Басында айтқандай, тойда барлық салт-дәстүрлер орындалды. Бірінші рет қыз жолдас болып, бірінші рет мұндай „дүниелерді„ көрдім. Ұзақ уақыт шокта жүрдім, қуаныштан әрине. Дегенмен ырзааааааамын!
Кыз ұзату тойы керемет болды! Ата-баба салты толық орындалды деуге де болады. Ең әсерлісі Заринаның сыңсуы. Мен құрбымды неге екені белгісіз, тұрмысқа қимаймын. Ылғи да қасымда жүргеннен бе екен? Бірақ „Есболының„ бақытты қылатынына сенемін. Бақытты болшы, Зако.
Керек инфодағыларға өтінішім бар. Қиын болмаса жауап берулеріңізді сұраймын!!! Жұмыста қасымда отыратын, егде жастағы адам сағат сайын далаға шығып темекі тартып келеді. Өте жаман, сасық. Осыны ескертудің сыпайы бір жолын айтыңыздаршы. Менің мұрным мен өкпемнің атынан алдын-ала РАХМЕТ!
Әркімнің пікірі өзіне ғана құнды ғой. Бірақ сол қандастарыңыздың шектен шығатын кездері де болады. Жүз пайыз тілді сақтады дегендерімен де келіспеймін. Жерімді қызғанып жатқаным жоқ. Соларға берген үйді неге жас отбасыларға бермейді? Қазақтың санын табиғи жолмен көбейту керек шығар.
Құттықтаймын сізді! Осыдан 1,5 ай бұрын мен де мұғалімдікті тастап кеткенмін. Менікі жастарға тәжірибең жоқ деп „тірелудің„ әңгімесі. „Мұғалім болып туғандар„ жұмыс істесін деп кетіп қалдым. Бірақ, мұғалім болудан мүлдем бас тартқан жоқпын. Приколы сол, магистратура оқып жатырмын сол бағытта. Тек қана алға, мұғалімдер!
жігіт жолдастың бұдан да „артық„ фотолары бар. )))майысып-сайысып түскен)))
Әдемі әлем, осындай нәрсе жазып тұрыңызшы.)))