Өсетін ON ба, өшетін ON ба?

on.kz сайтының ашылғанына қанша уақыт болғанын нақты білмеймін, бірақ қазіргідей нәтижесі осы уақытқа дейін жұмсалған қаржы мен еңбектің ақталмағандығының айқын көрінісі деп санаймын.
Басқа сайттарға қарағанда көптеген техникалық мүмкіндіктері қарастырылған on.kz-дегі тұрақты қолданышулардың саны мыңға да жетпейтін сияқты. Жарнамалау мен түрлі қолдаулардың барлық түріне жету мүмкіндігі бар (газет, радио, телеарна, порталдар) ресурстың мына күйі қарын аштырады.



Қай газетті оқымыңыз, қай арнаны қарамаңыз, авторлық құқық мәселе жайлы сөз қозғалса, келеді де сол белгілі бір композиторлар мен әншілерден сұхбат алып, сөздерін жариялап, қысқаша ойларын біліп қоя салады. Олар (журиктер) үшін авторлық құқық деген тек ән мен өлеңге ғана жүретін заң секілді. Қазір XXI ғасыр. Бұл ғасыр Интернеттің ғасыры. Соған қарамастан, әлі де болса кеңестік жүйенің жұрнағы ретінде жұмыс жасап келе жатқан көптеген отандық БАҚ Интернеттегі өмірді, ондағы тіршілік пен талас-тартысты ішінара болмаса, толықтай мойындамай келеді. Осының салдарынан Интернетте авторлардың басты мәселелері, мақала ұрлығы, халыққа жетпей жатыр.
"ҚР Авторлық және сабақтас құқықтар туралы" Заңына алдағы уақытта өзгерістер мен толықтырулар енгелі жатыр. Себебі еліміздегі ең көне, ескі, «не в тему» заңдардың көш басшысы осы АжСҚТ заңы болып тұр. Ол заңда Интернет, Интернет-ресурс, блог, электронды басылым (БАҚ) немесе онлайн-газет-журнал деген сөздер жоқ. Сөз болмағаннан соң түсіндірмесінің болмайтыны да түсінікті болар.