Жарияланымдар

2014 жыл құтты болсын!

Блог - asaubota: 2014 жыл құтты болсын!

Құрметті сайттастар!

Жаңа 2014 жыл құтты болсын! Жазар мол болсын! Сапалы мазмұн, қызық пікір, оқырман саны көп болсын!

Бәріңізге зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға береке, махаббат, бірлік тілеймін!

Ойлаған арман, жоспарларыңыз орындалсын, жаңа жыл табысты, нәтижелі жыл болсын!

Зор құрметпен админдерің.
Әрі қарай

Қазнеттен ерте кеткен феномен сайттар

  • KazNET
KazNET: Қазнеттен ерте кеткен феномен сайттар

Қазнет (қазақша интернет) қазір күшейіп келе жатыр. Қолданушы да, сайт саны да, жасаушы да, жасау технологиясы да көп. Бірақ Қазнет бұрын да болды ғой, бұрын да жақсы сайттар көп болды. Тек түрлі себептерге байланысты жабылып қалды. Домен, хостинг ақысы төленбей жабылғандар болды, техникалық қолдау болмай жабылғандар болды, контент жасаушы болмағандығынан жабылғандар болды. Себеп-салдар көп. Бірақ ол сайттар шынымен феномен сайттар еді. Қазіргі виртуал элита сол сайттарда тәрбиеленіп шықты. Бірге еске түсіріп көрейік.
Әрі қарай

Қазнеттен ерте кеткен тұлғалар

  • KazNET
15 жылдан асыпты интернет саласында жүргеніме. Бүгінге дейін біраз адам таныдым, таныстым, достастым, қастастым, кейін жаулармен де күшті дос болып кеттім. Қысқасы өмірімнің біраз бөлігі осы Қазнетте өтіп жатыр. Бүгін осы салада көрініп, кейін қол үзіп кеткен тұлғаларды еске алғым келеді. Бұл жігіттердің көп еңбектері болды. Бірақ түрлі себептермен қазір ІТ ортада емес. Мүмкін бір күні қайта оралатын шығар?..

KazNET: Қазнеттен ерте кеткен тұлғалар

Болатхан
Қазақша орта қалыптастырған алғашқы сайт Аколя (Akolya) деп аталатын. Қарапайым, пәлендей функциясы жоқ форум болатын. Алғашқы таныстықтар осы форумда басталды. Ол кезде әлі казах.ру форумы да жоқ болатын. Ешқашан ұмытпаймын бұл ұямызды. Мен үшін әлі ыстық. Қазір бұл ағамыздың қайда екенін білмеймін.
Әрі қарай

Маған негізі бұл әннің идеясы ұнайды



Жақында Mc Madi, Loony Lao, BIG KAJY лақапатты жігіттердің "ҰНАЙСЫҢ (Маған сенің көтенің ұнайды)" деген клибін көрдім. Әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер айтылып жатыр. Байқағаным көбінің қадалған жері КӨТЕН сөзі. Ал былай ол сөзге назар аудармай клиптің сөздерін тыңдап, сюжетін түсінуге тырыссаңыз қызық клип екенін байқар едіңіз.

Мүмкін арзандау клип шығар. Бірақ сценарийі ұнады. 3 жігіттің 3 сүйіктісімен қарым-қатынасын, өмірдегі фрагменттермен көрсетеді. Алтауының да мінез-құлықтарын көрсетуге тырысады. 4 минуттық клипке мұны сыйғызу үшін шеберлік керек деп ойлаймын. Жігіттер мұны істей алған. Бүгінге дейін қараған 66 мың адамға жақсы көңіл-күй сыйлады деп ойлаймын.

Сіздер де қарап көріңіз.
Әрі қарай

Тәуелсіздік - балалық арманым

Блог - asaubota: Тәуелсіздік - балалық арманым
Тәуелсіздік алған жылы 10 жаста едім. Отбасымызбен спортты ұнататынбыз. Қай спорт түрі болсын Қазақстан командаларының бәріне болысатынбыз. Біз үшін Қазақстан құрамасы футболдан Алматының Қайраты, волейболдан АДК, хоккейден Торпедо Өскемен, допты хоккейден Динамо еді. Әлемдік жарыстарда қазақтар аз шығатын, қазақ бар ма екен деп қарайтынбыз. Тәуелсіздікке сол кездері Қазақстанның өз байрағымен, өз адамдарымен шығатынына қуандым. Тәуелсіздіктің сол кездегі мәні мен үшін тек спорттық тұрғыда еді. Сол жағынан есімде қалыпты.

Кейін мектепте өз тарихымызды оқи бастадық, өз тұлғаларымыз пайда бола бастады, өз тілімізге мән беріле бастады, тек спорт емес саясат, мәдениет, өнер және басқа салаларда да көк ту желбірей бастады.

Тәуелсіз Қазақстанмен бірге біз де өсе бастадық. Тәуелсіздіктің қадірін түсінетін жастамыз. Баянды болсын Тәуелсіздігіміз. Тәуелсіздікті сақтау, кейінгі ұрпаққа жеткізу басты мақсатымыз болсын. Мереке құтты болсын замандастар!
Әрі қарай

20/12/2013 - КерекИнфоның 10 жылдығы

Блог - asaubota: 20/12/2013 - КерекИнфоның 10 жылдығы
Құрметті сайттастар,
20 желтоқсан күні Астана қаласында сайтымыздың 10 жылдығын атап өтеміз.
Өтетін орны Сол Жағалауда «Изюминка» кафесі, уақыты 19:00 — 00:00

Орындар саны шектеулі, келгісі келетіндер алдын ала хабарлассын.

Адам басына 6000 тг.
Әрі қарай

Тегін 86 Элегант тема!

Wordpress: Тегін 86 Элегант тема!

Elegant Themes атты студиядан 1 жыл бұрын абоненттік алған едім. 1 жылда 86 Wordpress темасын тегін түсіріп алуға мүмкіндік берді. Енді сол темаларды сіздерге ұсынамын. Wordpress-пен жасалған жобаларыңызға қолдана аласыздар.

Темаларды мына жерден қарап көрулеріңізге болады: elegantthemes.com/gallery

Барлық 86 теманы түсіріп алу үшін мына жерді басыңыз.

Егер рахмет айтқыңыз келсе осы посттың сілтемесін әлеуметтік желілерде бөліссеңіз болғаны
Әрі қарай