Жарияланымдар

"Керектен" үйренгендерім))))


Аса құрметті админ ағай мен Сатыбалды, Саммита мен АКҮ (ханым) һәм Гаста, Бекжан, Алдан, Марко, Нұрғиса мырзалардың рухына емес, құдай сақтасын, құрметіне арналады.
Неге деп бағжиып қарама, проста жұмыс орнымыз оң жағалаудан, сол жағалауға көшіп, арада біраз уақыт Интернетсіз қалдық. Сол себебі. Жаңа сөзден сөз шығып, Сатекеңнің «мамандық» туралы постынан кейін, «Ойпырай осы „Керекке“ келіп біраз нәрсе үйреніппін ғой» деп ойланып таң қалып емес қалдым.
Так содан, не үйрендім өзі құдай-ау. А, Сатекеңнің "Қойшы-әйінан" бастасақ. "Кет на...", «лібә», «Күчт ғуә», «ИМХО», «Ом манэ падме хум», «ОлАһи-буддахи», «амиго», «пахом», «сыболыш», «бензин шашу», «отқа май құю», «ептібайымайд», «мұрттыбайымайд», "қолтықтан кеттім", «боғреем», «мұңайған боқ», «тас», «исажар», «Буддажар», «херметті», «жұма күнгі бояндар», «көтіқарақты христиандар», «кажись», «рәсә», «бұтақты жеме», «пензес» деген сияқтылар өріп кете береді. Енді в данный момент есіме түсіп тұрғандары осы.
«Керекке» алғаш шәйник боп келіп, ақырында үйренгендерімссс ғой  
Енді маған әлі бағжиып қарап тұрсыз ба, бұны не мақсатта жазды деп. Жаңа айттым ғой, «Керектің» арыстан-асқабақбасты патшасы Сатыбалдының мамандық туралы жазбасынан кейін осы ой келді да проста. Сосын жаңадан келгендерге типі путеводитель болсын деген түрім ғой. (Мә, не деген жанашырлық десейші)
Ал, енді сіздер де кісіліктеріңе зияны тиіп кетпесе не үйренгендеріңізді айта отырсаңыздар деген өтініш бар. Хи-хи. (Тссс, депрессиядан өш алып, Монтидан смайлик ұрлаған түрім ғой)
Р.S. «Сатыбалдыһәмкерекомания ІІ стадия» деген диагнозым да бар. Тек нотариусқа барайын десем, далада аяз боп тұр да.
Әрі қарай

Адам не үшін мақтанады?


Расында, адам не үшін мақтанады?
1. Сенің ішіңді күйдіру үшін, қызғанып, өзін бишара, елдің қоры сезінгенін көріп рахат алу үшін бе?
2. Әдейі мақтанып, сенің реакцияңды біліп, мақтанып жатқан кезінде сені өзіңді қалай ұстайтыныңды қызықтағысы келу үшін бе немесе мені көре алмайды екен деп көзіңді жеткізіп алу үшін бе?
3. Мақтанбаса тұра алмайтын және сол мақтануына орай естігісі келетін сөздерді естімесе ауырып қалатын ауру болғандығы үшін бе?
4. Өзінің артықшылығын сезіну үшін, жеткен жетістігін, мал-дүниесін өзгемен салыстырмалы түрде қарастырып, көңілін жайландыру үшін бе?
5. Реті келсе, мақтанып жатқан елмен бірге қоса мақтанып, өзінің де «ниче» екенін еске алу үшін бе әлде. Сосын ешкім ештеңе сұрамаса да өзін өзі мақтап, қандай қымбат киім алғанын, қандай атақты адамдармен кездескенін, қай елге барғанын, қандай заты барын айтатындарға құсқым келеді.
Мен де бір кісідей мақтанамын. Айтамын, ішім босап, жеңілдеп қалам. Тіпті, қуаныштан жүзімнің алаулап кететінін қайтерсің. Соған қарағанда, мақтану адамға жақсы энергия беретін позитиві мол бірнәрсе болса керек. Бірақ, мақтанған кезде мүмкіндігінше біреудің іштей жәбірленіп қалмауына, психологиялық тұрғыдан оның реніші мен наласын арқаламай айтуға тырысады екем. Сонда бұл да ауру ма?
Әрі қарай

Нәуірзек, тырна, қарлығаш


Атам мен апам да, басқалар да Қарлығашты ең жақсы құс деп айтты. Бізге солай сіңірді. Содан ба біз оған ерекше ыстық ықыласпен қарадық, тиіспедік. Әсіресе, көктемде нәуірзек, тырна сосын қарлығаштың келетінін асыға күтіп жүретінмін. Осы үшеуін өзге құстарға қарағанда ерекше жақсы көрдім, бір мен емес ауылдағы барлық балалар жақсы көретін.
Әрі қарай

Әйелдің бес еркегі болу керек


Жаңа ғана агенттен бір досым жіберіпті. Орысша нұсқасын қазақшаға аударып салдым.

Әйелде бес еркек болу керек екен, олар: гинеколог, досы, көңілдесі, күйеуі және бастығы.

Гинекологқа бәрін айта беру керек және бәрін көрсету керек.
Досыңа бәрін айту керек, бірақ ештеңе көрсетпеу керек.
Көңілдесіңе бәрін көрсет, бірақ ештеңе айтпа.
Күйеуіңе бәрін айтпа және бәрін көрсетпе.
Ал бастығыңа бұйрық бергеніне қарай…
Әрі қарай

"Полицей ит"


Теледидардан «Комиссар Рекс» атты австриялық детектив сериалды бәріміз көрдік. Онда Рекс полицейлерге неше түрлі қылмыскерлерді ұстауға, қылмысты ашуға, адамдарды құтқаруға көмектесетн.
Жақында Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Б.Майкеевтің тапсырмасымен елорданың жеті мектебіне «Бұл – біздің әскер» атты патриоттық іс-шара өткізілген болатын. Содан №4 мектепке Ақмола өңірлік гарнизонының жасағында қызмет ететін иісшіл ит келді. Иттің егесі аға лейтенант Бауыржан Мұқышев. Әскери полицейлерге бұл ит есірткі мен жарылғыш заттарды табу үшін қажет.
Бауыржаннан ит туралы қысқаша сұрадым. Аты «Зингер», үш жаста, неміс овчаркасы. Әскери жасақта 8 жыл қызмет етеді екен. Өздерінің арнайы тамақтары бар, әскерилердің мысалы өзінің паегі болса, бұлар да №25-ші нормамен тамақтанады. Алматыдағы кедендік бақылау комитетінің кинологиялық орталығында үш ай арнайы білім курсынан өткен. 8 жыл қызметін жақсы атқарса, ары қарай да жұмысын жалғастыратын көрінеді. Ал, негізі иттің 8 жылдан кейін иіс сезу қабілеті нашарлай бастайды.
«Зингер» есірткі, насыбай сияқты заттар пайдаланатын әскери қызметшілерді табуға көмектеседі. Былтыр 2 желтоқсанда өткен ОБСЕ саммитінде қонақ үйге жайғастырылған шетелдік қонақтардың сөмкесін тексеруге көмектесіпті. Одан басқа, талай іс-шаралардың «гүліне» айналған «Зингерді» мектеп оқушылары ортаға алып, қызық көріп суретке түсіп жатты. Айтпақшы, «Әскери қызметі біткен соң, бұл итті не істейсіздер?» десем, «Жарнама арқылы итке жақсы қарайтын адамдарға асырауға береміз», — деді.
Уикипедия дерегі: Кинология (грек. kynos – ит және logos – ілім) – ит өсіру туралы ғылым. Кинология ит анатомиясы мен физиологиясын, үй иті тұқымының шығу тегі мен эволюциясын, оларды өсіру, қолға үйрету, қоректендіру, шаруашылыққа пайдалану мәселелерін зерттейді; қысқасы Ит өсіру.
Әрі қарай

Мәжіліс депутатының өтемақысы 600 мың


Санайғақ: “Мәжіліс тарады. 119 депутат жұмыссыздар қатарын толықтырды. Экс-депутаттар ай сайын үш ай бойы жұмыссыз ретінде мемлекеттен 600 мың теңге өтемақы алып отырады. 3 айда 119 депутатқа бюджеттен 214 млн. 200 мың теңге жұмсалады екен”,

— деп аймандай қып жазып қойыпты “Абай.кз” сайтының маңдайшасына.

Бұны көргендер “Білә, бұл ақшаны мен пәлен ай істеп жүріп әрең алсам, бұлар бір-ақ айда алады екен ғой. Өтемақысының өзі 600 мың. Бәсе, жұрттың неге депутат болғысы келеді десем ақшасы көп екен…” деп неше түрлі негатив ойларға кетуі мүмкін. Кетіп жатқан да шығар уже. Бұл бұл ма, оларға пәлен айлықтың үстіне қосымша қызметтік пәтер, көлік беріледі. Олар осы ақша мен баспанаға лайық елдіктің бүгінін де, ертеңін де көркейтіп жіберетін әділ заңдар шығарып, қазақтың мұң-мұқтажын қорғап, ләкин халқын шырылдатпайтын әділ заңдар шығара алды ма? “Судың да сұрауы бар” демекші, кейде осыншама қыруар қаржының қайда не мақсатта жұмсалғанын Құдай о дүниеде депутаттардың бәрін алдына тізіп қойып сұраса не дер екен? “Мен ана “Тіл туралы” заңға өзгеріс енгізуге атсалысу үшін микрофоннан бір рет сөйледім, мынанша депутаттық сауал жолдадым демекші ме? Я сайлаушыларыммен кездесіп, қап-қап уәде беріп келдім, арыз-тілек, талаптарыңды жоғары жаққа қалайда жеткізем деп айттым” демек пе? Болмаса тірісінде жасаған сауапты істерін санамалаумен әбігерге түсер ме екен? Жә, қойшы, депутат осы дүниедегі қылған ісіне құдай алдында өзі жауап береді ғой, оған сіз бен біздің не басымызды ауыртқанымыз бар?

Біз ше? Уа, жамағат тұрғындар, біз не дейміз құдекеңе? Біздің де айлығымыз 600 мың болса не істер едік? Шүкіршілік етіп күн көрер алар ма екенбіз, жоқ көп ақшаның буымен есіріп кетер ме екенбіз? Жоқ әлде “бұл сұрақты қойып басты қатырма, халықтың айлығы ешуақытта 600 мыңға жетпейді, армандамай-ақ та қой. Одан да тып-тыныш өміріңді сүре берсейші” дегіңіз кеп, монитордың ар шетінде маған жыныңыз кеп тұр ма?

Жарайды, нервіңізге тимей-ақ қояйын, онсыз да позитившіл пенде болуға бәріміз ұмтылып жүр емеспіз бе? Лайым солай болсын.

24.11. 2011 жыл. Сағат:14:55
Әрі қарай

Елбасы туралы тұңғыш спектакль


24 қараша бейсенбі 19.00-де «Бейбітшілік және келісім» сарайында Елбасы туралы «Терең тамырлар» /аллегориялық драма/ атты спектакль болады. «Авторы: Е.Жуасбек, Реж: Н.Жұманиязов.
Бұл спектакльді алғаш Астана қаласының тойы күні 2 шілдеде К.Байсейітова ат. опера балет театрында көрсеткен болатын. Ести салысымен барып көруге бел будым. Ішімнен „Тағы да сол, жағымпаздық па? Біріншіден Астана күні, екіншіден Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, үшіншіден 6 шілде Елбасының туған күні. Осылайша орайын тауып жағынбай-ақ қойса болады ғой. Құдай біледі, спектакльде Елбасының образын артық қыламыз деп, тыртық қылып алмаса болғаны“ деген оймен барғаным рас. Бірақ, қойылым мен ойлағандай болып шықпады. Шыны керек, аллегория жеке көрермен ретінде өз басыма ұнады. Ешқандай жағымпаздықтың, ешқандай лыпыл мен „туфли жалайтын“ көріністердің салқыны жоқ. Бұл енді менің жеке пікірім. Елбасының ролін „Келін“, „Сардар“ фильмінде ойнайтын актер Қуандық Қыстақбаев сомдаған. Бұл ролді алғаш Досхан Жолжақсыновқа ұсынған екен. Ол кісі че-то бас тартыпты. Толығырақ Your text to link... осы жерден оқуларыңызға болады. Айтпақшы, бұл қойылымды Елбасының өзі де барып көреді-міс. Сосын билет құны 600 теңге.
Әрі қарай

Билл Гейтс алтын балықты ұстап алса...


Александр Сергеевич Пушкиннің «Балықшы мен балық туралы» ертегісін бәріміз оқып өстік. Сол ертегідегі балықшы кемпіріне алтын балықты ұстап алып, қоя бергенін айтады. Кемпірі жынданып «Еш болмаса бүтін корыто сұрамайсың ба?» деп ұрсады. Сол корытодан бастаған кемпірдің әуселесі кейіннен патша болуға дейін барып, айналадағысын танымай кетеді. Шалқайғаны соншалық, балықтың өзіне әмірімді жүргізем деген кезде, балықтың да төзімі таусылып, бұрынғы сүмірейген кедей қалпына қайтадан әкеліп қояды. О баста кемпірдің корыто сұрағанынан-ақ, оның түк көрмеген надан екендігін аңғарасың. Ал «түк көрмегендер» иен байлыққа қол жеткізсе де, сол баяғы түк көрмеген қасиеті өзгермейтіндігін және басқа да нәрсе айтқысы келген Пушкин атамыздың мысалы мен ақылы әдебиет шедеврінің қатарына кірді.
Енді бір сәт фантазияға ерік беріп көрсек, сол алтын балықты сіз ұстап алсаңыз не сұрар едіңіз? Әрине, өміріңізде неге қол жеткізе алмай жүрсіз, соны дереу сұрап үлгерер едіңіз. Мысалы, үй, көлік, қызмет, бизнес-жоба, шетелге саяхат, жағажай, бағалы бұйымдар, тағысын тағы.
Ал енді осы балықты онсыз да шіріген байлар ұстап алса не сұрар екен? Мәселен, яхтада қыдырып жүрген Билл Гейтс осындай балықты ұстап алса не сұрайды деп ойлайсыз? Ол әрине кедейшіліктен зардап шегіп жүрмегені белгілі. Дереу сенсация жасау үшін прессаны шақырар ма екен әлде ғаламның мен білмейтін құпия сырын ашып бер деп сұрар ма екен? Әлде ешкімге дабыра қылмай алтын балықты Американың құпия зерттеу лабороториясына атып ұра ма екен? Ең қызығы, осы балықты біздің байлар мен шенеуніктер ұстап алса ше? Не сұрар екен?
Сіз «Ал өзің не сұрар едің?» дегіңіз келіп тұр ма?
Мм, мен кәдімгі сол өмір сүруге не қажет, соны сұрайтынымды жасырмаймын. Енді, алтын балық келіп тұрса, бәрін орындап берем деп тұрса, неге сұрамасқа?!
Әрі қарай

Енді істемеймін...

«Керектегі» жұрттың бәрі "Ұнайды, ұнамайды" эстафетасынан кейін, «Ең, ең»-ге көшті. Мен керісінше өмірімде «Енді осылай жасамаспын» деген нәрсеге пост жазуды ұйғардым.
Студент кезімде рожки мен вермишельді күн сайын жегенім соншалық, оқу бітіргеннен кейін екі жыл вермишель мен рожки жемеспін деп жыларман боп өзіме уәде бергем. Соны орындадым сөзімде тұрып.
Екі жылдан кейін...
Бір күні түсте обедке үйге келдім. Газдың үстінде тұрған қазанды ашып қарасам мама рожки қуырып кетіпті. Екі жыл бойы жемегенім есіме түсіп, әлгі тамақты соғып алдым. Бір қызығы, рожкиді сағынып қалыппын. Мамам да ондай тамақты сирек жасайтын.
Сосын газет жинайтын әдетім бар. Оны да енді істемеймін деп, 2010 жылы жинаған газеттерімнің бәрін мусорға тастап кеттім.
Сосын бастыққа сөз қайтарып, ойымда не тұр, соны лақ еткізіп айтып салып ылғи таяқ жеп жүремін. Соны енді істемеспін деп жүремін… Бірақ кейде бастықтардың кейбір қылығына шыдамай кетіп айтып қоя жаздаймын да… Қазір типа бастыққа сөз қайтармай үндемей құтылуға үйреніп жүрмін.
«Мой мирде» жыныма тиетіндерді «енді сенімен сөйлеспеспін» деп игнорға жөнелтем.
Компьютерімде кейбір материалдарды «ескі, керек емес» деп корзинаға, корзинадан мәңгі бақиға өшіріп тастамауды үйреніп жүрмін. Қанша материалымды өзім өшіріп тастап, соның кейін керек болғанын көріп, «енді өшірмеспін» деп шештім. Сосын біреуге қарыз беріп алып, енді саған бермеспін деп жүретінім. Әлгіден ақшаңды сұрауға өзің ұяласың, бере қояйын деген ол да табылмайды. Кейбірі үзіп-жұлып қайтарады, кейбірі сол күйі лақтырып кететінін қайтерсің… Кейде әлгі қарыз алып күйдіретін адамға тағы да қарыз беретін кездерім болған. Қазір енді солай істемеуге тырысып жүрмін. Сосын «енді косметика сатып алмаспын» дегенді де үйреніп жүрмін. Ол да бір ақшаның жұты. Сосын кока-кола ішуді мүлде доғардым. Бұл мен үшін үлкен бір жетістік болды.
Әрі қарай