Жарияланымдар
Ұнайды / Ұнамайды
Ұнайды: жауынның тырс — тырс еткен дыбысы, күннің күркілі, самал жел, жауын тоқтағаннан кейінгі ерекше тыныштық, алғашқы қар, сәбилердің күлгені, жусан иісі, Ертістің бойында серуендеген,
ЖАРЫҚТЫ МОЛЫРАҚ БЕРІҢДЕРШІ!

Неге екенін білмеймін, көз алдыма балалық шағым елестеп отыр. Алаңсыз кезде ештеңені аңдамаймыз, айтылған сөзге мән де бермейміз. Сексеннің сеңгіріне жетіп қалған апам бірде «Менің де уақытым таяды. Мына қар еріп, жерге сіңген уақытта мен де жер қойнауына кіремін» деп күбірлеген еді. Мен ішімнен «бұл не сандырақ?» деп күліп, өз жөніммен кеткенмін. Арада ұзақ уақыт өтпей апамның айтқаны болды…
Бірақ айтпағым бұл емес. Өмірден кететініңді сезу бір басқа, көз жұмар сәтте ауыздан шыққан сөз бір басқа сияқты. Қадыр Мырза Әлидің «Жазмыш» атты кітабында бірқатар ұлы адамдардың көз жұмар алдында айтқан соңғы сөздерін оқыдым. Үзінді келтіре отыра, сіздермен бөліскім келеді:
БІР УЫС ТОПЫРАҚҚА АЙНАЛЫП...

Ақылынан адасқан ба демегін,
«Кешір» деген сөзге айналғым келеді.
Жиі – жиі айтылғанда жаралы,
Жанның дағы табылар ед(і) тез емі.
Оңашада көңіліңді тербейтін,
Үніменен жан дүниеңді емдейтін,
Әуен болсам әдемі, арман бар ма,
Жүректерде өмір сүрер, өлмейтін.
СҮРІНДІ ДЕП СЫЙПАМАЙДЫ БАСЫҢНАН...
Күрсінбеші…
«Ол қуанып, шаттанып күлсін!» деші.
Өткен күнге өкпе, нала, реніштің,
Жоқ екенін сезініп білсін деші.
Жыламашы…
Тағдырыңды талқылап, сынамашы.
Тар қапаста телмірген жүрек-көзбен,
Үмітіңнің жүзіне бір қарашы…
"АСҚАН АҚЫЛДЫ ЕМЕСПІН, ДЕГЕНМЕН..."
«Өмірдің барлық сәтсіздіктерін бақытсыздық» деп қабылдап, өтіп жатқан әр сәттің қадірін білмей, достық деген ұғымның не екенін түсінбей, шынайы махаббаттың бұл жалғанда бар екеніне күмәнмен қарайтын болсаңыз,
МҰҚТАЖБЫН...

Алдымда әлі дегенмен,
Асатын талай белестер.
Мазалап мені жүреді,
Жадымда қалған елестер.
Мектепке әкем апарды,
Жетектеп менің қолымнан.
Қайтқанда неге күлімдеп,
Күтпедің, ана, жолымнан?
Менің өмірім...

Мен еш нәрсеге таң қалмаймын, себебі өмірімді түске ұқсатамын. Ал түсте нелер болмайды?!.. Кей кездері өмірімде дәл түсімдегідей ғажайып оқиғалар болып тұрады. Сондай ғажайып сәттер… тіпті өзім сенбей қаламын!
Сұрақ менен, жауап Сізден
Бұл жазбаны оқып отырған адамға өтінішім бар. Егер қиындық тудырмаса, есіңізде қалып қойған ең ерекше
1.бір кітап
2.бір фильм
3.бір ән
4.бір қала (Қазақстандағы)
5.бір қанатты сөз ЖӘНЕ
6.өз қалауыңыз бойынша бір нәрсе ұсыныңызшы. (Өз қалауым екен деп орынсыз сөз айтуға (жазуға) болмайды. )) Өмірлік тәжірибеңізден бір кеңес немесе басқа да пайдалы іс – әрекет болса нұр үстіне нұр болар еді). Алдын ала рахмет!
Әрі қарай
1.бір кітап
2.бір фильм
3.бір ән
4.бір қала (Қазақстандағы)
5.бір қанатты сөз ЖӘНЕ
6.өз қалауыңыз бойынша бір нәрсе ұсыныңызшы. (Өз қалауым екен деп орынсыз сөз айтуға (жазуға) болмайды. )) Өмірлік тәжірибеңізден бір кеңес немесе басқа да пайдалы іс – әрекет болса нұр үстіне нұр болар еді). Алдын ала рахмет!
КЕШІР
