Алмания, орысшалап айтсақ, Германия. Фашистер, Гитлер, жауыздық, соғыс… сөздерімен астарласып жатушы еді осы бір ел, мектеп оқып жүрген кезде. Алманияға барсақ, немістер ұстап алып, екінші дүниежүзілік соғыста кеткен кектерін қайтаратындай елестейтін еді Франция ұнай ма, Германия ұнай ма? деген сауалға білмесек те, көрмесек те Франция дейтінбіз бәріміз. Немістердің елі сол күнге дейін фашистер мекендейтін елдей елестейтін.
КХДР-ды уысында ұстаған көсем Ким Чен Ир дүниеден өтіпті.
Ким Чен Ир туралы
Ким Чен Ир 1941 немесе 1942 жылы 16 ақпанда туылған. 1994 жылдан бері біз Солтүстік Клрея дейтін, өздері Корей Халық Демократиялық Республикасы дейтін кішкентай елдің көсемі болып келді. Атың шықпасы ядролық бомба жаса дегендей, бұл тұлғаның аты ядролық жаппай қырып-жою бомбасына қатысты дауда жиі аталды.
Елдегі ата-аналардың басым бөлігінің жұмыс істеп тапқан жалақыларының көптігі соншалықты, олардың балаларының жұмыс істемей-ақ шалқып өмір сүрулеріне болады екен. «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» дегенге салсақ, сіздіңше, халықтың басым бөлігі бала-шағасымен қосыла «тойып секіре» ала ма?
Жаңаөзенде кінәлісі бар, кінәсізі бар, әйтеуір ондаған адам қырылды. Ресми дерек 14 адам өлді дейді. Оған сенім жоқ. Ешқандай үкімет өзінің қатысы бар оқиғадағы өлім мен жаралылар санын тура айтпайды. Бұл әлемнің демократиялы деген елдерінде де барынша жасырып-жабуға тырысатын әрекеттердің бірі емес пе?! Бірақ ол жақта үкіметтің арты ашылып қалады. Журналистер мен тәуелсіз сарапшылар тіміскілеп жүріп таппайтынды тауып алады. Ал бізде басқаша.
Куәгерлерге сілтеме жасаған оппозициялық және шетелдік БАҚ 50-70 адамның өлгенін айтып жатыр. Оларға да сенім жоқ. Қанша адамның өлгенін сіз бен біз біле алмайтын да шығармыз. Ақпарат майданында соғыс қызып тұр. Сенімнен жұрдай болған арналар мен газеттерге, мейлі ол мемлекеттік немесе оппозициялық болсын, ел сене бермейді.
Тараздағы теракты кезінде қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа осыдан бірнеше күн бұрын «Халық қаһарманы» атағының берілгенін білетін боларсыздар. Артында қалған туған-туыстары мен отбасындағыларға демеу болар.
Халықтың қаһарманын қаһарман деп санай бермейтіндер бар екенін былтыр Тоқтар Әубәкіровты өзінің есімі берілген көшеден қуғанда көрдік.
«Халық қаһарманы» атағын анау-мынау адамдардың еріккеннен ала бермейтіні бар. Өткенде президентті осы атаққа ұсынды. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы ол ұсынысты қолдамады. Айтайын дегенім, елбасының ол атаққа лайық немесе лайықты емес дегенде емес.
Сүйінші!!!
Жаңадан қазақ тілді портал ашылды (орысшасы да аралас). Ресми ақпаратта тек қазақша делініпті.
Порталда форум, блогтардан басқа мына айдарлардағы мақалалаларды оқуға болады: Техно, Мәдениет, Бастаңғы, Әлемтану, Спорт, Авто, Білім.
Қазақы ұры журналист дегеніміз Интернет-ресурстардағы тұщымды деген контентті жымқырып, оның авторы мен құқықтық ережелеріне пысқырмастан газеттерінде (кейде "Қазақстан" арнасында) жариялайтын, сүтқоректілер класына жататын саналы тіршілік иелері. Ондай ұры журналистермен айтысып-тартысып жүріп, төмендегіше сипаттамаларды беріп отырмын. Сонымен, орташа есеппен ұры журналистер қандай?
олардың басым бөлігі Шымкенттің тұрғындары;
газеттері екінші немесе үшінші сортты газеттер тобына жатады;
газет шығаруды табысы көп болмаса да күнкөріс құралы етіп алған;
Интернет сайттарды материал ұрлау нысанына айналдырып алған;
Интернеттен ұрлауға тұратын нәрсенің бәрін ұрлайды: мақала, әзіл, сурет, өсек,
Бес башпай бірдей емес,
Журналистердің барлығы ұры емес.
Байқасам, Керекинфодағы сурет, мақала, әңгіме, қысқасы, ұрланбаған нәрсе қалмапты. Ұры журналистер осы мақаланы оқып отырғанына сенімдімін. Бірақ мұны ұрламайды олар. Журналист болып, қолына қаламыңның атасына нәлетін ұстап, көп қаламақы мен газеттің көп данасын өткізуден дәмелі арамтамақтар мен сауаты жоқ, басындағы ми қыртыстары терең емес адамдар «Браузерге қуат берсін!» деп қойып Интернет сайттарға жорыққа шығады. Бұрын Уордпрестегі блогтар ашылып тұрғанда оңай олжаға кенеле кететін ұры журиктер енді күз келгенде жейтін шөп таппай маңырап қалатын малдарша Керекинфо мен басқа да «тірі» сайттарға тарпа бас салды. Аш малдың көзіне түскен шөпті жей беретіні сияқты ұры журналистер де көзге түскен дүниені копипасттап алады… Болды, ұяты бар ұрыларға жетер осы сөз де.