өтті. Кейін классикалық кіріспесөз, мастер-класс, сессиялар, сұрақ-жауаптар, кофе-брейк, стартаптар, қорытындылар, марапаттаулар. Бірінші рет планшетті болдым. Демеуші болған Талғатқа үлкен рахмет!
Әрі қарай