Жарияланымдар

АТЫ ЖОҚ ӨЛЕҢ 9

Блог - a87771683232: АТЫ ЖОҚ ӨЛЕҢ 9

Жинап ап бар күшті бойға нық,
Жиналып достары атаулы.
Ғажап қып туған күн тойладық,
«Ғажап» жай кафенің атауы.

Жолдастың жолдасы жолдас деп,
Танысып жатырдық есілі.
Шын досты көрдім мен алғаш рет,
«Шындос» жай бір жігіт есімі.

Үстелдің басында қызалаң,
Отырдық бар құрдас қатары.
Мың доллар сыйладық біз оған,
«Мың доллар» — кітапша атауы.

Бәріне нан-тұздан асатты,
Ерекше студент несібі.
Бір әсем үстелді жасапты,
«Әсем» жай офицант есімі.

Жанарым жалмаңдап жанып тым,
Отырған қыздарға батады.
Райханға ғашық боп қалыппын,
«Райхан» жай арақтың атауы.

Әңгіме айтылды мол тола,
Күлкінің ашылды есігі.
Колянды ап алдық ортаға,
«Колян» жай досының есімі.

Иреніп сөздегі ирегім,
Көп айттым тост пенен батаны.
Түн бойы тоқтамай биледім,
«Түн» деген бір әннің атауы.

Айқай-шу, шаттықты қоймадық,
Жүгіріп жүрумен ерсілі.
«Күзетші» ойынын ойнадық,
«Күзтші» — шын күзет есімі.

Қыздар да бізбен ән салысты,
Қиынға соқпаған матауы.
Ерніме Баян кеп жабысты,
«Баян» жәй кәмпиттің атауы.

Қысқасы, қызықсыз өтті.
Әрі қарай

ҚОҚЫС ЖӘШІГІ

Блог - a87771683232: ҚОҚЫС ЖӘШІГІ
Әр үйдің сынық пен сасығы,
Әр үйдің боғы мен бөзгейі:
Әр үйдің қоқыстық жәшігі –
Әр үйдің тұрмыстық музейі.

Мысалы, боратып өсекті,
Түнімен еске ап жас шақты.
Бұл үйде әдемі кеш өтті,
Торттардың қалдығын тастапты.

Бұл деген логика орнықты,
Орнығар қоқысты елеумен.
Бұл үйде бір жанжал болыпты,
Әйнектің сынығы көп екен.

Әр түрлі тарих қой әр ұя,
Белгісі қоқыста көнерген.
Ал, бұл үй балалы жанұя,
Ойыншық сынығы көп екен.

Жадыңда тоқысаң мынаны,
Жайттарды көресің оқыс көп.
Ал, мұнда студент тұрады,
Себебі, ешқандай қоқыс жоқ.

Көршісі шеккендей күрең зар,
Әйтеуір, көңілі түсіпті.
Бұл үйде қайғырған біреу бар,
Арзандау арақты ішіпті.
А, бұл бізідің үй.

Ойларым шымшылап тентекті,
Жанарды еріксіз елетем.
Бұл үйде апельсин көп жепті,
Апельсин қабығы көп екен.

Ал, мына бір үйде көрікті,
Тұрады қылмыскер кісің де.
Бір сәби туылмай өліпті,
Тасталған мүшеқап ішінде.

Әр үйдің сынық пен сасығы,
Әр үйдің боғы мен бөзгейі:
Әр үйдің қоқыстық жәшігі –
Әр үйдің тұрмыстық музейі.

Осындай, болсаң сен аралар,
Осындай рухани мүсінде.
Қоқыстық жәшік көп қала бар,
Қоқыстық жәшіктің ішінде.
Әрі қарай

АЯЛДАМАДА

Блог - a87771683232: АЯЛДАМАДА

Біреу келе жатыр.
Ал, ол менмін, ештеңе жоқ ойымда,
Сүйрелеген жай жетегім.
Дыңылдаумен тұрған көше бойында,
Ыңылдаумен әндетемін:
на-на-ней!

Екеу келе жатыр.
Көздерінде ашудың бар оттары,
Айқайласты жойқын ақыр.
Сол біреуі шешесінен боқтады,
Ал, біреуі айтып жатыр:
на-на-ней!

Такси келе жатыр.
Жолаушылар тұр қалжырап, мұң артып,
Бәріміз бір жол алғанбыз.
Автобуспен барғанымыз мың артық,
Таксилер ме? Олар нағыз:
на-на-ней!

Ол да келе жатыр.
Ақ автобус есік ашты іркілсіз,
Бірақ, басқа ол кетуге.
Тосып тұрған бәріміз де үнсізбіз,
Бейбіт Қорған әндетуде:
на-на-ней!

Кемпір келе жатыр.
Ақ шаш пенен әжім құшқан күй енді,
Қолында бар ала қасқа.
Өзі болса бір ағашқа сүйенді,
Иті болса сол ағашқа:
на-на-ней!

Тағы келе жатыр.
Көк автобус терезесін түсірген,
Біз бармайтын жол ап егеш.
Заттыбектің даусы шықты ішінен,
Әндетумен, бірақ емес:
на-на-ней!

Бір қыз келе жатыр.
Әп-әдемі, қыз біткеннің жан гүлі,
Сөз жетпейді баянына.
Көрігіне тамсануда барлығы,
Ал, ит болса аяғына:
на-на-ней!

Біреу келе жатыр!
Ал, ол менмін, күтіп төзбей межеге,
Үйге қарай қайтып желем.
Ырқ-ырқ етіп ырқылдаған көшеде
Бұрқ-бұрқ етіп айтып келем:
на-на-ней!
Әрі қарай

МАНЕКЕН

Блог - a87771683232: МАНЕКЕН

Шыны бутик ішіндегі бикешім,
Жаныңнан мен ылғи өтем төтесін.
Бір жақсысы, күнде күтіп тұрасың,
Одан жақсысы, тұрып күнде күтесің.

Күнде күтіп, күнде күтіп, талмайсың,
Ойымдағы әйеліме аумайсың.
Бір жақсысы, айқайласам көнесің,
Одан жақсысы, сен айқайлай алмайсың.

Иә, менің арман жарым сондай шын,
Анда-мында қыдырып еш бармайсың.
Бір жақсысы, кигізгенді киесің,
Одан жақсысы, киім сұрай алмайсың.

Қазір қатын алар болсаң сорлайсың,
Ал, сен ешбір оғаш қылық салмайсың.
Бір жақсысы, ұрғаныма көнесің,
Одан жақсысы, қайтып ұра алмайсың.

Ренжіткенде, қабақ түйіп қалмайсың,
Аузыңды да еш өсекке малмайсың.
Бір жақсысы, қашып кете алмайсың,
Одан жақсысы, қашып кете алмайсың.

Айналайын пластикалық жарекем!
Бірақ, бізге бір кедергі бар екен.
Бір жаманы, неке заңы бойынша,
Манекенге үйленбейді манекен.
Әрі қарай

УАҚЫТПЕН СЕКС 2

Блог - a87771683232: УАҚЫТПЕН СЕКС 2

Сіз қартсыз.
Сіз неге қалтырайсыз?!
Сіз неге дірілдейсіз?!
Жүрмесеңіз бұл шырайсыз,
Қаламын деп ойлайсыз ба білінбей сіз?

Сіз қартсыз.
Сіз неге көп қуасыз?!
Сіз неге көп алжисыз?!
Қашан менің жыныма тимей отырасыз?
Қоймасаңыз, таяқ жейсіз!

Сіз қартсыз.
Сіз неге әжімдісіз?!
Сіз неге ұсқынсызсыз?!
Әдейі сідік сасуға әзіргішсіз,
Әдейі басқаға жиіркенуді құштырғышсыз.

Сіз қартсыз.
Сіз неге көп жасайсыз?!
Сіз неге тез өлмейсіз?!
Сіздермен өмір сүру өте жайсыз,
Біздер құсап неге түзелмейсіз?

Сіз қартсыз.
Сіз неге қартаясыз?!
Сіз неге, жалпы, қартсыз?!
Сіз неге ақсаңдап талтаясыз?
Сіз неге «неге» дейтін осындай сан сұрақсыз.

Мен сізді қызғанам.
Әрі қарай

СЕКСКЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ ӨЛЕҢ 9

Блог - a87771683232: СЕКСКЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ ӨЛЕҢ 9

Назира, сен кімсің?
Сен мендік қарындас емессің,
Көршім де емессің.
Мен танитын ауылдас емессің,
Не мен тыңдайтын әнші де емессің.

Мен қызыққан қылықтас емессің,
Мен киінетін дүкенде есепші емессің.
Бірге оқыған сыныптас емессің,
Не мен баратын жезөкше емессің.

Назира, сен кімсің?
Жек көретін ата жау қастасым емессің,
Жете алмай жүрген қиял әлемім емессің.
Не менің химиядан берген ұстазым емессің,
Не сен менің әйелім емессің.

Маған бір көмектесуге себепкер емессің,
Мені сынап жүрген мыжыма емессің.
Не мен оқыған кейіпкер емессің,
Не анау Талғат ағаның қызы да емессің.

Маған жақын да, алыс та емессің,
Мен танитын жесір де емессің.
Жалпы, сен маѓан мүлде таныс та емессің,
Негізі, сен маған ешкім де емессің.

Вообще, неге сені жазып отырмын?
Әрі қарай

ҮШ МИНУТ

Блог - a87771683232: ҮШ МИНУТ

Жұмыртқаны қуырамыз үш минут,
Киім киіп, буынамыз үш минут.
Біз таңертең жуынамыз үш минут,
Біз кешке де жуынамыз үш минут.

Жарнамалар беріледі үш минут,
СМС-тер теріледі үш минут.
Темекілер оралады үш минут,
Темекілер шегіледі үш минут.

Қызғылт тартып күн шығады үш минут,
Өрмекшілер тор салады үш минут.
Әншілер де ән айтады үш минут,
Көрермендер қол соғады үш минут.

Туалетте іш аурудың қысаттығы,
Көшелерде тонаушылар бұзақтығы,
Отырыста бір тостының қысқалығы,
Бокстарда бір рауындтың ұзаќтығы,
Үш минут,
Үш минут,
Үш минут,
Үш минут.

Үш минутта оқылады жыр тегіс,
Үш минутта желінеді шыр жеміс.
Соның бәрін айтып-айтпай не керек,
Барлық жерде үш минуттық бір секс.
Әрі қарай