Жарияланымдар

АНАЖАН

АНАЖАН әні

1. Жылуын жүрегінің аямаған
Сенсің ғой маған пана аяулы анам
Жайқалған жапырағы бәйтеректің
Балаңмын көлеңкеңді саялаған

Қ-сы: Тербетіп мені қостың ән-күйіңе
Аялап көкірегіңнің сәнді үніңе
Әлемнің бар асылы балаң үшін
Жетер ме жалғыз сенің әлдиіңе.

2. Мен сенің құлыныңмын жетелеген
Құлдырап қайта тартсаң кете берем
Анажан ақ сүтіңді өтемесем
Қайда да балаң саған еркелеген
Әрі қарай

Стразмен жасалған сурет

Менің бір апам сондай ісмер адам болған екен: қолынан келмейтін нәрсе болмапты. Бүкіл ауылды киіндірген дейді, ол кісі мен 1 жаста болғанда қайтыс болған.Өзім көрмесем де, ол кісі тоқыған алаша, басқан сырмақ, макрамэлерді, ескі суреттерден ол кісінің тіккен киімдерін көрдім.
Әрі қарай

Менімен 1 күні туған досымның тойы)))

1991 жылдың 13 Наурызы… Екі жүкті әйелдер бір уақытта роддомға түседі, бір уақытта босанып, дүниеге 2 қыз әкеледі. Олар: менің мамам мен Гаухар апай, сол күнгі жас нәрестелер: Мен және Айсұлу.
Әрі қарай

Халықтық Спорт ойындары

Біздің облыста 9 Дәстүрлі халықтық спорт ойындары басталды
Маусымның 13-нен 17-не дейінгі аралықта Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына халықтық спорт және «Сәулетай» балалар ойындарынан 15-ші дәстүрлі жарыстар басталды. Күштілер, батылдар мен ептілер бақ сынасуда.
Әрі қарай

ДОСТАРҒА

Менің жерлестерім шығарған әнді сіздерге ұсынғым келеді.Музыкасын жазған Көшеров деген ағамыз Күршім ауданына тұрып,қызмет еткен. Қайтыс болған. Жақында папамның ең жақын досының мерейтойы, сол тойда осы әнді біздің жанұя айтатын болды. Папам маған да
Әрі қарай

CЫНАУҒА МА ,СЫНАҚҚА МА БАРДЫМ....

Бүгін жергілікті Қазақстан-Өскемен каналына пробаға бардым.Бара салысымен визажист отырғызып қойып, бояды. Шашымды жинап тастады. Мен бірден +5 жасқа үлкейдім)Сосын жазатын залға кіріп, отырғасын,қызық басталды. Электрондық суфлер бар екен, мен очки
Әрі қарай